Қызметкерлері вакцина салдырмаған кәсіпкерлерге қандай жаза қолданылады

Компанияларды тексеру 15 шілдеден кейін басталады.  

Қызметкерлері вакцина салдырмаған кәсіпкерлерге қандай жаза қолданылады

Қазақстанда қызмет көрсету саласының қызметкерлері, сондай-ақ 20-дан аса адам жұмыс істейтін ұжымдардың қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 15 шілдеге дейін, ал екінші компонентін 15 тамызға дейін алуға міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Егер қызметкерлер осы уақытқа дейін екпе салдырмаса қандай жаза қолданылады? 

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл сауалға ресми түсініктеме берді. 

Айтуынша шағын, орта және ірі кәсіпорындарда вакцина алмаған жұмысшыларға айыппұл салынбайды.  

Вакцина алмаған қызметкерлерге жұмыс істеуге рұқсат берген кәсіпкерлерге келетін болсақ, оларға ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабы (3-тармағы) бойынша айыппұл салынады. 

"Осы Кодекстің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары шығарған заңды талаптарды немесе бұйрықтарды, ұсыныстарды орындамау немесе тиісінше орындамау, айыппұл салуға салуға себеп болады деп атап өтілген. Жеке тұлғалар үшін - 5 АЕК мөлшерінде (14 585 теңге), лауазымды тұлғаларға - 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 100 АЕК (291 700 теңге) мөлшерінде, орташа кәсіпкерлік субъектілері - 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 500 АЕК (1 458 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады", – деді спикер. 

Сондай-ақ, жаза кәсіпкерлерлік нысандардың қызметін тоқтатуға дейін қатаңдатылуы мүмкін.

 Ал егер жеке кәсіпкер тек өзі ғана жұмыс істесе, оны қалай жазалайды: мысалы, шаштараз. Нәтижесінде, Денсаулық сақтау министрлігі оларды микро-кәсіпкерлікке теңестіріп, жеке тұлға ретінде - 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады деген шешім шығарды.

Жаппай тексеру қашан басталады?

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мониторинг екі кезең бойынша жүргізіледі. 

"15 шілдеден кейін вакцинаның бірінші компоненті бойынша рейдтік тексерулер басталады, ал 15 тамыздан кейін екі компонентті толық вакцинациялау үшін жаппай тексеру басталады", – деді Ержан Байтанаев.

Тексерісті мониторингтік топтар жүргізеді 

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша бұл ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін қабылданған шара. 

"Біз коронавирус дертінің өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қала әкімдігі, медициналық қауымдастық, санитарлық қызметтер жағдайды тұрақтандыру үшін барлын салуда. Қауіптің алдын алу үшін  қала тұрғындарына вакцина қажет. Бұл – вирустан қорғанудың және оған қарсы тұрудың жалғыз жолы", – деді Жандарбек Бекшин. 

Енді жаңа қаулыға сәйкес елдегі барлық кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерін вакциналауға міндетті. 

Бұл ретте Жандарбек Бекшин 15 шілдеден кейін мониторинг топтар Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес тексеріс жүргізуді бастайтынын ескертті. 

Еске сала кетсек, 1 ақпан мен 2 шілде аралығында Алматыда 487 736 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 15 292 адам екпе салдырды. 60 жастан жоғары вакцина алғандар саны 81 202 адамды құрайды. 

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. Құрамында 1 257 адам бар 304 екпе бригадасы жұмыс жасауда.

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу