Медицина мекемелерінде дыбыс пен бейне жазба жүргізуге қойылған шектеу алынды

2013

Бұл туралы ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Медицина мекемелерінде дыбыс пен бейне жазба жүргізуге қойылған шектеу алынды

Бас санитар дәрігердің №38 қаулысында медицина мекемелерінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынатыны айтылған болатын. Нақты айтсақ, "Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын", - деп жазылған болатын

Жаңа қаулыда "Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын", - деп жазылған. 

Сондай-ақ COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді. 

Инфекция жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі қаулымен бірге берілген 35-қосымшада жазылған. Науқаспен жақын байланыста болғандарды анықтау шарттары мынадай:
– COVID-19 жұқтырған науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
– COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
–  Қорғаныш маскасын пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден жақын қашықтықта болған адам;
– COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған қорғаныш маскасыз не қорғаныш маскасын қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
– ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, пойызда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері. 

Құжатта жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс екені жазылған. 

Қаулыдағы нұсқау бойынша, науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты мынадай шаралар қабылдау керек:

1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы)  нақтылайды, 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы)  нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа шұғыл хабарлама береді.

3) Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. 

Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.  

Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

Ал COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адам қолхат тапсырады. Аталмыш қолхаттың мазмұнымен мына сілтемеден танысуға болады: 

Жасын Қалибек


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу