Мемлекеттік органдардың өзі де талаптардың толық тізімін білмейді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2208

Бизнес бақылау-қадағалау функцияларының үштен екісін қысқартудан үмітті.

Мемлекеттік органдардың өзі де талаптардың толық тізімін білмейді

ҚР парламент мәжілісінде "Нұр Отан" партиясы фракциясының жиналысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселесінің ағымдық түйткілдері мен болашағы туралы айтылды.

"Мемлекет басшысы айтып өткендей, егер бизнес мықты болса, мемлекет те, халықтың әл-ауқаты да мықты болады, сондықтан экономикалық өсім белгілі бір ортақ шараларды қажет етеді. Бұл жолда кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ерекше орынды иеленіп отыр", – деді жиналыстың ашылуында ҚР парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Палата спикері елдің алдында күрделі міндет тұрғанын атап өтті, ол – 2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 50%-ға жеткізу.

"Міндет ауқымды, міндет стратегиялық және оны заңнамалық та, атқарушы билік те және, әрине, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы да кешенді түрде орындауы керек, бұл міндетті орындауда палатаға ерекше рөл және ерекше орын берілген... Бүгінде ол (КҰП – автордың ескертп.) Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі тиімді диалогтық, сарапшылық алаң ретінде қалыптасты және қазіргі кездегі президент артқан  міндет – жайлы бизнес-орта қалыптастыруда жұмысты жалғастыру", – деді Нұрлан Нығматулин.

Шенеунік артықшылық бергісі де, өзіне артықшылық берілгенін де қалайды

Шенеуніктер кейде бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдауды  жеке мақсаттары үшін пайдаланып жататынын баса айтты ол.

"Бізде мемлекеттік реттеу кей кездері жағымсыз құбылыстарға әкеп соғатыны құпия емес. Өкінішке қарай, бізде бойкүйез шенеуніктер бизнеске көрсетілетін қолдауды жеке басының мақсаты үшін пайдаланып жататын кездері болады. Белгілі бір фирмаларға жеңілдіктер немесе артықшылықтар беретін жағдайлар бар, бұл жемқорлықтың тікелей көрінісі болып табылады. Әрине, мемлекеттік қолдау отандық өндірісті дамытуға жәрдемдеседі және бұл бағытта біраз қадам жасалды, ол жергілікті өнімнің үлесін арттырады. Жасырудың қажеті жоқ, бұл іс жүзінде импорттың орнын басу бағдарламасы болып табылады", – деді ол.

"Бірақ осындай араласудың салдарынан бізде жылыжай жағдайында, мемлекеттік тапсырыс жағдайында өмір сүре алатын, осындай қолдау көрсетілмесе болашақта бәсекеге қабілеттілігін тез жоғалтатын бизнес пайда болуы мүмкін.  Мұны да естен шығармау керек, себебі Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп үлгерді және өз тауарларымыз бен қызметтерімізді өткізу олардың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Сондықтан, біздің ойымызша, бизнеске тікелей қолдау көрсетудің орнына, күш біріктіріп оны дамыту үшін жайлы жағдай жасауымыз керек. Бізге күш біріктіріп мемлекет пен бизнес арасында шынайы серіктестік қарым-қатынас орнату қажет, сонда мемлекеттік қолдау нәтижелі, ал бизнес бәсекеге қабілетті болады. Ең дұрыс схема осы, осыған қарай ұмтылу керек", – деді Нұрлан Нығматулин.

Парламент пен КҰП ынтымақтастығының маңызды бағыты қылмыстық заңнаманы, әсіресе экономикалық қылмыстарға қатысты ізгілендіру болып табылады.

"Мемлекет басшысы кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жазалау шараларын төмендету және аса ауыр емес экономикалық құрамды қылмыстарды ізгілендіру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға тапсырма берді. Бірқатар шара қабылданды, оның ішінде заңнамалық шаралар да бар, бірақ бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуға тиіс", – деді спикер.

Келтірілген залалдың мөлшерінен едәуір жоғары айыппұл төлету  тәжірибесі шетелде де қолданылатынын  еске салды ол.

"Бұл ізгі, бұл экономикалық тұрғыдан орынды және ең бастысы – бұл жұмыс істейді", – деді Нұрлан Нығматулин.

Мемлекеттік органдар талаптардың тізімін өздері де толық білмейді
"Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төралқасы төрағасы Тимур Құлыбаев бүгінгі күні КҰП мемлекет басшысының "Атамекеннің"  алдына қойған бизнес пен үкімет арасында байланысты орнату міндетін іске асырып жатқанын айтты.

Ол КҰП-та тіркелген 126 қауымдастық жұмыс істейтінін еске салып өтті.

КҰП басшысы бизнестің көптеген мәселесі құрылыс, сәулет, салықтық әкімшілдендіру және сатып алуларға байланысты екеніне тоқталды.

"Бүгін "Нұр Отан" фракциясымен өзараәрекет ету бойынша келісімге қол қойып, 20 басым жобаларды нақтыладық – бұл 20 басым мәселе. Олар өте маңызды. Оның ішінде салықтық әкімшілендіруге және бизнестің жұмысын реттейтін басқа салаға қатысты жүйелі сұрақтар, салалық мәселелер бар", – деген Тимур Құлыбаев, бұл бизнесте туындаған мәселелерге парламентті тартуды қамтамасыз етуі мүмкін екендігін айтты. 

Бизнес құқығын қорғау мәселесіндегі жүйелі сұрақтарды анықтау мен шешу үшін  КҰП бас прокуратурамен бірігіп жиналыс өткізді.

"Бас прокуратура жұмысты қолына алды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемемен де жұмыс жасап жатырмыз, бірақ біздің мақсатымыз жемқорларды ұстау емес. Біздің міндетіміз – қай жерде жемқорлық мәселесі туындайтынын біліп, ұсыныс жасау. Оның ішінде жемқорлық мәселесі туындайтын жерлерді қысқарту үшін заң жобасына да ұсыныс жасау керек. Сіздердің қолдауларыңызбен "Рұқсат беру туралы" заң қабылданғанын білеміз, біз рұқсат беру мен лицензиялауды үш есе, 1200-ден 450-ге дейін қысқарттық, яғни заң жүзінде бекіттік. Енді қандай да бір жаңа рұқсат беру жасағысы келген кез келген шенеунік қоғамдық тыңдалымның, парламенттің сүзгісінен өтеді. Яғни біз жақсы тосқауыл қойдық деп ойлаймын, – деді ол. – Дәл осы тәжірибені бақылау-қадағалау функцияларын сараптау барысында да қолданғымыз келеді. Бүгін 60 мекеменің 28 мың бақылау-қадағалау  функциясын атқаратынын көрдік. Заң бөлімдері бар ірі компаниялар осыншалықты көп бақылау және қадағалау міндетінің жағдайын қарап отыру мүмкіндігі бар шығар. Ал шағын және орта бизнестің бұған жағдайы жоқ, сонымен бірге талаптардың осыншалықты санын  адамның  есінде сақтауы да мүмкін емес. Менің ойымша, мелекеттік органдар  барлық тізімді өздері де толық білмейтін сияқты"

Тексеру нәтижесінде, мысалы, санэпидемстанса тексерісі талаптары 80%-ға қысқарды

"Бақылау-қадағалау функиялары бойынша да жартысын қысқартамыз деп ойлаймын. Одан кейін әкімшілдендіру мәселесі қалады. Шенеунік екі-үш функциямен де кез келген кәсіпкердің жағдайын қиындата алады, сондықтан қалған функциядарды да қалай әкімшілдендіруге болатынын қарастырамыз", – деді Тимур Құлыбаев.

Ол заңнамадағы өзгертулер көбінесе бақылау-қадағалау функциясын жүргізетін мемлекеттік органдарлың бастамасымен өзгертіліп жатқанын да айтып кетті.

Заң адал кәсіпкерлерді қолдау керек

"Адал кәсіпкерлерді қолдайтын заңды жасауымыз керек. Біздегі кәсіпкерлерге қатысты көп нормалар жазалау сипатында, сондықтан адал кәсіпкерлерді қолдау үшін парламентпен бірлесіп жұмыс істейміз", – деді Тимур Құлыбаев. 

Қазіргі таңда КҰП-қа шамамен 22 мың кәсіпорын мүшелік жарна төлеу керек.

"Бұл 22 мың кәсіпорын бір елде, олардың салықты уақытылы төлеуін салық органымен бақылайтын боламыз. Ақпараттық технологиялардың дамуымен, бухгалтерия және барлық негізгі функциялар қазір автоматтандырылған, сондықтан оларды біріктіруге болады. Соңғы бірнеше жылда бұл жұмысты да жүргізе алатын боламыз деп ойлаймын", – деді Тимур Құлыбаев. 

"Атамекеннің" мүшелерінің 55%-ы үш жыл бойы жарна төлеп келеді, яғни олар "Атамекеннің" жұмыс қолдайтындарын көрсетіп отыр. Осыған қарап, басқарманың жұмысы дұрыс, сондықтан оны кәсіпкерлердің көбісі қолдайды деп есептейміз. Міндетті мүше болуды талқылаған кезде жарна төлемегендерге ешқандай жазалау шара қолданбаймыз. Тек сервистік қызметтерді ұсынатынымызды айтамыз. Көмекетесеміз, осының нәтижесінде ешкім ешқайда ақшасын шашпайды, әсіресе, кәсіпкер. Бұл біздің басқарма жұмысының нәтижесі", – деді ол.

Жылына 100 млн теңгеден төмен айналымы бар барлық жеке кәсіпорын, шағын кәсіпорын КҰП-қа жарна төлемейді. Ал бизнесті қолдаудың көптеген бағдарламалары шағын кәсіпкерлікке бағытталған.   

Бизнеске қатысты ескертулердің 70%-ы қабылданды

"Үш жыл ішінде 12 мың заң жобасын және заңға енгізілген өзгертулерді қарастырдық. Оның ішіндегі бизнеске қатысты ескертулердің 70%-ы оң шешімін тапты, яғни үкіметпен арада жақсы қарым-қатынас, өзара түсіністік бар екенін айта аламын", – деді ол.

Енді осындай жұмысты үкімет, парламент және бизнес арасында жасау ұсынылып отыр.

"Мысалға, азық-түлік бойынша. Өздеріңіз білесіз, жазалау шараларының салдарынан Ресей азық-түлік қауіпсіздігімен айналысты. Олар бұл мәселені шешті. 1990 жылдары Қазақстан Ресей Федерациясына бидай жеткізгенін білеміз, ал бүгінгі күні Ресейдің өзі бізден екі есеге артық астықты экспортқа шығарып отыр. Биыл олар экспортқа 30 млн тонна шығарады. Яғни оларды қолдау күшті, ауылда керемет табыс жоқ. Оларда қаржыландыратын арнайы институттар бар: Россельхозбанк және ресейлік тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын өзге құралдар жұмыс істейді. Олар қазір өз өнімін шетел асыратын болды, бізде олармен дәл сол қыта нарығында бәсекеге түсе аламыз", – деп түйіндеді Тимур Құлыбаев

"Бәйтерек" "Самұрықты" қаржыландырады

Оның айтуынша, үкімет бизнеске ұзақмерзімге арналған бюджеттік, тарифтік, салық саясаты бойынша, ал Ұлттық банк ақша-несие саясаты бойынша өз түйінін беруге тиіс.

"Бүгінде біздің бизнеске жағдай жасауға бағыттаған бар күшіміз қымбат несие, бизнесті қаржыландырудың қолжетімсіздігі секілді мәселелерге тап болуда. Мемлекет басшысы да өз жолдауында Орталық банкке тапсырма берді. Орталық банк елдің экономикалық өсіміне де жауапты деген болатын. Бұл нені білдіреді? Бұл кеңінен қаржыландырусыз, инвестициясыз экономикалық өсім болмайды деген сөз. Бүгінгі таңда бизнес үшін қолбайлау болып отырған нағыз мәселе осы. Бізде даму институттары, "Бәйтерек" бар, мемлекеттік ірі холдингтер бар, алайда олардың қатары аз", – деді Құлыбаев мырза.

"Осындай қиындықтарды өткерген жобаларды алып қарасақ, шындап келгенде олар өздерін-өздері қаржыландырғандар. Ешқандай тәуекел болмас үшін "Бәйтерек" "Самұрықты" қаржыландырады – ертеңгісін солар жауап береді деген секілді. Қаржыландыруға әзір отырған коммерциялық банктер бар. Ол үшін дұрыс, түсінікті ақша-несие саясаты қажет. Біз Орталық банкпен сөйлесіп жатырмыз, олармен арада түсіністік бар", – деп айтып өтті ол.

Қорландыру мәселесінде Тимур Құлыбаев қолда бар ақша ресурстарын ескерген жөн дейді.

"Айталық, зейнетақы ресурстары. Барлық елдерде зейнетақы ресурстары – қор нарықтары, басқа да тетіктер арқылы ұзақмерзімдік инвестициялар көзі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру жөнінде шешім қабылдаған кезде мұндай жүйе құрудағы факторлардың бірі ретінде кеңейтілген ұдайы өндіріске, инвестицияға арналған ресурс болады деп көзделген. Ал қазіргі көрінісі қандай? Зейнетақы жинақтарын басқару жөнінде заңнаманы бұзған басқарушы компаниялармен арада мәселе болғаны жасырын емес. Сондай деректер болды, дегенмен бұл жайт қадағалаудың нашар болғанын білдірсе керек, яғни Ұлттық банк қадағалаушы болып тұрған кезінде басқарушы компаниялармен жұмыс жүргізуге тиіс еді", – деді ол.

"Барлығын (зейнетақы активтерін – автор.ескертп) БЖЗҚ-ға жинап алды. Коммерциялық банктер басқара алмайтындығына негіз бар болды. Барлығын БЖЗҚ-ға жинады. Сол ақшаны БЖЗҚ қайда орналастырды? Мемлекеттік қарыз бен коммерциялық банктердің депозиттері секілді екі-ақ құралға орналастырылды, яғни, кімнен алса, соған қайтадан басқаруға берді. Тек бұл жолы ұзын ақшалардың орнына депозиттерге, қысқамерзімдік қаржыландыруға берілді", – деп атап өтті Құлыбаев мырза.

Әйткенмен жағымды жағы да бар. Нақты айтсақ, бизнес бағам жасаудың не екенін ұқты.

"Қазір біз Ресей Федерациясымен шекарада үлкен көлемде тауар айналымы барын көріп жүрміз, әсіресе шекаралас аудандарда ресей рублінің әсері зор. Осының бәрін кәсіпкерлеріміз ескеретін болды. Біздің елімізде қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі инфляциядан жоғары. Инфляциямен күресу үшін импортты алмастырумен, ең алдымен, азық-түлік, көпшілік қолды тауар шығаруды қолға алу қажет", – деді КҰП төралқа төрағасы.

Алайда Қазақстанда аталған өнімдердің өндірісін дамыту үшін ұзын қаржыландыру қажет.

"Мысалы, азық-түлік бойынша. Ресей санкцияларға байланысты азық-түлік қауіпсіздігін мықтап қолға алғанын білесіздер. Олар қазір ол мәселені шешті. 90-жылдары Қазақстан Ресей Федерациясына астық жеткізгенін баршаға белгілі, ал Ресей қазір Қазақстан өндіретіннен екі есе көп экспорттайды. Биыл олар экспортқа 30 млн тонна шығаратын болады. Яғни оларда капиталдық қолдау бар. Оларда қаржыландыратын Росселльхозбанк секілді арнайы институттар жұмыс істейді. Бүгінде ресейлік тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасап отырған басқа да тетіктер баршылық. Олар бүгінде өз өнімдерін шетелге шығара бастады, олармен қытай нарығында бәсекелесуге тура келеді, өйткені олар да біз секілді астық және басқаларын жеткізуде", – деп түйді сөзін Тимур Құлыбаев.

Жанболат Мамышев, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу