Сонымен бірге, қазақ тіліне қатысты жоғары көрсеткіштер сақталуда.
Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2020 жылы 91%-ға дейін, ал 2021 жылы 92% дейін жеткізуге уәде етеді.
Рас, тілді білетін қазақстандықтардың үлесі келесі жылы өтетін жалпыұлттық халық санағы нәтижесінде емес, "әлеуметтік-коммуникативтік функцияны қолдану арқылы тұрғындар арасында жүргізілетін жалпы сауалнама" нәтижесінде анықталмақ.
Ел үкіметі "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" бюджеттік бағдарламасына бөлінетін бюджет қаржысының үлкен бөлігін орыс және ағылшын тілдерін қолдауға да шығындайды.
Тиісінше, бұл бағытта да нақты нәтижеге қол жеткізу міндеті қойылған: Қазақстандағы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгерген азаматтардың үлесін биылғы 2019 жылғы 25%-дан 2020 жылы 30%-ға дейін, ал 2021 жылы 35% дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Салыстыра кетсек, қазақ тілін білетіндер қатарының өсуіне қарағанда, бөтен екі тілді қатар меңгеретіндер саны 1 пайыздап емес, 5 пайыздап өспек.
Бюджет қаражаты есебінен барлық мемлекеттік органдардағы құжат айналым көлемі ішіндегі мемлекеттік тiлдегі құжат айналымы үлесін 2020 жылы 95%-ға дейін, 2021 жылы 96%-ға дейін арттыру көзделуде.
Айта кету керек, 2019 жылы қазақ тіліндегі іс-жүргізу ауқымы 94%-ға жетеді деп күтілуде.
Жалпы, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға былтырғы жылы миллиардқа жуық қаражат – 973 млн 621 мың теңге бағытталыпты.
Осы жылы бұл көлем 40 млрд-қа – 933 млн 674 мың теңгеге дейін кемітіледі. 2020 жылы одан әрі құлдырап, 743 млн 105 мың, 2021 жылы – 773 млн 513 мың теңге ғана бөлу жоспарланған.
Ал 2022 жылы ол сома мүлдем азайтылып, небәрі 591 млн 590 мың теңге ғана беріледі деп болжанып отыр.
Осы миллиондарды министрлік мына шараларға шығын етеді:
Бақыт Көмекбайұлы