Мемлекеттің сыртқы қарызына қызмет көрсетуге арналған шығыстар 7%-ға төмендейді

22652

Алайда жалпы сыртқы қарыз міндеттемелеріне қатысты шығындар 10%-ға өсетініне жаңартылған төлем кестесі дәлел болып отыр.

Мемлекеттің сыртқы қарызына қызмет көрсетуге арналған шығыстар 7%-ға төмендейді

Елдің сыртқы қарызына қызмет көрсету былтырғы жылдың IV тоқсанында және 2019 жылы шамамен 10%-ға немесе жалпы 3 млрд долларға өсіп, 31,16 млрд долларға дейін жетеді. Бұған Ұлттық банктің жариялаған 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жаңартылған төлем кестесі дәлел болады.

Былтырғы жылдың IV тоқсанында сыртқы қарыз бойынша төлем шамамен 819 млн-ға, 8,76 млрд долларға дейін өскен. Өзгеріске қарап отырып, негізгі өсімді фирмааралық борыш ( 742 млн доллар, оның пайызы 92 млн) құрағанын көруге болады. 2019 жылдың қосымша шығыстары (2,15 млрд доллар) толығымен жылдың III тоқсанына түсіп тұр және ол шілде мен қыркүйекте алдағы жоспармен салыстырғанда жоқ дегенде үш есе өсетін экономиканың басқа секторлары кәсіпорындарының қарыздарын (2 млрд долларға жуық) төлеумен байланысты.

Осы арада 2018 жылдың III тоқсанында мұндай сыртқы міндеттемелердің басым бөлігі жаңа қарыз алу немесе мерзімін созу есебінен қайта қаржыландырылғанына төлем кестесі мен төлем балансының статистикасы куә. Қызмет көрсетуге қатысты шығыстардың басым бөлігі (54% немесе 12,1 млрд доллар) биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында жабылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар төлем жасаудың ең қауырт кезеңі I және II тоқсандарға түсіп тұр. Осы уақытта тиісінше 6,04 млрд және 6,09 млрд доллар төлеу керек болады.

Дегенмен мемлекеттік сыртқы қарызға қызмет көрсету биылғы жылы 7%-ға немесе 390 млн долларға төмендеп, 5,3 млрд долларға дейін азаяды. Төмендеу "Банктер" секторы бойынша жүріп жатыр. Мемлекеттік қарыз бойынша төлемнің басты бөлігі (3,5 млрд доллар) алғашқы жарты жылдықта төленетін болады, ал төлемнің ең қауырт кезеңі II тоқсан, ол кезде 1,9 млрд доллар төлем жасау керек.

2018 жылдың 1 қазанындағы кеңейтілген анықтауда мемлекеттің сыртқы қарызының мөлшері 35,45 млрд долларды құраған, оның 30%-ы яғни 10,6 млрд доллары үкіметке және 59%-ы 21,2 млрд доллары мемлекеттік банктерге тиесілі. Міндеттемелердің 55%-ы бекітілген мөлшерлемемен байланысты, ал 40%-ы кірістіліктің құбылмалық мөлшерлемесіне ие. Қалған қарыздар бойынша қарыз алу құны нөлге тең немесе ол туралы ақпар жоқ.

Еске салар болсақ, мұның алдында abctv.kz мемлекеттік қарыздың жиынтық мөлшері республикалық бюджеттің кірістілік бөлігінің 15% қызыл жолағындағы 12,5% дағдарыстық деңгейге жақындады деп хабарлаған болатын

Үкіметтің және квазимемлекеттік сектордың қарыз жүктемесіне қызмет көрсетуге арналған шығыстарының өсуі былтырғы жылдың күзінде қаржы министрлігі өкілдерінің сенаттың салалық комитеті мүшелерімен кездесуде басты тақырып болды. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында республикалық қазынаның шығыстар құрылымында қарыз шығыстары үшінші орынға шығып, мөлшері бойынша тек халықты әлеуметтік қолдау мен денсаулық сақтауға кеткен шығындардан кейін тұрды.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу