Министрлік өтініш иелерінің арызын назардан тыс қалдырмайды

5195

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарына қандай шара қолданылып жатқанын жариялады.  

Министрлік өтініш иелерінің арызын назардан тыс қалдырмайды

Комитет төрағасы кейбір жоғары оқу орындарында анықталған кемшіліктерді жіпке тізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазіргі кезде мемлекеттік бақылау кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Бірінші бағыт – профилактикалық бақылау. Осының негізінде жоғары оқу орнына қосымша 2 мүмкіндік беріледі. Мұнда жоғары оқу орындарының академиялық дербестігіне қарамастан білім саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу. Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша кемшілік анықталса, жоғары оқу орнына тағы бір рет мүмкіндік беріледі", – деді Гүлзат Көбенова екінші тексеріс жүргізілгеннен кейін талап бұзу анықталса, үшінші тексеріс жүргізілетінін нақтылады. 

"Үшінші тексерістен соң тиісті шешім қабылданады. Әкімшілік кодекске сәйкес, баппен шара қолданылады", – деді комитет төрағасы.

Сөз арасында ол жоспардан тыс тексеруді тілге тиек етті. 

"Министрлікке ата-аналардан, студенттерден, оқытушылардан өтініш келіп түсіп жатады. Министрлік нақты мәселеге қатысты тексеріс жүргізеді. Көбіне арыз жазатындар өздерінің мәліметтерін (аты-жөнін) көрсетпейді, яғни арыздан кейін өздеріне кесірі тиеді деп ойлайды. Министрлік өтініш иелерінің арызын назардан тыс қалдырмайды", – деді Гүлзат Көбенова.

Оның сөзінше, жоғары оқу орындарының кейбірінде тиісті жағдай жасалмаған. 

"Жоғарғы оқу орындарында оқытушысыз оқу үрдісі қалай жүргізіледі? Бұл мәселе сырттан шақыртылған оқытушылар арқылы шешілмейді. Олар басқа жерде жұмыс істейді де, жоғары оқу орнында қосымша сабақ береді. Мұндай жағдайда сапа туралы сөз қозғау мүмкін емес", – деді Гүлзат Көбенова. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу