Нақты жалақы төмендеп кетті

3361

Халық жинағанын шетінен жұмсай бастауда, ал мемлекеттік статистика комитеті болса елдегі жалақының өскенін айтып сендіріп бағуда.

Нақты жалақы төмендеп кетті

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі орташа номиналды жалақы 158,2 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық. Алайда нақты мәнде оның мөлшері шілде және тамыз айларында көтерілгеннен кейін былтырғы жылдың қыркүйегіне қарай 0,6%-ға төмендеген деп жазылған Ұлттық банктің экономикаға қысқаша шолуында.

"2018 жылдың II тоқсанында нақты жалақы (жылдық көрсеткіште) 2,2%-ға (жылдың басынан бері 1,8%-ға) өскен", – деп жазылған реттеуші жарияланымында. Дегенмен егер II тоқсанындағы ай сайынғы нақты жалақының қарқынына қарайтын болсақ, онда былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәуір маусым аралығында ол кері аймақта болғанын көруге болады. Жарияланымнан бұл алшықтықтың себебін түсіну мүмкін емес. 

"2018 жылдың II тоқсанында салалар бойынша алып қарайтын болсақ, нақты жалақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде (15,7%-ға), құрылыста (8,4%-ға), кен өндіруде (6,5%-ға) және өңдеуші өнеркәсіпте (4,6%-ға) өскені тіркелген. Ал денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде (4,5%-ға), жылжымайтын мүлікпен операцияларда (5,2%-ға), басқа да қызметтерді ұсынуда (9,2%-ға) төмендегенін көруге болады", – деп айтылған ай сайынғы есепте.

Қазақстандықтардың жинағы үш ай бойғы өсімнің артынша төмендеген. Қыркүйек айында жеке тұлғалардың салымдары 2%-ға немесе 155,5 млрд теңгеге, 8,36 трлн теңгеге дейін қысқарған. Банктердің депозиттік қорландыру құрылымындағы жеке жинақтар үлесі 1 п.к., 47,4%-ке дейін  төмендеген. Бұл сегменттегі салымдардың долларсыздануы өсті, алайда азаматтардың теңгелік және шетелдік валютадағы салымдарының нақты көрсеткіші есептік айда азайған.

Банктердегі салымдарды алу шұғыл жеке депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ұлттық валютада  0,4 п.к., 10,8%-ға және шетелдік валютада 0,1 п.к., 1,7%-ға  айтарлықтай төмендеуімен ұштасты. Сондай-ақ бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге салынатын салымдар бойынша айтарлықтай, яғни теңгеде 0,8 п.к.,10,7%-ға дейін төмендеген.

Корпоративтік салымдар, керісінше, 1,3%-ға немесе 123,7 млрд теңгеге, 9,28 трлн теңгеге дейін өскен. Оған 7,2% немес 284,7 млрд, 4,23 трлн теңгеге дейін өскен шетелдік валютадағы депозиттерді валюталық қайта бағалау себеп болған.  Ал бизнестің теңгелік қауіпсіздігі 3%-ға (161 млрд-қа жуық), 9,25 трлн теңгеге өскен.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу