Қытай мен Ресей байланысы алғаш рет НАТО саммитінде қатаң сынға ұшырап отыр. Себебі Батыстың тыйымдары мен шектеулерінің кеңеюіне қарамастан, қытайлық жартылай өткізгіштер, станоктар және басқа да бөлшектер Ресейдің қару-жарақ өнеркәсібі үшін маңызды факторға айналып, Мәскеуге Украинадағы соғысты жалғастыруға жәрдемдесіп жатыр, дейді америкалық және еуропалық барлау агенттіктері мен қауіпсіздік сарапшылары.
Бірақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин екі ел арасындағы берік қарым-қатынас Америка үстемдігіне қарсы қорған екенін бірнеше рет ескертті.Және Сидің НАТО талаптарын оңай орындауы екіталай.
НАТО Қытай туралы не айтты?
Сәрсенбіде НАТО Қытайға қатысты ең қатаң мәлімдеме жасады. Онда Бейжің Ресейге құрамдас бөліктер мен қос мақсаттағы технологиялар экспортын шектемейтін болса, альянстың Қытайға қарсы іс-әрекеттері күшейтетіні ескертілген.
"НАТО-ның Қытайды ашық айыптауы - өте сирек кездесетін әрекет", - дейді Тайваньдағы үкімет қаржыландыратын Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздікті зерттеу институтының Қытай мен Ресей бойынша сарапшысы Лиу Шиау-шян.
Сонымен қатар, НАТО басшылары Бейжіңді Ресей соғысының "шешуші жәрдемшісі" деп атап, Қытайдың кибершпиондық және жалған ақпарат сияқты әрекеттерін "Еуроатлантикалық қауіпсіздікке жүйелі қауіп" деп сипаттады.
Қытай мен Ресей қаншалықты жақын?
Си мырза мен Путин АҚШ пен оның одақтастарының қысымы мен оқшаулауына қарсы тұру жолындағы пікірлес лидерлер саналады. Си 2012 жылы билікке келгелі, Путинмен 40-тан астам рет кездескен екен.
2022 жылдың басында, РФ армиясы Украинаға басып кіруіне бірнеше апта қалғанда, екі президент өз елдерінің серіктестігін "шексіз" деп атады. Және де Бейжің Украинаға шабуылды айыптаудан, тіпті басқыншылық деп атаудан бас тартты.
Дегенмен, Қытайдың Ресейді қолдауы шексіз емес. Себебі Қытайға экономикалық өсім мен америкалық банктерге қолжетімділікті сақтау қажет. Осыдан барып, кейбір қытайлық компаниялар Ресейге қару-жарақтың тұтас жүйесін жіберуден аулақ болуға тырысады. Себебі батыс үкіметтерінің жазасы мен тыйымдарына ұрынуы мүмкін.
Қытай Ресейге не беріп, не алып жатыр?
Шетелдің арнайы қызметтердің, тергеушілердің және журналистердің дерегіне жүгінсек, қытайлық компаниялар Ресейге технология экспортын күшейткен. Сол технологиялар кейін ресейлік дрондарда, әскери ұшақтарда, зымырандарда қолданылып жатыр. Олардың қатарында жарық датчиктер, микрочиптер, станоктар бар.
Сарапшылардың ойынша, Беңжің Мәскеуге жиналған қару сатпаса да, қытайлық ноу-хау Ресей әскерін қолдау жолында өмірлік маңызы зор факторға айналған.
Киев Экономика мектебінің мен Ермак-Макфолдың Ресейге қарсы санкциялар жөніндегі халықаралық жұмыс тобының бір зерттеуіне қарағанда, Ресейдің соғыс техникасына қолданылатын "маңызды компоненттер" импортының 59 пайызы Қытайдан шыққан.
Блинкеннің мәлімдеуінше, Ресейдің станоктар импортының шамамен 70 пайызы және оның микроэлектроникасының 90 пайызы Қытайдан келеді.
"Бұл Ресейге қорғаныс-өнеркәсіптік базаны ұстап тұруға, әскери машинаны жүргізуге, соғысты жалғастыруға мүмкіндік берді", - дейді ол.
Берлиндегі Карнеги қорының Ресей және Еуразия орталығының директоры Александр Габуевтің ойынша, "Қытай да ресейлік инновацияларды иеленуге және олардың жасалу жолдарын үйренуге мүдделі".
Қытай НАТО-ның ескертуіне қалай жауап беруі мүмкін?
Вашингтон мен оның батыстық одақтастары Қытайдың Ресейсен саудасы Украинадағы соғысты қолдаумен тең деп айыптап келеді. Бейжің болса, мұн Кейбір сарапшылардың пікірінше, қытайлық компаниялар Ресеймен технологиялық саудасының бір бөлігінен әзірге доғарып, санкцияға ілікпеуге тырысуы мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімдік перспективада Қытайдың Путиннен теріс айналуы екіталай.
"Егер мен Си Цзиньпиннің орнында болсам, Путинді автобустың астына лақтырып жіберу туралы азғыруға көнбес едім. Си Ресейді маңызды стратегиялық ойыншы ретінде көреді", - дейді Қытай-Ресей қатынастарын зерттейтін Джон Хопкинс жоғары халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Сергей Радченко.