Несие алу талаптары өзгерді: Мәжіліс депутаттары бірқатар ұсыныс тастады

2971

Әзірге жаңа заң жобасына сәйкес, қоллекторларға қарыз алушылардың қарыздарын реттеу рәсімдерін жүргізуді міндеттеу ұсынылды.

Несие алу талаптары өзгерді: Мәжіліс депутаттары бірқатар ұсыныс тастады Фото: inbusiness.kz

Қазір коллекторларға 800 мың адамның несиесі берілген, оның ішінде 600 мыңы шағын қаржы ұйымдарына тиесілі, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мәжілісмен Мәди Тақиев әріптестеріне несие беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды.

"Заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар мынадай негізгі жеті бағытты қамтыды. Бірінші. Қарыз алушылардың кредиттері бойынша борыштардың өсуіне жол бермеу. Біріншіден, проблемалық қарыздары бар азаматтардың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін 90 күннен астам кредиттер бойынша мерзімі өткен кезде кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу ұсынылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, егер сіздің несиеңіз 90 күннен артық кешіктірілсе, онда сіз жаңа тұтынушылық несие ала алмайсыз! Алайда бұл тыйым жеке тұлғаның қарызын ұтымдырақ шарттармен өтеу мақсатында қайта банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды", - деді депутат.

Екіншіден, мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын адамдардың қарыздары бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу ұсынылады. Өйткені олар қарызын жақсы өмір сүргеннен қайтара алмай жүрген жоқ. 

"Үшіншіден, проблемалық кредиттерді реттеу рәсімдерін іске асыру. Соңғы жылдары банктер мен МҚҰ өз баланстарын тазарту үшін жеке тұлғалардың проблемалық несиелерін үлкен жеңілдікпен коллекторлық агенттіктерге беруді әдет қылып алған. Сондықтан мерзімі өткен берешекті реттеу кезінде қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуға шектеу енгізіледі. Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар), комиссиялар және өзге де төлемдер жойылмаған, проблемалық берешекті реттеу рәсімдері аяқталмаған және мерзімі өткен күннен бастап 24 ай өтпеген халықтың кредиттері шектеуге жатады", - деп атап өтті депутат.

Бүгінгі таңда коллекторлық агенттіктер жеке тұлғалардың қарыздарының едәуір көлемін сатып алды, олар бойынша қарыздың барлық сомасын қайта құрылымдаусыз өндіріп алу рәсімдерін жүргізеді, деп атап өтті ол. Жеке тұлғалардың сатып алған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу үшін коллекторлардың тікелей міндетін енгізу ұсынылады, деді Такиев.

Алайда мәжіліс депутаттары мұндай түзетуді жеткізіліксіз санап, бұған дейін құпталмаған халық несие берешектерін коллекторларға сатпау ұсынысын қайта қарастыруға тағы бір мәрте жіберетіндерін айтты.

"Төртіншіден. Маңызды бағыттардың бірі-тұтынушылық қарыз мөлшерін шектеу. Бүгінде банктер тұтынушылық кредиттер бойынша берешектің шекті деңгейі заң жүзінде белгіленбегендіктен, ірі сомаларға (ондаған миллион теңгеге дейін және одан да көп) және ұзақ мерзімге (10 жыл және одан да көп) тұтынушылық кредиттер беруді жүзеге асырып келеді. Нәтижесінде бүгінгі таңда банктер мен МҚҰ осындай кредиттері бойынша берешектің орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрайды. Осыған байланысты Тұтынушылық кредит ұғымын енгізу және одан әрі нормативтік деңгейде оның ең жоғары мәнін шектеу ұсынылады (банктер үшін – 5 млн теңге, МҚҰ үшін – 2 млн теңге)", - деп жалғастырды ол.

Бесіншіден, оның айтуынша, қосымша шектеу шарасы ретінде жаңа макропруденциалдық норматив – азаматтардың банктердің және МҚҰ кредиттері бойынша жиынтық берешегінің қарыз алушының табысына қатынасы енгізіледі.

"Яғни, енді банктер мен МҚҰ үшін кредит беру кезінде кредит бойынша ай сайынғы төлем қарыз алушының ресми табысының жартысынан аспауы талабын сақтау міндетті болады. Бұл шара кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді шектейді және несиелік міндеттемелермен "шамадан тыс жүктелген" қарыз алушыларға несие беруге мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары тұтынушылық кредиттеудің өсуі аясында азаматтардың, оның ішінде депутаттардың атына проблемалық берешек деңгейін төмендетуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер түсіп жатқанын байқаладық. Алайда, қазіргі уақытта банк омбудсманы тек ипотекалық несиелер бойынша дауларды қарастыруда. Осыған байланысты банк омбудсманының азаматтардың барлық кредиттері бойынша дауларды реттеу міндетін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ банктер, МҚҰ мен коллекторлар үшін банк омбудсманының шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі", - деп ұсынды Такиев.

Үшінші бағыт – атқарушылық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту. 2021 жылғы желтоқсанда тұрғын үй түріндегі кепілдің сот немесе соттан тыс іске асырылуы шеңберінде қарыз алушылардың құқықтарын құқықтық қорғауды күшейткен заңнамалық түзетулер қабылданды. 

Қарыз алушылардың мүдделерін қорғаудың қосымша шарасы ретінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылу беру маусымында жалғыз тұрғын үйден шығаруға тыйым салынады. Қазіргі уақытта мұндай тыйым халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты қолданылады. Кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу процесінде қарыз алушыларды қолдау үшін заң жобасында қарыз алушының банктік шотында сақталатын ақша сомасын ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір-екі еселенген мөлшеріне дейін (81,2 мың теңге) ұлғайту көзделеді.

Төртінші бағыт — азаматтардың кредиттер бойынша банкроттық рәсіміне қол жеткізуін жеңілдету. Наурыз айынан бастап жеке тұлғалардың банктердің, МҚҰ және басқа да кредиторлардың кредиттері бойынша соттан тыс банкроттықтың заңнамалық рәсімі енгізілді. 

"Қарыз алушыдан банкроттыққа өтініш беру үшін ағымдағы берешек және барлық кредиторлар, мерзімі өткен борышты реттеу, өз мүлкінің болмауы бойынша көптеген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну талап етіледі. Кем дегенде бір құжатты ұсынудағы қате бас тартуға негіз болып отыр. Нәтижесінде 62 мың өтініштің ішінде банкроттық рәсім тек 10 мыңнан азаматқа қатысты жүргізілді. Банкроттық рәсіміне жүгіну үшін артық әкімшілік кедергілерді жою мақсатында заң жобасында борышкердің мерзімі өткен берешекті реттегенін растайтын құжатты ұсынуы бойынша талап алынып тасталады", - деді Такиев. 

Қазақстанда лицензиядан айырылған және енді жұмыс істемейтін банктер бар. Бірақ оларда соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алатын борышкерлер қалды. Қолданыстағы норма борышкерлерге лицензиядан айырылған ұйымдар алдындағы борыштар бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға мүмкіндік бермейді, деп түсіндірді Такиев. Жаңа норма мұндай борышкерлердің құқықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді, деп есептейді ол.

"Бұдан басқа, заң жобасы міндетті реттеу және өндіріп алу рәсімін өткізу мерзімін 18 айдан 12 айға дейін қысқартуды көздейді. Түзетулермен лицензиясынан айырылған немесе тарату сатысындағы қаржы ұйымдары есебінен соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысатын кредиторлардың тізбесі кеңейтіледі. 

Бесінші бағыт — несие бойынша алаяқтық жағдайларын азайту. Қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыстар санының өсуі байқалады. Соңғы екі жылда банктерде 14,6 млрд теңге сомасына 7,8 мың жалған кредит ресімделді. Оның 6,5 мыңға жуығы немесе 82%-ы заңсыз кредиттер алаяқтардың ықпалымен банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресімделді", - деп наразылық білдірді депутат. 

Азаматтарды алаяқтардан қорғауды күшейту үшін заң жобасы азаматтардың несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығын енгізеді. Яғни, азаматтар тарапынан мұндай бас тарту болған жағдайда банктер мен МҚҰ несие бере алмайды, деп хабарлады ол. Егер несие берілсе, несие берушілердің несие алудан ерікті түрде бас тарту кезеңінде ресімделген азаматтардың несиелері бойынша берешекті есептен шығару міндеті белгіленеді, деп атап өтті ол.

"Ұсыныстардың алтыншы және жетінші блоктары Мемлекет басшысының банктердегі Стресстік активтер деңгейін төмендетуге және Бизнестің кредиттеуге қолжетімділігін кеңейтуге, оның ішінде бірлескен және синдикатталған Кредиттеу тетіктерін қолдану жолымен қатысты тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Осыған байланысты қаржы ұйымдарының стресстік активтерді мамандандырылған цифрлық платформалар арқылы өткізу міндетін енгізу, резидент емес банктерді қосу есебінен синдикатқа қатысушылар құрамын кеңейту жөніндегі нормалар ұсынылады", - деп түйіндеді мәжілісмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу