Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев қамауға алынды – ҰҚК

104

Сот санкциясымен жақында ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев қамауға алынды – ҰҚК Фото: ЖИ

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің редакциямызға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"12 қарашада аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталғанын  жазғанбыз. Сондай-ақ, Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті суретке түсіп қалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу