Жаңа бизнес арна демалыс күндерін есепке алғанда 24 сағат бойы, қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады, сондай-ақ тікелей трансляциялар жасауды жалғастырады. Арнада күніне 2 рет көрсетілетін ел және әлем жаңалықтарынан басқа Atameken Business-де "Бизнес тіл", "Сандар сөйлейді", "Экономикалық шолу", "Сүбелі сөз", "Әлемдік БАҚ дайджесі", "Табыс сыры", "Инфоколлаж", "Бір сөйлемде бір жаңалық", "Басты тақырып", "Арнайы репортаж", "Бизнес школа", "Инвестидея", "Қарапайым экономика", макроэкономикалық шолу және көптеген басқа бағдарламалар бар. Одан бөлек, арна "Афиша", "Рашев Show", "Бизнес Look" және "No comment" сияқты ойын-сауық бағдарламаларын көрсетеді.
Жуырдағы екі айдың ішінде телеарна "Деловой полдень", "Хобби бизнесменов" және "История успеха" атты 3 жаңа бағдарламаны іске қосуды, сараптау қорын, аймақтық тілшілер желісін және "Қазақстанда жасалған" бағдарламасының таралу аймағын кеңейтуді, сондай-ақ бағдарламалар сапасын жақсартуды жоспарлап отыр.
15 желтоқсанда Atameken Business арнасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "25 жыл: Бизнес және Экономика" жаңа арнайы мультимедиялық жобасының тұсауын кесуді жоспарлап отыр. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы экономикалық тұрғыдан қамтылады. Алғашқы ақша реформасы, алғашқы коммерциялық банктердің пайда болуы, ұлттық валютаның енгізілуі, зейнетақы реформалары, жекеменшік бизнестің аяққа тұруы, алғашқы шетел инвестициялары, Қазақстанда өз өндірісін ашқан алғашқы шетел инвесторлары осы бағдарламада сөз болады.
Өз жұмысын 23 мамырда онлайн-үлгіде бастаған abctv.kz интернет-телеарнасы бүгінгі күні қоғамдық маңызы бар іс-шараларды тікелей эфирде, әлеуметтік желілерде телетрансляция жасайтын Қазақстандағы жалғыз БАҚ. Оның Facebook-тегі жазылушыларының саны 9 461 адамға жетті, ал телебағдарламаларды қарайтындар саны 250 мың адамнан асады. Осы 5 ай ішіндегі нәтижелер қолданушылардың белсенділігі 261%-ға артқанын көрсетеді. Орта есеппен күніне 500 гигабайт трафик қаралады. 2016 жылдың қыркүйегінде айлық трафик 8 террабайтқа жетті.
Телеарнаның негізгі ерекшелігі – елдегі ең ірі іс-шаралардан тікелей трансляциялар жасау. Осы уақытқа дейін телеарна тікелей эфирде шамамен 10 шақты іс-шараны көрсетті, оның қатарында Астана экономикалық форумы, Астана халықаралық тау-кен металлургиялық форумы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы, ҚР "Атамекен" ҰКП съезі, ҚР "Атамекен" ҰКП іскер әйелдерінің конгресі, Ұлттық инвесторлар кеңесі, KADEX, Үкіметтің есептік кездесулері, "Атамекен" КҰП-ның Бас прокуратурамен бірлескен отырысы және Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық форумы бар.