Оңтүстіккореялық инвесторлар Жамбыл жобасын игеруге деген үміттерін жоғалтты

15709

Оңтүстік кореялық серіктестер жобадан шыққаннан кейін "ҚазМұнайГаз" Каспий теңізіндегі "Жамбыл" мұнай кешенін игеруді өздігінен жалғастыруды жоспарлап отыр. 

Оңтүстіккореялық инвесторлар Жамбыл жобасын игеруге деген үміттерін жоғалтты

Инвесторлар кетіп қалды
Қазақстандық бөліктегі Каспий қайраңынан "қара алтынды" іздеуге жеті жыл уақытымен, он милионндаған АҚШ долларын салған корейлік консорциум  KC Kazakh B.V. өздерінің үміттері мен күткен сенімдеріне қол жеткізбестен Қазақстаннан кетуде. Бұл осы жылдың сәуір айында болды.

Үш ай өткеннен кейін осы аптада "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Жамбыл участкісі бойынша көмірсутекті шикізатты  барлауды жүргізу шартындағы жер қойнауын пайдалану  құқығын KC Kazakh B.V. компаниясынан сатып алғысы келетін ниеті бар екендігі белгілі болды.

Мұндай өтініш республиканың антимонополиялық мекемесіне келіп түсті. Әңгіме аталған жо.бадағы 27%-дық үлесті сатып алу туралы болып отыр. Айтпақшы, KC Kazakh B.V. компаниясының артында оның "бас компаниясы" - Корей ұлттық мұнай-газ корпорациясы (KNOC) тұр.

Каспий теңіз тереңдігін игеруден тағы да бір инвестордың кетуіне ( кореялық компанияға дейін каспий қайраңынан норвегиялық Statoil компаниясы кеткен болатын-авт. қарастыруы) себеп бірнешеу.

Рет-ретімен баяндасақ

Шетелдік инвесторлардың біздің елге келуінің негізгі себебі қазақстандық жер қойнауы болып табылады. "Технологияға шикізатты айытбастау" - біздің экономикасы дамыған елдердің компаниясымен өзара қарым-қатынас жасауымыздың ең басты ұраны болды.

Қалай басталғаны есіңде бар ма..
Оңтүстік Кореядан кезекті инвесторлардың келуіне себеп Каспий теңізінің солтүстігіндегі Жамбыл мұнай кен орны болды. Осы ауданның участкісінде келешегі бар төрт мұнай-газ нысаны Солтүстік-Батыс (Жамбыл), Жетісу, Камеральды және Абылай хан құрылымымен орналасқан.    

Қазақстан үкіметі алдын ала геологиялық барлау нәтижелері бойынша өндірілетін қорлар 120 млн. астам деген болатын.  Жобаның күтілетін қорытынды табысы шамамен 30-35 млрд. долларды құрайды. 

Оңтүстік Корея мұнай шикізатын импорттауда әлем бойынша төртінші орында тұр, ал бұл қарқынды дамып жатқан экономика үшін қажет. Сол себепті, басқа елдерде жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру, сонымен қатар Қазақстанда да игеру, олар үшін ең басты негіз болды.

Мұнай-газ саласындағы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық бойынша келіссөздер процесінің басталуы деп "ҚазМұнайГаз" және Корейлік консорциум арасында Жамбыл участкісі бойынша хаттамаға қол қойылған 2004 жылды  айтуға болады.

2005 жылдың ақпан айында Астанада екі ел компаниялары арасында  Жамбыл участкісі бойынша қағидалар туралы келісімге қол қойылды. Ал 2008 жылдың мамырында Оңтүстік Корея премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында "ҚазМұнайГаз" және КС Kazakh B.V. арасында Жамбыл участкісі бойынша көмірсутекті шикізатқа барлау жүргізуге бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылды.

Корей ұлттық мұнай-газ корпорациясы басшылығы құжатқа қол қою салтанаты аяқталғаннан кейін, "бұл- Оңтүстік Кореяның Орталық Азиядағы мұнай және газ нарығына жасаған алғашқы қадамы болады" деп мәлімдеген болатын.

Кейінірек Жамбыл кен орны операторы болған "Жамбыл Петролеум" ЖШС құрылды. Бұл ЖШС-да жер қойнауын пайдалану құқығы былайша бөлінді: "ҚазМұнайГаз" АҚ (73%) және корейлік консорциум КС Kazakh B.V.  (27%).

Келісім талаптарының бірі - корейлік  KC Kazakh B.V. жоба бойынша "Барлау және бағалау" кезеңіндегі шығындарды 100% қаржыландыруға, сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" үлесін де қаржыландыруға міндеттеме алу болып табылады.

Оңтүстік корейлік серіктестер ең бір қолы ашық, көнбіс және сенгіш инвесторлар болды. Оңтүстік корейлік серіктестер сөздерінде тұрып өз міндеттерін толығымен орындады.

Тәуекелге бел буғанмен де...
Бізге Оңтүстік Кореялық инвестордардан жауап алу мүмкін болмады. Атыраудағы "Жамбыл Петролеум" ЖШС орналасқан кеңсеге кореялық тарап өкілдері мүлдем келмегендігі белгілі болды. Істің барлығы қазақстандық тарапқа деген толық сенім арқылы жүзеге асқан. ЖШС басшылығы Сеулге тек атқарылған жұмыстар туралы есептермен ғана барған.

Ал атқарылған жұмыстар да біршама болып шықты. abctv.kz сайтының дереккөздері мәліметтері бойынша оңтүстік кореялық серіктестер мұнайды табу үшін барлығын төлеген, атап айтсақ, "Каспиан Эксплорер" теңіз бұрғылау құрылғысы құрылысынан бастап, 2D форматты сеймологиялық барлаудың гравитациялық және магнитті барлауына дейінгінің барлығын қаржыландырған.

Барлық атқарылған жұмыстарды тізіп оқырмандарды жалықтырмай, келіспеушіліктің негізіне көшсек. Инвесторлардың келіспеушілігі бұрғылау барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қазақстандық үкіметтің айтқан мұнай қорын таппаған кезде басталады. Бұрғыланған ұңғымалар мұнайшылардың тілімен айтқанда "құрғақ" болып шыққан.

Ұңғымалар тек газдың барлығын көрсетті, алайда,оны өңдеу бойынша қажетті инфрақұрылымның болмағандығынан, бұл инвесторлардың коммерциялық қызығушылығын тудырмады. Біздің ақпарат дерегіміз бойынша жоба жағдайымен жақсы таныс болған,әзірге он миллиондаған долларды босқа құртқан оңтүстік кореялық серіктестер қазақстандық тарапқа олардың үлесін 27%-дан  40%-ға немесе 50%-ға арттыру туралы ұсыныс жасады.

"Олар тек осындай үлес болса ғана бұдан арғы жүретін геологиялық барлау кезеңін қаржыландыруға келісетіндіктерін білдірді, алайда олардың ұсынысы қабылданбады. Қазақстандық тарап мұндай  қадамға мұнайдың коммерциялық  табылуы болған жағдайда ғана баратындығын айтты. Бас тартуға заңды негіз - алғашқы кезеңде тараптар арасында  қол қойылған құжаттар болды",- деп атап көрсетті атын айтудан бас тартқан әңгімелесушіміз.

Дегенмен де оңтүстіккореялық серіктестер тәуекелге бел буғанмен де мұнайды таппады.

"Олардың неге кеткенін айту қиын. Егер сіз білетін болсаңыз, барлау мен өндіру- бұл күш-жігер  мен ақшаны қажет ететін өте технологиялық және ауыр іс шара. Мүмкін ақша біткен шығар",- деді, осы жылдың мамыр айында өткен Астана экономикалық форумы сыртында біздің өтінішіміз бойынша Жамбыл жобасынан кореялық серіктестердің шығуына түсініктеме берген "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасы төрағасының корпоротивтік орталық жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев.

Инвесторлар қайда?
Енді "ҚазМұнайГаз"  солтүстік каспийлік Жамбыл участкісіндегі  барлау жұмыстары бағдарламасын іске асыруды өздігінен жалғастыруы керек. Алайда, мұнай бағасының төмендеуі барысында геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, барлық әлем бойынша тоқтатылып тұр немесе азайтылған режимде жүргізілуде.

Ресми мәліметтер бойынша, тек 2014-2016 жылдың өзінде Жамбыл жобасы бойынша қаржылық міндеттеме 16 млрд. теңгеден ( 86,8 млн. доллар) арттыққа бағаланды, оның ішінде инвестициялар – 13,6 млрд. доллар ( 73,5 млн. доллар), оның ішінен барлауға 13,4 млрд. доллар ( 72,3 млн. доллар) жіберілуі керек болатын.

Егер бұдан бұрын мұның барлығын оңтүстіккореялық серіктестер 100% өздері көтерген болса, ал енді мұндай ақшаны қазір қайдан табуға болады? КС Kazakh B.V. компаниясының үлесін сатып алуға ниет білдірген "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Жамбылды барлауды игере алады ма? ҚМГ-ның бұдан да басқа Қашаған жобасы алдындағы күрделі міндеттері бар екені белгілі.  Әзірге бұл сұрақтарға жауап жоқ.

Кореялық инвесторлардың орнына басқа инвесторлар келеді ма? Біздің білуімізше, әзірге ешқандай шетелдік инвестор Жамбыл жобасына қызығушылық танытқан жоқ.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу