Олардың 4-еуі жүлдегерлер сапынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мадияр Данияров ақтық сында Шохрух Абдумаликовтен айласын асырса, 63,5 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы Руслан Абдуллаев Адхамжон Мухиддиновты жеңді.
Осылайша, екі этникалық қазақ Ташкентте өткен "Өзбекстан – 2025" чемпионатының жеңімпазы атанған.
Мұнымен қоса, тағы екі қазақ боксшысы (Мадияр Сайдрахимов 92 келіге дейін және Арман Маханов +92 келі) күміс жүлдеге ие болды.
Сайдрахимов финалда Тұрабек Хабибуллаевқа есе жіберсе, Маханов Джахонгир Зокировқа қарсылық көрсете алмады.
Бұған дейін Ташкенттегі ел біріншілігіне 15 қандасымыздың қатысып жатқанын хабарлаған едік.