Павлодарда көмірден тыңайтқыш өндіретін болады

16780

Жаңа жылдан бастап екібастұздық "Апатит" ЖШС кәсіпорны жылына он мың тонна көмірден жасалған тыңайтқыш шығаратын болады. 

Павлодарда көмірден тыңайтқыш өндіретін болады Фото: Марина Попова

Әзірге өндірісті- тәжірибелі құрылғы тесттік режимде “Майкөбелік” кен өндіру орнында жоғары күлдігі салдарынан жанармай ретінде қолданылмайтын тотыққан көмірден айына 40 тонна гуматтық типтегі тыңайтқыш шығаруда.

 Аталған өндіріс оны жасаушылардың пікірінше, бірнеше позициялар бойынша  бірегей болып табылады. "Ең алдымен, бұл импорталмастырушы. Қазақстанда мұндай өнім шығарылмайды.  Гуматтық типтегі тыңайтқыш бүгінгі күні Қазақстанда қолданылып жатқан тыңайтқыштардың тек   5-7%  ғана құрайды. Әзірге қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілер минералдық тыңайтқыштарды қолдануда. Егер бағасы туралы айтатын болсақ, қазіргі минералдық тыңайтқыштардың тоннасы 80-100 доллар тұрады, ал біздің өнім екі есе арзан.  Біздің қазіргі өндіріп жатқан шамалы өнімімізді Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірушілері алып жатыр.  Тек жоспарлап отырған көлемді игере бастаған уақытта ғана өнімді ішкі нарықта өткізуге жұмыс істейміз. Екінші, өнімнің экологиялығы. Сонымен қатар, өнім  құрамында ешқандай нитраттар жоқ  және топыраққа жақсы әсер етеді, аталған өндіріс Майкөбелік көмір тіліміндегі  қатаң шығындардың қысқаруына тікелей әсер етеді. Өндіру үшін жоғары күлді көмір қабаты негіз болады, ол кен орнын өндіруде тілімнің үйіндісіне кетеді",- дейді "Апатит" ЖШС үшін гумат өндіру бойынша жобаны жасаушы, "Азия Минерал Ресурс" ЖШС директоры.

 Бұл  жылына 10 мың тонналық жобалық қуатта жұмыс істесе, соншалықты өндірісте қолданылмайтын көмір де шығады деген сөз. Дайындау процесінде сілті қосылады. Бір тонна көмірге 15 литр химиялық зат қажет. "Сонымен қоса, біз мұнай өнеркәсібі үшін  мұнай ұңғымасы діңін бекіту үшін  қолданылатын көмір-сілті реагентін өндіруге дайынбыз. Ол, былайша айтқанда, майлау элементін жасай отырып оны цементтеп тастайды және оның негізін қорғайды. Қазір Қазақстан оны Татарстаннан  100-150 мың тонна көлемінде алып отыр. Жаңа құрылғыны қойғаннан кейін біз әзірге тек 10 мың тонна жасауға дайынбыз. Тұтынушыны өнімнің сапасымен және бағасымен тартатын боламыз. Уфалық өнім торф негізінде жасалады, ал бұл өнім бағасын қымбаттатады. Мысалға, бір тонна реагент алу үшін шамамен 3 тонна торф қажет. Ал бізде бір тонна реагентке, бір тонна көмір кетеді. Біз сонда логистика бойынша да ұтып тұрмыз. Біздің өнімді еліміздің батысында жұмыс істейтін мұнай компаниялары  қолданып көрді. Шарттар туралы айту үшін жаңа желіні іске қосу қажет",- дейді Сидоров мырза. 

 Жобаға 1,5 млн. доллар салынып та қойды. Жылына 10 мың тонна қуаты бар сұйық фракциялы гумат шығаратын екінші желіні іске қосу үшін 320 млн. теңге қажет. Бұл 2017 жылы іске асыруға жоспарланып отырған  кәсіпорын дамуының екінші кезеңі. "Қазір "Казкомерцбанктің" несиелік комитеті біздің  170 млн. теңге бөлу туралы өтінішімізді қарастырып жатыр. Қаражат арнайы құрылғыны жеткізу үшін қажет, оны бізге серіктестік туралы ұсыныс жасауға ниеттері бар саратовтық  "НИТИ-Тесар ғылыми-зерттеу технологиялық  интитуты " жасауда", - деп атап кетті Сидоров мырза. Жобаны жасаушы атап  көрсеткендей, екібастұздық компания  кез келген серіктестік қатынасты қабылдайды. "Бізде шикізат, технология және сұраныс  бар, өндірісті кеңейту үшін қаржыландыру жетіспейді. Жобаға Араб Әмірліктерінің  бір компаниясы қызығушылық танытты, бірақ олар offtake contract ұсынады, яғни олар салған инвестицияны қайтарып алғанға дейін  барлық дайын өнімге құқық алғысы келеді. Бұл бізге ұнамайды, серіктестіктің басқа жолын қарастырамыз. Жобалық қуатқа шыққанда инветицияны қайтарып алу мерзімі 18 айды құрайды",- деді Евгений Сидоров.

Яғни, бұл жаңа жоба бұрынғы тәсілді қайта жаңартып қолдану. 80-жылдардың басында КСРО- ның агроөнеркәсіптік кешені Екібастұзда гуминдік тыңайтқыштарды шығаратын зауыт салуды жоспарлаған. "Біз сол жылдардағы құжаттарды қарап,  Назарбаев Университетінен алынған ақпараттарды пайдаландық та, бірегей өндіріс түрін құрдық",-деді жоба жасаушы.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу