Петропавл ауыр машина жасау зауыты жаңа өнім шығармақшы

17753

Петропавл ауыр машина жасау зауыты "Кең спектр" дүркін атыс зымыран жүйесін ұсынды. 

Петропавл ауыр машина жасау зауыты жаңа өнім шығармақшы

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ KADEX-2016 қару-жарақ көрмесінде өздерінің жаңа әзірлемелерін ұсынды. Кәсіпорын осы әзірлемелерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс барысында шығаруға үміттеніп отыр, ал әзірге кәсіпорынмен шығарылатын өнімнің 90%-ы азаматтық секторға ұсынылған. Осы жайында abctv.kz порталына  "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ-тың бас директорының орынбасары Серік Есенов айтып берді.

-  Компания KADEX-2016 көрмесінде қандай өнімді ұсынды?

-  Біз "Кең спектр" дүркін атыс зымыран жүйесінің сұлбасын ұсындық. Бұл өнім бойынша нақты жұмыстар жүргізілген, ол –жетілдірілген жүйе. Біз әскери атысқа алдын ала  сынақ жүргіздік. Сынақ өте жақсы өтті. 70 км қашықтықта мақсаттан ауытқу бір метрді құрады.

Келешекте осы кешен бойынша әскери сынақтарды өткізу жоспарланып отыр, ол бойынша Қорғаныс министрлігі шешім қабылдауы қажет. Сонымен қатар, ЗОУ-232 зеңбірек қондырғысын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол бойынша да полигонда  құрылғыны  алдын ала сынақтан өткіздік. Сынақ барысында анықталған кемшіліктердің  барлығы жойылып, толықтырулар жүргізілді.

Қорғаныс министрлігіне баяндау –хат берілді. Қазір біз де шешімін күтіп отырмыз. Ол жерде осы зеңбірек қондырғыларының әскери сынағы өтуі керек.

Сонымен қатар, біз тағы да жаңа жоба - "Град" БМ 21 РСЗО жаңғыртуын ұсынамыз. Жылдың соңына қарай атыспен демонстрациялық көрсетілім жасау үшін биылғы жылы тәжірбиелі үлгі дайындауды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені қазір "Камаз" АҚ-тың "Рособоронэкспорт" Мотовилихинск зауыты қарастыруда. Жақында әр түрлі ұйымдастыру және техникалық сұрақтарды шешу бойынша кездесу болуы керек. Биылғы жылы тәжірбиелі үлгі мен демонстрациялық көрсетілімді дайындауға мүмкіндік аламыз деп ойлаймын. Ескірген "ЗИЛ" және "Урал" бензин шассиін толықтай "Камаз" дизельдік шассиіне ауыстырамыз. Сонымен қатар, қазіргі күні осы техниканың ең ескірген бөлігі болып тұрған артиллериялық бөлікке, қайыстарды ауыстыру, аппаратураны іске қосу жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл ресейлік өнім, бірақ оның қолданылғанына 30-40 жыл өткен. Бұл шассилерге қосалқы бөлшектер жоқ, сол себепті пайдалану шығыны өте үлкен, ал "Камаз" шассиі заманауи жаңа шасси. "Камаз" 5350 немесе 43118 шассиін қою жоспарланып отыр. Оған қоса, бұл шассилердің барлығы Қазақстанда шығарылады. Бұл шассилер әскерде көптеп қолданылады, сол себепті оларды пайдалану шығыны ескі шассилерге қарағанда арзан болады.

- Сынақ өткеннен кейін компания мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа шыға алады ма ?

- Иә. Сынақ өтуі керек. Бүгінгі күні бұл үлгі Ресейде қолға алынған, сондықтан олардың сериялық жаңғырту туралы шешім тез қабылдануы керек. 2017 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сериялық жаңғыртуға тапсырыс береді деп ойлаймыз. 

- Яғни, бұл машиналар кәсіпорындарыңызға жаңғыртуға кіреді ғой?

- Иә. Олардың көлемі әскерде өте көп. Олар біздің зауытқа жаңғыртуға берілетін болады. Қайыстарды айырбастау мен аппараттарды іске қосу нәтижесінде әскери машинаны қолданудың  тиімділігі  одан әрі арта түседі, себебі бұрылу жылдамдығы басқа болады және дәл тигізудің басқа да параметрлері пайда болады. Яғни, пайдалану сипаты  басқаша болады. 

- Дүркін атыс жүйесі жайында не айтуға болады...

- Дүркін атыс жүйесі - бұл ракеталық атыстың заманауи әмбебап жүйесі. Іске қосу контейнерлері ауыстырылатын болады, ал ол әр түрлі снарядттардың және ракеталардың іске қосылуын шығаруға мүмкіндік береді. Оның басымдығы да сонда болып тұр. Бір іске қосу қондырғысы "Град", "Ураган", "Смерч" дүркін атыс реактивті жүйесін алмастыратын болады, яғни, бұл әмбебап жүйе. Бұл қондырғыда атысты басқарудың заманауи жүйесі – байланыстың сандық жүйесі, спутникті навигациялар жүйесі, сонымен қатар навигацияның дербес жүйесі қолданылатын болады.  Әрбір жүйе өзінің координаттарын және координат мақсатын дербес анықтауға және іске қосуға мүмкіндік береді. Яғни, бұл өте заманауи жүйе. Қорғаныс министрлігі оларға қызығушылық танытуда. Ең бастысы, әзірге қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес қару-жарақты қабылдау механизмдері болуы керек.

- Бұл қанша уақытты алады?

- Шешім биылғы жылы жылдың соңына дейін қабылданады деп ойлаймын.  

- Яғни, келесі жылдан бастап қаруландыруға түседі ғой?

-Барлығы жақсы болса, түсуі мүмкін.

- Әңгіме Қорғаныс  министрлігінің ішкі нарығына шығару туралы ғана болып отыр ма?

-  Иә. Әзірге ішкі нарыққа ғана шығарылады,  әйтсе де бұл өнім экспортқа шығаруға бағытталған.

- Оған шетелдің қызығушылығы бар ма?

- Қызығушылық бар. Осыған ұқсас жүйелер кейбір елдердің қарулануында тұр, сол себепті көптеген елдер осындай қаруды алуға қызығушылық танытуда.

- "Стрела" жайында айта аласыз ба?

-  "Стрела-10" бойынша жаңғыртуды ұсынып отырмыз. Олар да біздің Қазақстан Қарулы күштерінде бар. Жаңғырту жұмысы нәтижесінде іске қосу үлгісі толықтай ауыстырылатын болады. Бүгінгі күні іске қосу үлгілері өндірістен шығып қалған  ракеталарды қолдануда. Ол ракеталардың саны аз қалды. Сондықтан оларды "Стрелец" іске қосу үлгісіне ауыстыруды және "Игла-С" ракеталарын іске қосуды өндіруді ұсынамыз. Осымен бірге, қашықтық алты километрге дейін созылады, мақсатқа қол жеткізу, мақсатты қолдау  автоматты түрде іске асады да, осы ЗРК-ның тәулік бойына жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Яғни, жылу визиялық оқпан, бақылаудың оптикалық жүйесі енгізіледі. Оптикалы-электронды станцияның кешені енгізіледі де, кейбір ішкі аппараттар өзгертіледі, яғни, кешенді жаңғырту ұсынылады. Қорғаныс министрлігінің қызығушылығы бар. Қазір шешімді күтіп отырмыз.

- Қазақстандық жылу визорларын қолданасыздар ма?

- Қазақстандық жылу визорларын қолдануға болады, бірақ ол жердегі оптикалы-электрондық станция ресейлік болатын шығар.

- Азаматтық өнімге қатысты не айтасыз. Бұрын оны "ҚазМұнайГаз" үшін жеткізетін едіңіздер ғой...

-  Иә, бізде азаматтық өнімнің түрі көп. Өндірісіміздің көлемі 90%-ы азаматтық өнімге жіберіледі. Бұл мұнай өндіру, мұнайды өңдеу, мұнай химия. Бұған жаңа бағыт энергетика қосылды. Қазір біз жылыту панелдерін жасаудамыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық, агро өнеркәсіптік сектор, "Қазақстан темір жолы" АҚ үшін қосалқы бөлшектер жабдықтарының үлкен номенклатурасын жасаймыз. Бізде азаматтық бағыт дамыған. Бізде үлкен конструкторлы- техникалық орталық бар. Біз жаңа өнімнің әзірлемесін өзіміз жасаймыз, өзіміздің өнімімізді жаңғыртамыз, жаңа нарықтарды игереміз. Қазіргі уақытта мұнай өнімі бойынша домкрат, гидравлика жасауда Ресейдің нарығына шығып, "Уралмаш" кәсіпорнына өнім жеткізудеміз. Олардағы домкраттар күрделі, сол себепті бізге тапсырыс жасайды. Бізде кеңес одағы кезінен гидравлика жасау бойынша үлкен тәжірбиеміз бар. Тәжікстанға күзет жүйесін жеткізуді іске асырудамыз, былтырғы жылы шығардық, биылғы жылы Тәжікстаннан тапсырыс күтіп отырмыз. Қырғызстан нарығына шыққымыз келеді. Кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Әрине, биылғы жылы кейбір қиындықтар болып тұр.

-  Биылғы жылы қанша өнім шығаруды жоспарлап отырсыздар? Экспорт қанша болмақ?

- Биылғы жылы шығарылатын өнімнің көлемі 5 миллиард теңгеден артық. Кәсіпорын қуаттылығы өнімді 10 миллиард теңгеге дейін шығаруға мүмкіндік береді. Экспортқа 0,5 млрд. теңгенің өнімін шығарамыз деп отырмыз. Оның жартысы шамамен ресейлік нарыққа шығады.

- Былтырғы жылы қандай цифрлар болып еді?

- Былтырғы жылы экспорт 150 млн. теңге, ал өндіріс 4,5 млрд. теңге шамасында болды.

- Әскери өнімнің үлесі қазіргі 10%-дан өсуі мүмкін ба?

- Иә, өсуі мүмкін, бірақ әзірге аз. Келешекте Ресей нарығына кіре аламыз, қазір мұнай өндіруші компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз, алайда олардағы бәсекелестік өте үлкен және қазір Ресейде қытайлық тауар көп. Қытай төлем мен баға бойынша үлкен артықшылықтар береді. Ал біздегі өндіріс шамалы қымбатырақ, әйтсе де біздің өніміміз қытайлық өнімнен жақсы. Біз кепілді де көбірек береміз және біздің өніміміздің қызмет көрсету мерзімі де үлкен, жалпы өнімнің өзі сапалы. Біз қазір біртіндеп  Ресейдің нарығына кірудеміз, олар біздің өнімімізді көріп отыр. Тапсырыс болуы керек.

- Орталық Азияның басқа елдері - Ауғанстан, Иран және т.б қатысты жеткізілім  туралы не айтуға болады?

- Бұл елдерге әзірге жеткізілім жасалып жатқан жоқ.

- Бұрын мұнайшыларға өнім жеткізуде қиындықтар туындаған болатын. Қазір мұндай қиындықтар жоқ па?

-  Бұл жұмыс барысындағы мәселелер. Техникалық ерекшеліктер келісім алуы керек және шарттар қолданысқа жіберіледі, оларға орындалу барысында қандай да бір өзгерістер енгізілуі мүмкін. Нәтижесінде өнім бәрібір жеткізілуде және өзіміздің міндеттерімізді орындауымыз керек.

- Қазір "Теңгізшевройл", ҚТЖ-мен шарттар ұзақ мерзімге жасалған ба?

- Иә, Теңгізшевройл компаниясымен ұзақ мерзімге шарт жасағанбыз. Қазір жыл сайын қосымшалармен толықтырылатын ұзақ мерзімді, нобайлы  шарттар жасауға тырысамыз.

- Сіздер ракета жүйесі бойынша жинақтаушыларды Ресейден немесе Беларуссиядан аласыздар ма?

-  Әрине, мұның барлығы кооперацияда іске асады. Барлығын өзіміз жасау мүмкін емес. Және кооперацияға аталған өнім бойынша өздерін нарықта көрсеткен және сол бойынша жетекші кәсіпорын болып табылатын серіктестерді аламыз.

- Кадрлар мәселесіне келетін болсақ, КСРО  ыдырағаннан кейін қажетті мамандарды сақтап қалу мүмкін болды ма?

- Басты мамандар сақталып қалды. Қазір жастар келіп жатыр. Жастар өте сауатты, тез тәжірбие жинайды. Біздің дайындық жүргізетін өз орталығымыз бар. Жұмысшы кадрларды техникалық орталықта өзіміз оқытамыз, ал инженерлік кадрлар бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен шарт жасасқанбыз, кәсіби мамандық бойынша студенттер біздің зауытта тәжірибеден өтеді. Содан кейін олар бізге жұмыс істеуге келеді. Өзіміз емтихан комиссиясының құрамында боламыз, сол себепті бұл жас мамандарды жақсы танимыз.

- "Қазақстан Инжиниринг" АҚ –тың өз ішінде қандай да бір кооперация бар ма?

- Қолдан келгенше  жасауға тырысудамыз.  Қазір "Семей Инжиниринг" кәсіпорынымен бірлесіп жөндеу-эвакуациялық машиналарды шығарудамыз. "Алсеньсанмен" жауынгерлік үлгілерді дайындау бойынша өндіріске қатысудамыз. Петропавлдағы С.Киров атындағы зауытымен өзара кооперация құрдық, олар біздің қажеттілігімізді, біз оларға қажетті өнімді жасаймыз. "Гранит" АКТБ ЖШС-пен  бірлесіп  жұмыс істеудеміз. "Зенит"  кәсіпорынымен жұмыс жасап, қажетті өнімді жеткіздік. 

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу