Риодағы сөре: бүгінгі беталысымыздан гөрі Лондондағы нәтижеміз жақсы болған еді

5883

Рио олимпиадасында алғашқы күні Қазақстан құрама командасы 12 орынды иеленді. Мұның алдындағы Лондонда өткен жарыста бірінші күні-ақ 6 орыннан көрінген едік. 

Риодағы сөре: бүгінгі беталысымыздан гөрі Лондондағы нәтижеміз жақсы болған еді

Тамыздың жетісінде дзюдошы Елдос Сметов (60 кило салмақта) күміс, қыздар командасынан Отгонцэцэг Галбадрах қола медалінен соң, Италиядан кейін 12 орында болдық.

Осыдан төрт жыл бұрын Лондондағы олимпиада басталысымен веложарыста Александр Винокуровтың алған алтын медалі Қазақстанды 6 орынға шығарған еді.

Сол жарыстағы екінші күні  ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанлоның алтыны елімізді жетінші қатардан көрінуге себепші болды. Биылғы олимпиаданың екінші күнінде, яғни, тамыздың сегізінде қазақстандық спортшылар ешбір медальға қол жеткізбей, бұған дейінгі екі медальдің есебінен бірінші тұрған Канада мемлекетінен кейінгі 8 орынға төмендедік .

Лондон олимпиадасы қазақстандық спортшылар үшін табысты болған еді. Жалпы есепте тізім бойынша 12-ші болғанымызбен ауыр атлетшілеріміздің  жеті  алтын, бір күміс, бес қола, барлығы  13 медалі, еліміздің тарихындағы ең жақсы нәтиже еді .

Дегенмен, әр жылдардағы көрсеткіштеріміз де әр түрлі. Пекиндегі 2008 жылғы олимпиаданың  алғашқы күндері ешқандай жетістікке жетпесек те, 13 спортшымыз марапатталып, 29 орынды місе тұттық . Қазақстан құрама командасына тек екі алтын, төрт күміс, жеті қола медаль бұйырып, Лондондағы бәсекедегі медальдар санынан кем болған.

Афинадағы 2004 жылғы олимпиаданың алғашқы күндері медальсіз өтті. Қазақстан құрамасы үшін ең сәтсіз кезең болып, (8 медальдің біреуі алтын) 40 орынға сырғыдық. Сиднейдегі 2000 жылғы бәсекенің алғашқы аптасында Александр Винокуров веложарыста күмісті қанағат етсе, арада 12 жыл өткенде Лондоннан алтын медаль тағынып қайтты.

Бүгінгі күні боксшыларымыздан екі күміс, екі алтын медаль күтілуде. Онымен қоса, олимпиада ойындары қатарына қайта енгізілген жүз метрге кедергілер арқылы жүгіруден тағы бір спортшымыз Ольга Шишигинаның жеңісін қайталайды деп болжануда.  

Бұған дейінгі олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының беталысы жаман болмағандығына Риодағы соңғы күндердегі көрсеткіштер дәлел.

Игорь Воротной

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу