Сайлаудың алғашқы нәтижелері туралы саясаттанушылар не дейді?

1453

Жексенбіде өткен парламенттік сайлау тосын сыйларға толы болды. 

Сайлаудың алғашқы нәтижелері туралы саясаттанушылар не дейді?

Дауыс берушілердің сайлауға қатысуы белсенді болған жоқ. Бұдан бөлек осы уақытқа дейін көш басында тұрған AMANAT партиясы бірінші рет сайлаушылар тарапынан ең аз қолдауға ие болды. Одан басқа exit poll мәліметтері бойынша оппозициялық ЖСДП-ны қоса алғанда, 6 партияның Парламенттің төменгі палатасына өтуге мүмкіндігі бар. "Ауыл" партиясы мен жаңадан құрылған Respublica партиясы айтарлықтай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.  

Десек те, бұл толық тізім емес. Себебі мәслихаттарда дауыс беру бойынша деректер, сондай-ақ өзін-өзі ұсынушылар арасындағы жеңімпаздар әлі белгісіз. Бірақ та аралық нәтижелерде де талдауға "азық" бола алады. Оның Парламентке және шешім қабылдау процесіне, сондай-ақ Үкіметтің кадрлық құрамына қалай әсер ететіні жөнінде отандық саясаттанушылар inbusiness.kz тілшілеріне өз пікірлерімен бөлісті.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

"AMANAT партиясының үлесінің азаятыны айтпаса да түсінікті жағдай болған. Алайда кез келген жағдайда ол экзитпол нәтижелері бойынша парламенттегі көп мандатқа ие партия болып қала береді. "Ауыл" партиясының екінші орынға шығуына барлық мүмкіндігі бар екенін осыған дейін де болжаған болатынмын. Себебі олар электораларалық кезеңде белсенді жұмыс жүргізді, президенттікке кандидат ұсынды. Осылайша олар жаңа сайлау цикліне жинақталған қарқынмен кіріп, оны өте жақсы орындап шықты. Бір мандатшыларға келсек, ресми нәтижелердің шығуын күту қажет. Кейбірі сотқа жүгінуі мүмкін, бұл да қалыпты рәсім. Ең бастысы, барлық келіспеушілік құқықтық негізде шешіліп, саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуге тиіс.

Партияаралық бәсеке, бір мандатшылар мен партия депутаттары арасындағы бәсеке пайда болатындықтан, Парламент Мәжілісінде әлдеқайда қызықты болады деп ойлаймын. Сондықтан да біз мәжіліс жұмысында батыл ойлар айтылып, қызу тартыс болады деп ойлаймыз.

Үкіметтің жаңаруына тоқталар болсақ, жаңару болады деп ойлаймын. Алайда оған қатысты болжам жасау қиын. Қалай болғанда да, негізгі келісімдер парламенттегі басым дауысқа ие – АMANAT бойынша өтеді. Сондықтан да болжам жасамаймын. Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына бір емес, бірнеше кандидатура ұсынады деген нұсқаны жоққа шығармаймын".

Аман Мамбеталиев, саясаттанушы:

"Меніңше, AMANAT-тың бұл нәтижесі заңдылық. Партияның орасан зор дағдарысы мен жүйедегі қателіктерінен халықтың арасындағы үлкен сенімін жоғалтуы партияны қайта құруға, ребрендинг жасауға, бағытты өзгертуге және көптеген жаңа жас көшбасшыларды жинауға мәжбүр етті. Партия трансформация тұрғысынан көп дүние жасады және әлі жасауға тиіс нәрселері бар.  Аталғандардың арқасында ғана АMANAT  парламенттегі басымдығын сақтап қалғанын көріп отырмыз.

"Ауыл" партиясының көрсеткіші, керісінше, әлсіздік пен барлық әлеуетін пайдаланбауынан болып отыр.  Жемістер мен көкөніс бағасының өсуі, жалпы азық-түлік жағдайы ауыл шаруашылығының маңызын және елдімекендер мен ауылдардың ұстанымын түсінуге мәжбүрледі. Бұдан басқа ел халқының жартысы ауыл тұрғындары екенін ұмытпау қажет. Сол себепті де осындай тәжірибесі мол партия үшін 10% дегеніміз жақсы деп ойлаймын. Бірақ бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болар еді.

Қалған партиялар бойынша нақты нәтижелерді күтейік. Себебі пайыз нұсқалары 2%, 3%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Десек те, Парламенттегі бір монопартияның дәурені өтті деп сеніммен айта аламын. Альянстар мен коалициялардың уақыты келді, шекті төмендету көптеген партияға кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мажоритарлық жүйе депутаттары жұмыстағы бәсекелестікті нығайтуға, күшті әрі ойластырылған заңдар шығаруға міндетті".

Марат Шибутов, саясаттанушы:

"Алдын ала қорытындылар бойынша, негізгі партиялар аз дауыс жинаған. Алғашында адамдардың көбі төрт партия Парламентке өтеді деп сенді. Алайда ісжжүзінде бес партия өтті, алтыншы партия да өтуі мүмкін. Сондықтан бірінші көзге түсетін нәрсе – дауыстардың біркелкі таралуы.

Бір мандатшыларға келсек, олар туралы нәтиежелер шыққаннан соң ғана айтуға болады. Сонда барлық партияның көрсеткіштері артады – АMANAT-тың да үлесі 60%-ға дейін жетуі мүмкін. Жалпы алғанда мәселе олардың кейбіреулерінің сайлаудан алынып тасталғанында емес, бұның 18 наурыздан кейін жасалуы. Мұны бірден 18 наурызда жасаған дұрыс еді. Үкіметтің жаңаруына келетін болсақ, ол 50-80% болуы мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу