Шетелде мүлкі жоқ шенеуніктер жаңа декларацияны қалай тапсырады?

8478

Қалтадағы ақшасын декларацияда көрсету міндетті. 

Шетелде мүлкі жоқ шенеуніктер жаңа декларацияны қалай тапсырады?

1 қаңтардан бастап күшіне ететін мүлік декларациясы мемлекеттік қызметкерлердің шетелде мүлік ұстап, банктерде актив иемденуін реттеуге бағытталып отыр.   

Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты жалпыға бірдей декларациялау департаментінің басшысы Дина Құсайынова осылай дейді. Маманның сөзіне сенсек, шетелде тіркелген банктерде шот ұстасаңыз және ондағы ақша көлемі 1000 АЕК-тен аспаса декларацияде көрсету міндетті емес.

"Активтер мен міндеттемелер декларациясында шетелде тіркелген мүліктер көрсетілуі керек. Оған жылжымайтын мүлік, жер телімдері мен жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, суда жүзу көліктері, көліктер, арнайы техника мен тіркемелер жатады. Аталған мүлік түрлері Қазақстанда тіркелген болса, декларацияда көрсетіп қажет емес. Өйткені елдегі мүліктер туралы мәліметті біз автоматты түрде алып отырмыз. Декларация тапсырушылардың жұмысын азайту үшін, Қазақстанда тіркелген мүліктер туралы ақпарат талап етпейтін болдық. Қазақстаннан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттар туралы да мәлімет беру қажет. Ол үшін барлық  шетелдік шоттардағы ақшаның жиынтығы 1000 АЕК-тен кем болмауы керек. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бізде 1 АЕК көлемі 2778 теңгені құрайды. Сондықтан түрлі шетелдік банктердегі шоттарда сақталған қаражаттың көлемі 2 млн 778 мың теңгеден асса, декаларцияда әр шотты жеке көрсету керек болады", – дейді комитет өкілі.

Жалпыға бірдей декларацияның алғашқы кезеңіне тап келгендер үйінде ақша сақтағысы келсе, оның көлемі 27 млн 780 мың теңгеден аспауы керек. Дина Құсайынова бұл межеден асқан ақшаны депозитке немесе банктегі шотқа салған абзал деген кеңес айтадыы.

"Декларацияға, сондай-ақ, Қазақстандағы және одан тыс аумақтағы мүлікке тұрғын үй ғимаратындағы үлес, Қазақстан тыс аймақта құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес, құнды қағаздар, өндірістік-қаржылық құралдар, инвестциялық алтын, зияткерлік меншік нысандары, 10 мың АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақша жатады. Яғни, 27 млн 780 мың теңгеден аспайтын кез келген валютадағы қолма-қол ақша декларацияға кіреді. Егер қолма-қол ақшасы бұл сомадан асып кетсе, артығын депозитке немесе шотқа салған абзал. Сонда мәселе туындамайды",  дейді ол. 

Декларацияда жеке тұлғаның алдында қарызы болса немесе біреуге өзі қарыз берген болсаңыз, оны да көрсету керек. Оның көлемі бұрмаланбауы үшін нотариус арқылы растату міндеттеледі. Ал банктегі кредиттерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. 

"Бірақ бұл қарапайым шенеуніктің шетелде ешқандай мүлігі немесе активі жоқ болса, декларация тапсырмайды деген сөз емес. Мысалы мен қарапайым Қазақстан заматымын дейік. Менің иелігімде пәтермен көлік бар. Олар Қазақстанда тіркелген. Шетелде ешқандай шотым жоқ. Құнды қағаздармен айналыспаймын. Банктерден басқа жеке тұлғаларға қарызым жоқ. Осыған байланысты мен декларация тапсырғанда қолма-қол ақшамның көлемін ғана көрсетемін. Биыл тапсырғанда 31 желтоқсанда қолымда қанша ақша болса, соны ғана көрсетемін",  дейді Дина Құсайынова.

Есжан Ботақара
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу