"Тайвань тәуелсіздігін қолдамаймыз": Трамп Қытай тарапы күткен мәлімдеме жасады

458

Биыл олар үшінші рет жүздесіп отыр.

"Тайвань тәуелсіздігін қолдамаймыз": Трамп Қытай тарапы күткен мәлімдеме жасады Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың АТЭС саммиті аясында өткен келіссөздері аяқталды. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай, келіссөздер Цилинь Шаньчжуан мемлекеттік резиденциясында бір сағаттан астам уақытқа созылған. Қытай мен АҚШ көшбасшылары биыл үшінші рет кездесіп отыр. Мамыр айында олар Трамптың ҚХР-ға сапары кезінде Бейжіңде, ал қыркүйекте Си Цзиньпиннің АҚШ-қа жасаған мемлекеттік сапары барысында Вашингтонда келіссөздер жүргізген болатын.

"Екі ел көшбасшылары халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты", – деп хабарлады телеарна.

Тараптар екіжақты қарым-қатынас мәселелерін, Иран төңірегіндегі ахуалды, ядролық қауіпсіздікті және Украинадағы соғысты талқылады.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, кездесу жақсы форматта өткен. Трамп ҚХР төрағасын досым деп атап, екі ел арасындағы сыртқы сауда келіспеушіліктерін реттеу үшін құрылған Америка-Қытай сауда комиссиясының жұмысын жоғары бағалады. Бұдан бөлек Ақ үй басшысы қытайлық әріптесі екеуі Ормуз бұғазы арқылы мұнайдың кедергісіз жеткізілуін қолдайтынын мәлімдеді.

Интерфакс агенттігінің жазуынша, кездесуде Тайвань туралы да сөз болған. Қытай көшбасшысы АҚШ-ты бұл бағытта дұрыс ұстанымнан таймай, екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін қадамдардан аулақ болуға шақырды. Өз кезегінде Трамп АҚШ-тың Тайвань тәуелсіздігін қолдамайтынын жеткізді. Сондай-ақ ҚХР төрағасы қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерден қорғану үшін екі ел жасанды интеллект бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуы тиіс екенін айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Дональд Трамп Си Цзиньпиннің сөзін тыңдап отырып "қалғып кеткенін" жазғанбыз. Трамп Путинді "досым" деп, елді елең еткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу