"Тарихи сәт" – Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарына халықтың өтінішін қарап жатқанын айтты

1910

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліске келді. 

"Тарихи сәт" – Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарына халықтың өтінішін қарап жатқанын айтты

Онда депутаттарға халықтан келіп түскен өтініштерді мемлекет қалай қарап жатқаны туралы баяндама жасады. Мұнысын, Мәжілістің бүгінгі отырысының форматын "тарихи деп атауға болады" дегенді айтты.

"Себебі, бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ұсынған саяси реформаларды іске асырудың – елдің саяси жүйесіне жаңа серпін беріп, оң өзгерістер енгізудің нақты қадамы. Бұл – Парламент Мәжілісі мен Үкіметтің жаңа сипатта және тығыз байланыста қызмет етуінің бастауы. Жұмыстың бұл форматы қоғам тарапынан көтеріліп отырған мәселелерді тиімді және уақытылы шешудің оңтайлы тетігі. Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан Мәжіліс депутаттарымен тығыз байланыста жұмыс істеу дәстүрге айналып келеді десем артық емес", – деді Тоғжанов. 

Оның айтуына қарағанда, сұрақтардың негізгі блогы – нақты табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты.

"Демек бұл өңір тұрғындары шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер. (...) Осы орайда "Жаңа Қазақстанның күн тәртібі – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру және инфляцияны тежеу" деген Мемлекет басшысының сөзі бүгінгі күні алдымызда тұрған негізгі міндет екенін атап айтқым келеді", – деді Үкімет басшысының орынбасары.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Халық табысын арттыру бағдарламасында азаматтар кірісін көтеруге бағытталған нақты шаралар қарастырылған.

  • Біріншіден – бұл бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн аса қызметкерінің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестің 2,8 млн жұмысшысының жалақысын көтеру;
  • Екіншіден, экономиканың барлық салаларында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орындарының табысын арттыру.  Оның ішінде бұрын сырттан әкелінген, өндірісте сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия саласында шикізаты жоғары – 5-ші және 6-шы деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркәсіпті дамыту арқылы іске асыралады;
  • Үшіншіден, ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру;
  • Төртіншіден, "Бақытты отбасы" сияқты жобалар арқылы көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын 20 мың жұмыс орындарын құру; "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны" жобалары және (400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде) гранттар беру арқылы 160 мың жасты жұмысқа тарту қарастырылған", – деді Тоғжанов.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу