"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құттықтау мәтіні ҰКП сайтында жарияланған.
Ұлттық палата басшысының айтуынша, 8 наурыз – мерекесі аналарымызға, әпке-қарындастарымызға, әйелдеріміз бен қыздарымызға деген жылы сөздер, сыйлықтар мен құттықтаулар мерекесі.
Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің құлпырған нышаны болған арулар, әдемі мерекелеріңіз құтты болсын!
"Елімізде қыз-келіншектер білімді де білікті, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгереді, мемлекетіміздің өркендеуіне, экономикалық өсуіне, атсалысады. Арулар отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтаушы шаңырақ шырақшылары, өмір-өзенде ақыл мен парасат кемесімен жүзіп келе жатқан асыл жандар", – деді Тимур Құлыбаев.
"Қымбатты арулар, Сіздер барда әлем жақсылық пен сұлулыққа, мейірім мен шаттыққа тұнып тұрады. Шұғылалы көктемнің шуағы жылытып, мейірім мен берекеттің бастауы тек қуаныш сыйласын! Мереке құтты болсын!", – деп құттықтауын жолдады.