Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді
Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаевтың тарапынан бұл қайырымдылыққа арналған алғашқы қаражат емес.
Еске салсақ, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев Арыс қаласына қала апаттан соң жабылған кезде бірден барды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге апат салдарынан келтірілген залал мөлшерімен танысты, содан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер – мектеп пен балабақшаны қалпына келтіру бойынша шешім қабылдады. Бұл мақсатқа Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді. Аталған бастаманы Халық банкінің Halyk қайырымдылық қоры қолдады.
Бүгінгі таңда елімізде 49 адамның коронавирус жұқтырғаны ресми түрде тіркелді. Науқастардың 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, 2-еуі Қарағандыда. 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Ал 19 наурыздан бастап осы екі қала карантинге жабылды.