Трамп Нью-Мексиконың атауын "Жаңа Америка" деп өзгертуді ұсынды

АҚШ президенті  бұл бастамасын Truth Social желісінде жариялап, көптеген адам мұны қолдайтынын мәлімдеді.   

Трамп Нью-Мексиконың атауын "Жаңа Америка" деп өзгертуді ұсынды Фото: ria.ru

Дональд Трамп пікірінше, жаңа атау әлдеқайда беделді әрі әдемі естіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, ол Нью-Мексико штатының атауын New America – “Жаңа Америка” деп өзгертуді ұсынған.  Десе де, Нью-Мексико губернаторы Мишель Лухан-Гришэм оның ұсынысын бірден жоққа шығарды.

– Бұл атау Америка Құрама Штаттары пайда болмай тұрып-ақ бізбен бірге болған, – деді губернатор Fox News арнасына берген сұхбатында. 

Ол Трампты “жанармай бағасының қымбаттауынан жұрттың назарын басқа жаққа бұруға тырысып отыр” деп айыптады.

Трамп болса, өз ұсынысын Нью-Мексиконы “сайлауды бұрмалау фактілері көп штаттардың бірі” деп санайтынымен түсіндірді.

Ақ үй тіпті Нью-Мексико атауындағы Mexico сөзінің сызылып, орнына America жазылған суретті де жариялады. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл идея алғашында интернеттегі әзіл ретінде пайда болған.

Бұл Трамптың географиялық атауларға қатысты алғашқы бастамасы емес.

Бұған дейін ол АҚШ мемлекеттік органдары үшін Мексика шығанағын "Америка шығанағы", Онтарио көлін "Америка көлі" деп атауды ұсынған. 

 Сондай-ақ, Ормуз бұғазын "Трамп бұғазы" деп өзгерту туралы пікірін де ашық айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу