Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1500-ге жуықтады

1463

Мәліметті Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы хабарлады.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1500-ге жуықтады Фото: Анадолы

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі құрбандарының саны 1498-ге жетті, кем дегенде 8,5 мың адам жарақат алды.  
Бұл туралы inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

AFAD мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысында бір күнде жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13,24-те – 7,6 балл).
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияның он провинциясында 1498 адам қаза тауып, 8553 тұрғын жарақат алған.

Жер сілкінісінің қайталануынан қауіптенген Түркия билігі тұрғындарды үйлеріне қайтпауға шақырды.

Айта кетсек, қазір Түркияда ең жоғары төтенше жағдай жария­ланды. Билік халықаралық көмек­ке жүгінді. Барлық жерде іздестіру-құтқару жұ­мыстары мен залалды бағалау жұ­мыс­та­ры жүргізіліп жатыр. "Елде да­был­дың ең жоғары деңгейі жарияланды. Біз Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге өңірге құтқарушылар жібердік", деп мәлімдеді Түркия Ішкі істер министрлігі.

Еске сала кетейік, бүгін Түркияның оңтүстік-шығысында  7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту же­делхатын жолдап, Үкіметке Түр­­­кияның оңтүстік-шығы­сында болған жойқын жер сілкіні­сі­нің салдарын ең­серуде шұғыл көмек көр­се­туді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу