Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар шешім қабылдады

462

Бүгінгі таңда бұл – 4,5 мың тауар.

Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар шешім қабылдады Фото: 08info.kz

Бүгінгі таңда қазақстандық тауар өндірушілерден мемлекеттік сатып алуларда басым тәртіппен сатып алынатын тауарлар тізбесі 3 еседен астамға кеңейтілді. Жасалған шарттардың сомасы 31%-ға ұлғайтылып, 167 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ ірі тапсырыс берушілердің ("Самұрық-Қазына" қоры, жер қойнауын пайдаланушылар) сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізілді: биыл отандық тауар өндірушілермен 470 млрд теңгеге 100-ден астам ұзақмерзімді шарт және 134 млрд теңгеге 260-тан астам офтейк-келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 есе көп.

• Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында адами капиталды дамыту, ғылым мен өндірісті интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Олжас Бектенов бизнесті кадрлық әлеуетті арттыру, студентттер үшін тиімді тәжірибе базасын ұсыну және жұмыс орындарын квоталау арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін күш салуға шақырды.

Форум барысында "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қазақстанда шағын және орта бизнес экожүйесінің дамуы туралы хабарлады. Әлеуметтік кәсіпкер Жаңагүл Жапарова шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық тізбекті өндіру арқылы ауылды дамытуға бағытталған "Бір ауыл – бір өнім" жобасына қатысу туралы әңгімеледі. "Қазэлектромаш" ЖШС және "Кублей" ЖШС басшылары Виталий Распопин мен Зәуре Берекешева кластерлік тәсіл арқылы жоғары деңгейде қайта өңдеуді игеру және етті қайта өңдеуді дамыту бойынша тәжірибелерін бөлісті.

Форум аясында Премьер-министр шығарылатын отандық тауарлар желісімен танысты. Қазақстан кәсіпкерлері бүкіл өндіріс тізбегі бойынша іске асыратын жобалар экономика үшін ерекше маңызды саналады. Тоқыма өнеркәсібі жетістігін көрсете отырып, Үкімет басшысына мақта өсіру, жіп және мата өндіру, сондай-ақ ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие дайын өнім шығарумен айналысатын бірқатар кәсіпорын таныстырылды. Бұл тұрғыда Олжас Бектенов өңірлік бағытты ескере отырып, кластерлер құру қағидатына сәйкес жобаларды қолдау бойынша жаңа тәсілдің маңыздылығына тоқталды. Бизнеспен бірлесіп, ШОБ дамуына қосымша серпін беретін мәселелер талқыланды. Премьер-министр салалық министрліктер мен ұйымдарға бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу