Украинада Президент сайлауы онлайн өткізілуі мүмкін

668

Бұл туралы Зеленский Германияның ZDF телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Украинада Президент сайлауы онлайн өткізілуі мүмкін Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский елде сайлауды онлайн форматта өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленскийдің сөзінше, бұл мәселені шешу үшін парламент тиісті құқықтық тетік әзірлеуі қажет.

Владимир Зеленский сайлау ұйымдастырудағы басты қиындықтардың бірі майдандағы әскери қызметшілердің дауыс беруіне жағдай жасау екенін атап өтті.

"Қарулы күштер майданда жүр. Олар да сайлауға қарсы, өйткені дауыс беру мүмкіндігі жоқ. Бұл әділетті ме?

Миллиондаған адам окопта отыр, ал техникалық тұрғыдан олардың дауыс беруін ұйымдастыру мүмкін емес", – деді Зеленский. 

Бұған дейін Зеленский осы тақырыпты америкалық ABC телеарнасының эфирінде көтеріп, бұл үшін Ресей 60 күнге атысты толық тоқтатуы керек екенін айтқан еді. Себебі, АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийді келіссөздерге келуге құлықсыз деп айыптап, Украинаға жаңа басшы қажет екенін айтқан болатын. 

Ақ үй маңында журналистерге сөйлеген Трамптың пікірінше, Украинаға келісім жасай алатын жаңа көшбасшы керек.

Соңғы рет Зеленский журналист Пирс Морганның Uncensored бағдарламасында қонақ болғанда басшылық қызметтен кету ойында жоқ екенін айтты.

"Әрине, жоқ. Бұл – менің жауапкершілігім", – деп жауап берді Зеленский журналистің сұрағына.

Саясаткер Дональд Трампты қоса алғанда, бірқатар тұлғаның сайлау өткізуге шақырғанына қарамастан, қазіргі жағдайда оны ұйымдастыру мүмкін емес екенін түсіндірді. Ол соғыс уақытында мемлекет қорғанысқа назар аударуы керек деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу