Ұлттық банк ноталардың кірістілігін қысқартты

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2949

Ұлттық банк ноталардың тартымдылығын төмендету арқылы ЕДБ-ны биржадан экономиканың нақты секторына шығаруды көздеп отыр.

Ұлттық банк ноталардың кірістілігін қысқартты

Қазақстандық қор биржасы (KASE) осы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысын жариялады. 2017 жылдың алғашқы тоқсанынан бастап нығайған теңге теңгелей құралдардағы тартымдылығын арттырды. Биржа нарығының барлық секторында алғашқы үш айдағы сауда көлемі 2016 жылдың алғашқы тоқсанындағы нәтижеден біршама өсіп 57,6%, 38,5 трлн теңге болды. Сауданың орташа күндік көлемі жоғары деңгейін сақтап қалды. Ол шамамен 652 млрд теңге, орташа күндік мәмілелер саны шамамен 1637 болды.

Биржалық нарықтың өсуіне негізінен бұрынғыша валюталық (+76,6%) және ақша секторлары (+40%) үлесін қосуда. Осылайша олар инвесторларға – негізінен банктерге ақшалай айқындаманы басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда валюталық айырбас операциялары банктерге валюталық өтімділікті, ал операциялық репо теңгелей өтімділікті басқаруға мүмкіндік береді.

Ұлттық банктің долларға деген тәуелділікті төмендетуі – құнсыздану болжалын бәсеңдетеді, алайда шетелдік валютаны ірі көлемде ұстаушылар – шикізат секторы мен банктер операцияларды валюталық айырбас арқылы жасауды артық көріп, доллардан құтылуға асығар емес. Нәтижесінде алғашқы тоқсанда қолма-қол валюта сатып алу 16%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін төмендеген, ал валюталық айырбас жасау 105%-ға, 18,4 трлн теңгеге дейін артып, биржалық нарықтың 48%-ын еншіледі.

Құнды қағаздарды, айтарлықтай өтімді және сенімді құралдар, негізінен мемлекеттік құнды қағаздарды (МҚҚ) кепілге қойып ақша алуға мүмкіндік беретін ақша секторы да осындай стратегиялық маңызға ие. МҚҚ-пен репо операциясы алғашқы тоқсанда 23%-ға артып нарықтың 39,8%-ын алып, 15,3 трлн теңге болған.

КASE мамандарының бағалауынша, биржа нарығы жағдаятын белгілейтін факторлар бұрынғыша қалған, тек ара салмағы ғана өзгерген. 2016 жылы инвесторларды көбінесе мұнай бағасына қатысты жағдай қызықтырған болатын, ал биыл теңге мен рубльдің арақатынасы қызықтырып отыр. Соңғы уақытта әлемдік нарықтағы мұнай бағасы тұрақталды, рубль мен теңге арасында тепе-теңдікке қол жеткізілді. Бұл валюталардың ара қатынасы осы тоқсан бойына бірқалыпты деңгейде бір рубль үшін 5,4-5,6 теңге шамасында болып отыр. Осыған қарап, 2016 жылы теңгенің долларға қатысты бағамы көбінесе әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен арақатынас орнатқанын, ал қазір арақатынас рубльдің долларға қатысты бағамында екенін көруге болады. Мұнай мен доллардың орташа мәні, біздің нарықтың кейде мұнайға, кейде долларға жақсы әрекет ететінін көрсетеді.

"Алғашқы тоқсан – бұл нарықтың рубль мен теңгенің сатылып біткенін сезінетін кезең, сондықтан бағам жоғары көтеріледі деп айтуға ертерек. Қалай болғанда да, рубль мен теңгенің нығаюы біршама баяулады. "Жаңалықтарда" айтылып жатқан хабарламалар негізінде екінші тоқсанда қандай да бір бағытты қозғалыстан гөрі валюта бойынша бірқалыпты орнығудың болатынын болжаған жақсы, – дейді KASE вице-президенті Андрей Цалюк. – Алайда бүгінгі Қазақстанда бағам маңызды емес, ақша нарығындағы мөлшерлеме маңызды. Егер алғашқы тоқсан динамикасына қарайтын болсақ, онда жылдық инфляцияның 80 базистік көрсеткішке немесе 7,7%-ға дейін төмендеуі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 100 базалық көрсеткішке, жылдық 11%-ға дейін төмендетуіне әкелді. Бірақ та ММ Index ( биржадағы "қысқамерзімді" ақшалардың құнын көрсетеді) мәні үлкен құбылмалықты көріп, тек 33 базистік көрсеткішке дейін түсті.  Мөлшерлеменің бір-, екі күндік айырбас қозғалысын түсіндіре отырып, банктер валюталық айырбас және өздерінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу үшін репо операцияларын белсенді қолданғанын айта аламын. Осының арқасында айырбасқа қатысты мөлшерлеме төмендеп, тек қазір ғана жылдық 9,5% деңгейіне шықты".

Қаржы министрлігінің қайта оралуы

Алғашқы тоқсанның тағы бір қызықты тренді – МҚҚ нарығының (19,2%-ға, 230 млрд теңгеге дейін өсуі) жандануы болды. Осыған қарамастан, алғашқы орналастыру көлемі бұрынғы деңгейде (172,2 млрд теңге) қалып отыр, ал қайталама саудалар 4,4 есе, яғни 58,4 млрд теңгеге дейін қарқынды өсіп қуантты.

KASE өкілдерінің түсіндіруінше, МҚҚ жағдайында маңызды екі аспекті бар. Оның біріншісі, басты қарыз алушы – қаржы министрлігінің нарыққа қайта оралуы болды. 2016 жылы қаржы министрлігі тек МЕУЖКАМ-ның жалғыз шығарушысын орналастырумен ғана айналысқан болса, онда 2017 жылдың алғашқы үш айында өзінің қарызын орналастыру бойынша төрт аукцион өткізді.

Ал екінші аспектіге тоқталатын болсақ, алғашқы тоқсанда МҚҚ-тың барлық қайталама нарығы Ұлттық банктің нотасына берілген болатын. Бұл таңданарлық жағдай емес, себебі МҚҚ-тың қазіргі уақыттағы басты рөлі – жаңа тәуекелсіз нольден бастап, он жылға дейінгі қисық табыстылықты жасау. Қисық табыстылық бір жылға дейін Ұлттық банк ноталары арқылы жасалады, ал одан әрі қаржы министрлігінің құнды қағаздары арқылы жасалады.

2016 жылы Ұлттық банк өз ноталарын белсенді орналастырып, банктерге өтімді және табысты құралдарды беріп, қисық табыстылықты қысқамерзімді құралдар бойынша жасаған болатын.

Ал қазір Ұлттық банк айналымды күшейтіп, қысқамерзімді табыстылық міндеті толықтай шешілген. Ноталарды орналастару барысындағы сол сияқты қайталама нарықтағы қазіргі табыстылықтың тұрақты төмендеу беталысына ие. Мысалы, 7 күндік ноталарды орналастыру табыстылығы бір жылда ( 2016 жылдың 1 тоқсаны мен 2017 жылдың 1 тоқсаны) жылдық 12,02%-дан 10,59%-ға дейін, ал 364 күндік орналастыру табыстылығы 12,12%-дан 9,62%-ға дейін түскен. Ал қайталама нарықта айналыстағы ноталар көлемі 68 трлн теңгеге дейін артты, ал өтеудегі өлшенген орташа жылдық табыстылық керісінше 10,4 %-ға дейін төмендеген.

Ұлттық банк ноталарды шығаруды қысқартып, банктік өтімділікті ақша нарығынан экономиканың нақты секторына немесе жоқ дегенде МҚҚ сатып алу барысында мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға шығаруды көздеп отыр.

"Ноталардың айналымдағы көлемі біртіндеп төмендеп, табыстылық төмендеп, Ұлттық банктің қаржы нарығындағы экономиканың нақты секторына жіберетін ақшасының көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", – деп нақтылады Андрей Цалюк.

KASE болса, банктер нотаға қатысты позицияны қысқартып, несие беруге емес, репо секторына келетіні айтады. Алайда банктердің қаржы нарығындағы табыстылықты іздеуі уақытша нәрсе.  

KASE президенті Алина Алдамберген базалық мөлшерлеменің төмендеуі банктердің несие беруді арттыруға әкелетінін айтады. Мемлекеттік бағдарлама арқасында 2016 жылы ШОБ-қа несие беру артқан. Банктердің несие беруін қосымша ынталандырудың көзі экономиканы жандандыру болып табылады. Қаржы министрлігі биыл 3% өсу болады деп болжап отыр.

Қаржы министрлігінің қазіргі орналастырулары жайлы айтар болсақ, олар тәуекелсіз қисық табыстылықты 3-10 жыл ішінде жылдық 9-10,2% деңгейінде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл бенчмарк МҚҚ қатысты жеке компаниялардың облигацияларын қандай табыстылық мөлшерлемесінде қоюға болатыны туралы корпоративті секторға бағдар береді.

Доллар құнын жоғалтуда

Алғашқы тоқсан статистикасы инвесторлар тарапынан долларға деген қызығушылықтың төмендегенін көрсетеді. Ол сауда көлемі мен биржадағы доллар құнынан-ақ көрінуде. Доллармен жасалған сауданың жиынтық көлемі 2016 жылдың алғашқы тоқсанының нәтижесімен салыстырғанда 451,6 млрд теңгеге, яғни16,4%-ға төмендеп, 2,3 трлн теңге болды. Осы кезең қорытындысы бойынша теңге 5,8%-ға нығайып, бір доллар үшін 313,76 теңге болды.  

Сонымен бірге инвесторларды рубль/теңге, юань/ теңге жұбы да қатты қызықтырды. "Бағамның өсу динамикасына қарай юаньның нығайып келе жатқанын байқап отырмыз. Сондай-ақ рубль бағамының да соңғы кезде тұрақталып, 5,5 шамасында тұрғанын көріп отырмыз", – деді Андрей Цалюк. Ол алғашқы тоқсанда KASE инвесторлар үшін Т+1: юань және бір рубль үшін теңге сызбасы бойынша екі жаңа құралды ұсынды. Рубльге деген сұраныс қатты болмады. Бұл Т+1 есебіндегі рубль биржаның күндізгі сессиясында Т+0 кестесі есебіндегі рубльмен бірге сатылуда. Бұл екі құрал жақсы көрсеткіш көрсетіп отырған жоқ, бірақ биржадағылар жағдай өзгереді деп есептейді.

Оның есесіне юань жақсы сатылуда. Валюталық инвесторларды біріктіру есебі бойынша бір банк – бір есеп, ол инвесторлар құрылымын көруге мүмкіндік бермейді. Қазақстандағы көптеген қытай жобаларының іске асуынан юаньға деген қызығушылық артуда.

Акцияларға ынталандыру қажет

Акция нарығы осы жылдың алғашқы тоқсанында 2016 жылдың жағдаятын жалғастырды. KASE индексі жоғары көтерілді. Индекстің қазіргі түсуі алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша инвесторлардың листинг компаниялардың жұмысын қабылдауға байланысты болып отыр.

 Алғашқы тоқсанда KASE индексі 14%-ға 1554 көрсеткішке дейін өсті, бұл индектің былтырғы жылғы өсу жылдамдығымен сәйкес келеді. Өсудің негізгі драйвері теңгенің нығаюы мен акциялары индекске қойылған компаниялардың жұмысының нәтижесі.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша индекс өсу көшбасшысын ауыстырды. ҚМГ БӨ акциялары біршама өсуді көрсетті. Екінші орынға KAZ Minerals PLC және Қазақтелеком акциялары орналасты. "ЦентКредитБанк" акциялары да (0,8%) өсу шамасын көрсетті. KASE индексіне кіретін барлық 9 акция тоқсан қорытындысы бойынша оң динамиканы көрсетті. Бұл еліміздің инвестиция үшін келешегі бар және тартымды нарық екенін көрсетеді.

Алайда осыған қарамастан, акция нарығы таяз болып қала береді. Оның жалпы нарық құрылымындағы үлесі 0,1%-дан аспайды, тоқсан қорытындысы бойынша оның сауда көлемі тек 29,3 млрд теңге болды. Акциялар саудасы тек теңгені нығайтуға жұмыс жасамауы үшін жаңа шығарушы мен акциялар қажет. Жеке тұлғалардың белсенділігін ұстап тұру үшін нарыққа жаңа IPO қажет.

Жеке тұлғалар KASE-ге қатысушы инвесторлардың аса белсенді санатында қала береді. Сәуір айының басында Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 106,7 мың шоты тіркелген. Алғашқы тоқсанда брокерлер жаңа 2379 шот ашқан. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44%-ға артық.

Татьяна Батищева, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу