Қараша айының қорытындысы бойынша, елдің халықаралық қоры 1,5%-ға, 90,86 млрд долларға дейін қысқарған. Ел қорының қысқаруына ұлттық қордың бір айда 900 млн долларға дейін қысқарған сыртқы активтері себеп болды. Бұған ұлттық банктің ай сайынғы мәліметтері дәлел.
Ұлттық қордың сыртқы активтері үшінші ай қатарынан қысқарып отыр. Ескеретін жай, олардың құлдырауы бюджеттің ұлттық қордың трансферттеріне деген сұраныстың төмендеуі аясында болып отыр. Қараша айында ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінген транш 75 млрд теңгеден 98 млрд теңгеге дейін артты. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, қордың сыртқы активтері 886 млн долларға немесе 300,4 млрд теңгеге қысқарған.
Қордың сыртқы активтерінің жалпы мөлшері қыркүйектен қарашаға дейін 3,85 млрд долларға қысқарған. Ұлттық банктің орташа айлық бағамы қыркүйек-қараша айында бір долларға 338,62, 332,01 және 339,05 теңге болған. Егер барлық көлем республикалық бюджет алдындағы міндетті орындауға жіберілді дейтін болсақ, онда Ұлттық қордың теңгелік көлемі 1,28 трлн теңгеге азайған.
E-Minfin сараптама орталығының мәліметіне жүгінсек, қыркүйек-қараша айындағы ұлттық қордан бюджетке түскен трансферт көлемі 1,05 трлн теңгеге төмендеген.
1 желтоқсанда Республикалық бюджетке жіберілген трансферттер көлемі 2,83 трлн теңгені құрап, жоспарланған көлемнен 336,1 млрд теңгеге аз болды. Сондай-ақ, салық табысын артығымен орындау аясындағы мемлекеттік бюджет 100,6% орындалды. Бұл – трансферттердегі бюджет сұранысының төмен екендігін көрсетеді.
Қаржы министрлігінің ұлттық қор қаражатының түсімі мен қолдануының ай сайынғы есебіне сәйкес, 2016 жылдың қыркүйек-қараша айындағы түсімдер көлемі 251,8 млрд теңге болды. Осы кезеңде қордан республикалық бюджетке жіберілетін кепілдікті және мақсатты трансферттер көлемі 955 млрд теңгені құраған болатын. Ұлттық банк басқаратын сыртқы активтердегі таза алымдар 700 млрд теңгеге дейін азаюы мүмкін.
Осы арада сыртқы активтердің төмендеуі мен бюджеттің таза алымдары арасындағы айырмашылық – 500 млрд теңге қандай мақсатқа жұмсалды деген сұрақ туындайды.
Ұлттық банк қыркүйек, қазан айындағыдай қараша айында да валюталық интервенция жүргізген жоқ. Реттеушінің шолуында, оның қыркүйек-қазан айында валюта нарығындағы таза қатысуы нөлге тең болды делінген. Ұлттық қордың активтерінің төмендеуіне қатысты басқа шолулар жоқ.
Есеп беру айында тек Ұлттық қордың сыртқы активтері ғана төмендеген жоқ, сонымен бірге, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерін қалыптастыратын ұлттық банктің алтын- валюталық резерві (АВР) де төмендеді. Алтындағы активтер АВР құрылымындағы ең үлкен төмендеуді көрсеткен. Алтын қоры өткен айда 5,7%-ға, 9,72 млрд долларға дейін қысқарған.
Реттеуші түсініктемесінде: "Алтын активтері оның бағасын азайтуға жүргізілген операциялар нәтижесінде бір айда 6,8%-ға азайған", – деп көрсетілген.
Finam.ru мәліметіне сүйенсек, алтынның троя унциясы қарашада 8,9%-ға , 1173,4 долларға дейін төмендеген.
Ұлттық банктің валюталық активтері, керісінше, 0,5%-ға (107 млн долларға), 20,11 млрд долларға дейін артқан.
Осылайша, Ұлттық банктің АВР қараша айының қорытындысы бойынша 478 млн долларға, яғни, 29,8 млрд долларға дейін қысқарған.