Ұлттық құрама "Астана Арландарына" көмектесе алмай ма?!

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
1831

WSB жобасының финалына шыққан Қазақстан клубына ұлттық құрамамыз көмектесе алмайтын сияқты.

Ұлттық құрама "Астана Арландарына" көмектесе алмай ма?!

WSB жобасында өнер көрсететін клубымыз, яғни "Астана Арландары" ұжымы финалға шыққан болатын. Финалда Куба қабыландарымен айқасады. Бөркімізді ааспанға атып қуанғанымыз, финалдық жекпе-жектердің Астанада өтетін болып шешілгені еді.

Сонымен, 15 шілде күні елорда төрінде "Астана Арландары" мен Куба қабыландары жұдырық түйістіреді. "Cuba Domadores" командасы осал емес, әрине. Бостандық аралының күрзі жұдырықты жігіттерін жеңу үшін WSB жобасындағы командамызды ұлттық құрама сапындағы жігітермен күшейтіп алған дұрыс болар еді.

Әу баста солай айтылды да. Тамыз айының аяғында әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрамамыз "Астана Арландарына" қарайласатын болған. Үш боксшымыз, атап айтқанда, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) сынды білекті жігітеріміз WSB финалында шаршы алаңға шығатын болған-ды.

Алайда, WSB финалына санаулы күндер қалғанда ұлттық құрама сапындағы жігіттер қатардан шығып қалған-мыс. Василий Левит үйіне барғанда қолын жарақаттапы алыпты. Қазір гипспен жүрген көрінеді. Яғни "Cuba Domadores" алыбына қарсы рингке шыға алмайды...

Қамшыбек Қоңқабаев отбасылық жағдайына байланысты үйіне кеткен. Естуімізше, ауылдағы анасы қатты ауырып, аяқасты Қызылордаға жол шеккен көрінеді.

Әбілхан Аманқұл да жарақаттанып қалған. Жақында ғана аяқталған Президент кубогында бір қолын, жаттығу кезінде екіншісін жарақаттап алған. Оның да WSB финалында шаршы алаңға шығуы екіталай... Әбілхан аянбас-ау, тек тез айығып кетсін дейміз...

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу