Ұлыбританиядағы Голдсмит Университеті климат өзгерісімен қалай күресуде?

2613

Лондонда орналасқан Голдсмит университетінің асханасында еттен жасалған тағамдар алынып тасталды.

Ұлыбританиядағы Голдсмит Университеті климат өзгерісімен қалай күресуде?

Университет басшылығы осылайша климат өзгерісімен күреспекші.

CNN  агенттігінің дерегі бойынша, жаңа ереже қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Университет кампусында орналасқан дәмхана мен асханаларда ет тағамдары сатылмайтын болады.

Сонымен қатар пластиктен жасалған құтылардың санын азайту мақсатында студенттерге оларды қолданғаны үшін 12 центтік салық енгізіледі. Одан өндірілген қаражат "студенттердің жасыл қорына" жіберілетін болып шешілді.

Университет ректоры Францез Корнер: "Біздер жаһан тарихындағы шешуші кезеңді бастан кешіріп жатырмыз, Голдсмит университеті климат өзгерісін тежеу үшін өзге ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге дайын",-деді.

Ұлыбританияның климат жөніндегі комитетінің дерегіне сүйенсек, қой, ірі қара еті және сүт тауарлары өндірісінен шығатын зиянды қалдықтар парниктік газ үлесінің басым бөлігін құрайды. Мәселен, мал шаруашылығы саласынан ауаға тарайтын парниктік газдардың  41 пайызы ірі қара еті өндірісінің қалдықтарына тиесілі.

Жоғарғы оқу орны басшылығының бұл шешімін студенттер мен оқытушылар қолдайтынын білдірді. Айта кету керек, Голдсмит университетінде қазіргі таңда он мыңға жуық студент білім алып жүр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу