Вячеслав Мищенко:"Мұнай бағасы бір баррель үшін 100 доллар болуы әбден мүмкін"

10118

Ресей, ТМД және Балтика елдері бойынша Argus Media Limited агенттігінің  аға вице-президенті Вячеслав Мищенко abctv.kz сайты эфирінде мұнай-газ нарығындағы жағдай туралы әңімеледі. 

Вячеслав Мищенко:"Мұнай бағасы бір баррель үшін 100 доллар болуы әбден мүмкін"

Argus Media –  ең ірі тәуелсіз халықаралық бағалау агенттіктерінің бірі. Ол энергия тасымалдаушы және басқа тауарлардың нарық жағдаяты мен бағалары туралы ақпаратты ұсынады. Қазақстан экспорттық мұнай шарттарын жасау барысында Argus аналитикасын белсенді қолданады.

- Вячеслав, Argus агенттігінің нарықтағы қазіргі позициясы қандай?

-  Біз мұнай-газ нарығында экономикамен айналысатын ең ірі жаһандық бағалау агенттіктерінің біріміз, біздің артықшылығымыз да осында. Әлемде бағалау агенттіктері аз. Оның үстіне біз өңірлік ерекшелікті өте жақсы білеміз. Біздің жаһандық бәсекелесіміз- бір  немесе екі агенттік. Шын мәнісінде, Argus көптеген нарықта алдыңғы қатарда. "Бағалау агенттігі" деген - біздің жеке нарықта тауарлы-шикізат топтары бойынша бағалауымыз және баға белгілеуіміз. Мұнай біздің ең ірі басымдылық нарығымыз болып табылады. Яғни, бұл соңғы бірнеше жылдар айналасында осы барлық даурықпа ақпараттар айтылып жүрген  мұнайдың жекелеген партиясына баға белгілеу.

-   Ия, осы соңғы даурықпа туралы білсек деп едім. ақпараттық кеңістік әр түрлі болжамдармен  және ОПЕК  ұстанымдары, Қытай саясаты туралы хабарламаларға толы. .. Нарықта не болып жатыр?

-  Біз соңғы екі жылда айтарлықтай құбылмалы және болжап болмайтын режимде өмір сүріп жатырмыз. Мұнай бағасы соңғы бірнеше  айда өскеніне қарамастан, ең төменгі мөлшерді көрсетуде. 2016  жылдың басында мұнай бағасы бір баррель үшін  25 долларға дейін түскен кезі есімде. Бұл соңғы онжылдықта тарихи төмендеу шегіне жетті. Мұндай жағдай қобалжуды тудырады. Олар немен байланысты? Ең бірінші, менің айтқым келетіні, бұл жерде ешқандай арнайы құпиялылық жоқ, себебі, нарыққа әсер ететін объективті негізгі факторлар бар. Бірінші  кезекте, бұл мұнайды қайта өндіру және сұранысқа деген ұсыныстан асып кету. Егер 2014 жылдың басында ұсыныс сұранысты тәулігіне 2 млн баррельге жеткізген болса , ал қазір біздің көріп отырғанымыз, мұнай бағасын жоғары көтерген және итермелеген позитивті өсу –бұл сұранысқа деген қатынас бойынша ұсыныстың төмендеуі, нарықты салыстырмалы реттеу. Қазіргі уақытта, біздің бағалауымыз бойынша, сұранысқа деген ұсыныстың артуы шамамен тәулігіне 400 мың баррель, яғни сұранысқа деген ұсыныстың артуының бес есеге төмендеуі. Бұл негізгі фактор. Қалған барлық факторлар жанама әсер етушілер. Олардың ішінде: әр түрлі өңірлерде өндірудің әсері, тиімділіктің керекті деңгейде болмауының нәтижесінде жылжымай тұрған жобалар -солтүстік- американдық нарық, ирандық мұнай нарығына шығуы  бар. Сіз Қытай мен ОПЕК-ті еске салдыңыз. Қытай-бұл мұнайды негізгі ипорттаушы, Қытайдағы экономикалық жағдай сұранысқа және осы елдің ішінде қайта өңдеуге әсер етеді, ал ол қолдану көлеміне әсерін тигізеді. ОПЕК осы барлық нарықтың негізгі реттеушісі ретінде өткен бірнеше онжылдықта сұраныс пен ұсыныста, мұнай бағасына деген әсерді теңгеруде негізгі шешуші рөл атқарған болатын. Соңғы екі жылда ОПЕК бұл қызметті жоғалтып алғанын айтуға болады.  Қазір ол баға аясындағы жағдайға әсер ете алмайтын мұнай экспорттаушы және өндіруші-елдер мүддесі бойынша әлдебір клуб іспетті.

-  Көптеген аналитиктер келешекте бір баррель үшін 100 доллардан асатын бағаны күтіп керек жоқ деп болжам жасауда. Сіздң агенттік қандай болжам береді?

-  Осыдан екі-үш жыл бұрын KAZENERGY аясында өткізілген керемет бір форум есімде. Бұл- барлық халықаралық компанияларды, ең жоғары деңгейдегі нарық қатысушыларын тартатын үлкен іс шара. Мен жинақтамалы сессияға қатыстым, онда сыйлы мұнай компанияларының өкілдері қатысқан болатын. Сол жерде мұнай бағасы енді ешқашан  бір баррель үшін  60-80 доллардан төмен болмайды делінген еді, ал бұл дағдарысқа дейін айтылған әңгіме. Себебі, мұнайды өндірудің өзіндік құны өсуде, мұнай алу қиын өңірлерге кетіп барады. Бұл барлық нарық қатысушыларымен шындық сияқты қабылданды. Шындығында, егер өзіндік құн осындай деңгейде болса, мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Бірақ нарықтың әсері – бұл өте күшті фактор. Ешқашан ешкім жағдай қалай болатынын болжап айта алмайды. Ол мұнай бағасының бір баррель үшін 100 доллар көлемінен асып кетуіне мүмкіндік туғызады ма дегенге, мен мұндай жағдайдың болуы әбден мүмкін дер едім. Әрі бұл жақын арада болуы да мүмкін. Алайда, егер мүмкіндік туралы айтар болсақ, бұл балансты теңестіруге уақыт керек екені түсінікті. Не болатынын, кім білсін? Мүмкін біз  бір баррель үшін 100 доллардан артық баға беруді көрерміз. 

-  Не болуы мүмкін?  Бұған қандай жағдай әсер етуі мүмкін?

-  Енді бұл, біріншіден, сұраныстың артуы. Әр өңірден статистика келіп, сұраныстың өсуі аяқ астынан болуы мүмкін. Екіншіден, қорлардың азаюы, тиімсіз жобалардың түсуі, әр түрлі форс-мажорлы жағдайлар, Таяу Шығыс, Солтүстік Африкадаға соғыс әрекеттері. Мен баға100 доллардан аспайды деп сенімді   сараптама немесе болжам жасайтын мамандар орнында болсам, олай айтпас едім. Қайталап айтамын, бағаның өсу жағдайы әбден болуы мүмкін.

-  Жақында KAZENERGY қазақстандық мұнайшылар осы жылдың соңына қарай мұнай бағасы бір баррель үшін 60 доллларға өсуін күтуде деп айтқан болатын. Яғни, мұндай баға осы жылдың жоғары шегі ма? Ол қаншалықты сенімді?  

-  Нарықтың ағымдағы жағдайына қарасақ, ол толығымен сенімді болатын жәй. Менің ойымша, мұнай дұрыс бағаланбай отыр. Мен еске сала кетсем, ішкі жағдайға әсер еткен объективті факторлардан басқа жағдаяттық факторлар да бар екені анық. Ал нақты айтатын болсақ,таяушығыстық өңірде мұнай өндіру деңгейінде әлдебір демпинг бар. Тіпті, бұның  Сауд Арабиясы екенінде нақты айта аламын.  Шын мәнінде, солар осы жағдайды жасап отыр. Яғни, барлығы түсінікті, біз нарықтан барлық тиімсіз және экономикалық пайдасыз  жобаларды , барлық экпортаушыларды жаншып шығарамыз. Бір нәрсені айта кеткім келеді, осы жарыста  бәрінен көп зиян шеккен Сауд Арабиясы, себебі бұл жағдай олар ойлағаннан ұзаққа созылып кетті. Кейбір экономиканың тұрақтылық, нақты айтсақ, мұнай-газ саласы өзіндік құны және өндіру тұрғысынан жоғары екені байқалды, соның ішінде Ресей Федерациясынан да жоғары болып тұр.Біз  РФ-ның  мұнайды өндіру және экспорттау  тарихи максимумдық көрсеткіште екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, жақында көптеген ресейлік кен орындарында бір баррель үшін бес доллар болған өзіндік құн бойынша таңқалдыратын факторлар айтылды. Осыған қарамастан, ресейлік экономика мұнайдан түсетін 40% табысқа тәуелді. Ал Сауд Арабиясының бюджеті 90% мұнайдан түсетін табысқа тәуелді. Сол себепті, бұл жарыс, менің ойымша,  ешкімге ешқандай басымдық бермеді және  шындығына келетін болсақ, қайта осыны құтыртқан елдердің экономикасын әлсіретті. Менің ойымша, бұл жарыс аяқталып келеді. Компаниялар мен елдер бұл жарыстан шыға бастайды. Олар қандай да болмасын балансты қалпына келтіруге тырысады. Осыған сәйкес, бір баррель үшін 60 долларлық баға жақын арада болатыны әбден мүмкін.

-  Сіз, ОПЕК – бұл мүдделер бойынша клуб дедіңіз. Алайда, ұйымның әр отырысы нарықта  қандай да болмасын ауытқумен көрінеді. Дохада келісімге келу мүмкін болмады. Венадағы кездесуден не күтуге болады?

- Доха басқа форматты мақсат еткенін айтып кеткім келеді, себебі, бұл кездесу ОПЕК-тің қатысушылары  емес, елдердің , бірінші кезекте, Ресейдің қатысуын жобалаған болатын. Ол жерде өндірудің тоқтатылу мүмкіндігі жайлы сөз болды. Негізінен, бұл Ресей үшін тиімді ұсыныс, себебі, өндіру онсыз да екі  есе аз көрсеткіште. Ол  осы деңгейден әрі өсіп те  кете алмайды. Сол себепті, Ресей ынтмақтастың осындай нұсқасын қарастыруға дайын болды. Ол жерде Ресей мен Сауд Арабиясы арасында қол жеткізілген осы келісімге қарсы Иран тақырыбы туындады. Сауд Арабиясы –негізгі өндіруші, ОПЕК баға белгілеуінің көшбасшысы. Алайда, онда Иран мен Сауд Арабиясы арасында ымыраға келмейтін қайшылықтар бар.  Олар санкцияны енгізгенге дейінге деңгейге қол жеткізгенше,  ешқандай келісімді қарастырмайды, бұл -Иранның ұстанымы.Бұл Дохадағы болған нәрсе.  Ал Венаға келетін болсақ, оған ОПЕК-ке мүше емес елдер шақырылмайды, сондықтан да бұл кездесуден қандай әсер , қандай көтеріңкі күтілімдер күтуге болады. Егер олар көтерілетін болса,онда бұнымен алыпсатарлар өзінің жұмысын істейді, ал жақсы жаңалықтар болмағасын кейін шегіну болады. Алайда, бұл қысқа мерзімді ауытқушылықтар, олар нарықты негізгі факторлармен емес,  негізінен алыпсатарлық циклмен байланысты. Факті бойынша, ОПЕК нарықта ештеңеге әсер етпейді. Яғни, нагізгі баға өз деңгейінде қалады.

 -  Тіпті, ОПЕК басшысының ауысуы да ештеңені өзгертпейді ма...

-  Бұл әлемдегі жағдайға, яғни, мұнай бойынша баға беруге әсерін тигізбейтін жағдаяттық әрекеттер дер едім.

-   Мұнай нарығында құбылмалықтар бар, осының аясында алтынға деген сұраныс жоғарылады деген жаңалықтар бар. Мұны немен түсіндіруге болады?

-  Алтынға сұраныс...Менің ойымша,  геосаясат деген драйвер-сөз бар , бұл сол дер едім, біздің білуімізше, Қытай мен Ресей алтын валютасы қорын  айырбастау  барысында өздерінің бірқатар  валюталық позицияларын дәл алтынның жекелеген көлеміне айырбастауды қарастыруда. Олар алдағы екі жылда осымен белсенді түрде айналысты. Сол себепті бұл алтынға баға беруді қолдайды деп ойлаймын. Ал, мұнай жайында айтатын болсақ, онда оны біз бұл жерден көре алмайтынымыз анық, себебі бұлар мүлдем әр түрлі позициялар. Бұл,сөзсіз, әр түрлі активтерден кетуге тырысатын алыпсатарлардың позициясына әсер етеді. Менің ойымша, тікелей тәуелділік жоқ.

-  Қазақстандық-ресейлік нарық туралы сөйлессек. Осы жақын күндерде ЕАЭО-ға мүше- мелекет басшылары қатысқан кездесу болды, онда ЕАЭО елдерінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығын жасау керектігі туралы тағы да сөз болды. Бұл практикада қалай көрінуі мүмкін?  

- Негізі, бұл нарық жұмыс істеуде. Егер біз нарықтың негізін қалаушылар-Ресей, Беларусь, Қазақстанды алатын болсақ, онда бұл процесс ұзақ және бейнетпен құрылды. Бұл негізінен салық төлеумен, қайта өңдеу және белгіленген территорияда  өнімдерді одан әрі іске асыру арқылы   экспорттық баж төлеуден  құтылу мүмкіндігімен байланысты болды. Бұл мәселе ең бірінші Ресеймен Беларуссия арасында қиын жүрді, онда бажсыз Ресей Федерациясына кіретін белгілі көлем бар. Менің ойымша, барлық мәселе түсінікті. Кейбір корпоротивтік, жеке деңгейде нарыққа қатысушылар әлдебір жаңалықтарды қолдануға тырысады, бұл мысалы , салықтар сияқты, яғни, корпорациялар да, жеке тұлғалар да қандай да бір заңды пікірталастарда салықты тиімді етудің амалын қарастырып жүреді. Менің ойымша, осындай жағдай мұнай өнімдері нарығында да болып жатқан сияқты. Дегенмен, нарық бар. Азды-көпті жұмыс істеуде. Ия, шынында да, ресейлік рубльдің құнсыздануына байланысты күрделі мәселелер болды. Алайда, бұл, менің ойымша, стратегияға еш әсерін тигізбейтін  жағдаятты нәрсе. Мұнай өнімдері нарығы бойынша бірыңғай позицияны жасау және салықтық қатынастарды да реттеуі  әбден мүмкін. Жекелеген ағындарды көріп отырмыз, олар Ресей мен Белоруссия, Ресей мен Қазақстан арасында жүріп жатыр. Менің ойымша, бұл уақыт еншісіндегі,  яғни,мемлекеттік органдар мен нарық жағдаяттарының еркіне байланысты.

-  Ресейлік мұнай менеджерлері  қазір қай нарыққа қарап отырғанын білуге бола ма? Ол қытайлық нарық па, әлде еуропалық немесе азияттық?

-  Ресейлік мұнай компаниялары қазір шетелге қарауда. Рубльдің құнсыздануы, жаһандық мұнай нарығында бағаның түсуі, экспорттық баж деңгейін қайта бөлу тұрғысынан өзгеріс әкелген, былайша айтқанда, ресейлік салықтық айласы , яғни бұл факторлардың бірлесуі , мұнай эспортының тиімді және табысты болуына жағдай жасады. Сол себепті қазір  елдің ішінде мұнайды қайта өндіру ақсап тұр, бірақ экпорттық бағыттар арнасына толып тұр. Әңгімеміздің басында айтқандай, ресейлік экспорт тарихи төмендеу шегінде. Ал географиялық бағытты айтар болсақ, онда оның барлығы  жеткізу экономикасы және көліктік күштің барлығына байланысты. Ия, шындығында, шығыстық бағыт өсуде. Ол жеті жыл бұрын іске қосылған және қытайлық нарық барлық мәселелерге қарамастан, азияттық-тынықмұхит өңіріндегі драйверлер  сұранысында негізгі  болып отыр. Құбыр желісі бойынша жүріп жатқан ресейлік мұнай бұл 50% қытайлық мұнайды қайта өндірушілер қоржынында. Біздің болжауымызша, алдағы бер- екі жылда, тіпті осы 2016 жылдың қорытындысы бойынша бұл 70% болады. 2015 жылдың  соңында  бірінші рет қытай бағытындағы экспорт рекорды  тіркелді. Ресей-Қытай нарығындағы дәстүрлі мұнай экспорттаушылар Ангола және Сауд Арабиясын басып озды.

-  "КазТрансОйл" компаниясы ресейлік мұнайды Қытайға транзиттеуді кеңейтуді ұсынды. Бұл ұсыныс Ресейді  қызықтыруы мүмкін бе?

-  Ия, ондай жоспар бар. Әңгіме SWAP және қазастандық экспортшылар, сонымен бірге Роснефть  арасында іске асып жатқан ШСТМ маркалы мұнайды жеткізу туралы болып отыр. Бірінші кезекте, барлығы қытайлық сатып алушылардың позициясына байланысты болады. Менің білуімше, қазақстандық және ресейлік мұнайға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан кеңейту туралы бұл ұсыныс нарықтық негізге ие.

-  Сіз жақында Астанада  форум ұйымдастырып өткіздіңіз. Мұндай шаралар сізге не үшін қажет және олар компанияға не береді?

-  Біріншіден, біз мұндай шараларды үнемі ұйымдастырып отырамыз. Негізгі мақсат- біздің серіктестермен және клиенттермен, Қазақстан Республикасы нарығына қатысушылармен, мемлекеттік органдармен сөйлесу. Бұл, бірінші кезекте, әлемдік халықаралық нарықта не жасалып жатқандығы, біздің не істеп жатқандығымыз, қандай идеялар бар екендігі  туралы ақпараттың ашықтығы. Біз бағаны анықтау әдісіне қатты тәуелдіміз, ол ашық болуы керек. Нарыққа қатысушылар және мемлекеттік органдар мұнай бағасының қалай қалыптасып жатқанын түсінуі керек. Бұл өте маңызды мәселе, сол себепті біз бұл жерде шама келгенше ашық әрекет етуге тырысамыз. Екіншіден, біз мұнай нарығы, әлемдік мұнай нарығы туралы айтып, өндірушілердің, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін және мұнай экпорттаушыларының жағдаяттық мәселелерін талқылағымыз келді.

Бізге баяндамалардың болғаны емес, кері байланыстың болғаны маңызды. Бізде әрқашан сұрақ-жауап сессиясы өте белсенді өтеді. Біз "Трансферттік баға белгілеу туралы" заңды жүзеге асыру барысындағы процеске қатысушылар екендігімізді айтқым келеді. Бұл біздің жұмысымыз үшін маңызды кезең, себебі мемлекеттік органдар мемлекеттік табыс бойынша мемлекеттік комитет шеңберінде Argus-тің аналитикалық есептерін белсенді қолданады және  Қазақстанның экспорты бойынша салық органдарынан өтетін шарттарда нарықтық бағамен сәйкестік бағасы сараптамасын жүргізу барысындағы біздің зерттеулерді де қолданады.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу