Жаңа Су кодексі нені көздейді?

762

Осыған дейін Жер қойнауы туралы және Экология кодексі мәтінін құрастыруға атсалысқан маман Тимур Одилов жаңа заңның жұмыс істеуі екіталай деген пікір білдірді. 

Жаңа Су кодексі нені көздейді? Фото: Egemen.kz.

Оның айтуынша, заңның орындалуын қадағалайтын мемлекеттік басқару болмайынша, кодекстің құны көк тиын.

Заң өнеркәсіп иелерін суды үнемдеуге шақырады, алайда ресурстың негізгі тұтынушылары — ауыл шаруашылығы субъектілері мен қарапайым тұрғындар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Біз осыған дейін Министрлікке Жер қойнауы туралы және Экологиялық кодексті құрастыруға көмектестік, сол тәжірибе негізінде айтарым, биліктің қолынан жаңа кодексті енгізу келмейді. Өйткені біз институционалдық мәселеге тап болдық. Соңғы экологиялық реформа мемлекеттік басқару әлі де болса заңнаманы өзегінен өткізіп, толық қабылдамағанын, заңдық негізде түбейгейлі өзгерістерге дайын емес екенін көрсетті. Мәселе заңда емес, оның орындалуын бақылаудың әлсіздігінде", — деді Тимур Одилов.

Су реформасына жіті тоқталар болсақ. Қазақстанда қолданыстағы Су кодексі (СК) 20 жыл бұрын — 2003 жылы қабылданған. Осы уақыт ішінде оған 70 түзету енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескі құжат уақыт талаптарына сәйкес келмейді деп санайды, өйткені ондағы су ресурстары экономикалық пайда тұрғысынан қарастырылады, ал су қауіпсіздігі мен суды үнемдеу мәселелері ескерілмеген көрінеді. Су кодексінің жобасы Ашық НҚА-ға— көпшілік талқылауына 13 қаңтар күні шығарылды. Қазірдің өзінде бизнес өкілдерінен, заңгерлер қауымынан біраз ескертулер мен ұсыныстар бар. Мысалы, Тимур Одилов жаңа заң өнеркәсіп иелерін, яғни бизнес субьектілерін қыспаққа алуды көздейді деп санайды. Мәселен СК жобасының 90-бабында жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салулар белгіленген, яғни біраз өнеркәсіп тұрып қалуы мүмкін. 

"Жер қойнауы туралы кодекс жазылғанға дейін үш жыл бойы талқыға салынды, Экологиялық кодекске бір жарым жыл кетті. Қаншама талдау жасалды, кездесулер өткізілді, бірақ екі жағдайда да мемлекеттік басқарумен жұмыс жүргізілмеді, яғни биліктегілер жаңа заңға сәйкес дағдыланбады. Сондықтан бүгінгі Кодекстен де ештеңе шықпайды деп ойлаймын. Бізге Су кодексі емес, жалпы су реформасы керек. Жаңа заңнама өнеркәсіп иелерінің тынысын тарылтуға ғана бағытталған сияқты", — деп түсіндірді спикер. 

Жоғарыда көрсетілген бабқа қатысты Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясы да келіспей, Ашық НҚА-да пікір білдірген екен. Олар қатты пайдалы қазбаларды барлық талып-міндеттемелерді сақтай отырып, су обьектілерінде ашық түрде өндіруге рұқсат беруді сұрайды. 

"СК жобасының 90-бабында жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салулар белгіленген. Тұрақты және маусымдық өзендердің арналарын, жасанды жер үсті су айдындарын бұру, су объектілеріне төгер алдында жер үсті ағындарын тазарту және техногендік суларды тазарту бойынша жаңа озық технологияларды қолдану жөніндегі шарттарды орындау кезінде қатты пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – ҚПҚ) өндіруді ашық тәсілмен өндіруді жүзеге асыруға рұқсат беру бөлігінде СК жобасының 90-бабына толықтыруды ұсынамыз. Тиісті түзетулер ілеспе заң жобасына, оның ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексіне және ҚР Экологиялық кодексіне де қажет болады. Сонымен қатар, ҚПҚ-ны ашық тәсілмен өндіруге рұқсат беру оны үнемді ететініне назар аударамыз, ал су қорғау аймақтары мен жолақтары бар ҚПҚ кен орындарында жерасты әдісімен өндіру көп жағдайда тиімсіз болып табылады", — делінген Ассоциация жазбасында.

"Еуразиялық Топ" (ERG) ЖШС Қоршаған ортаны қорғау департаментінің менеджері Сәкен Мәжітұлы заңнама қабылданған жағдайдайды кейбір баптарға сәйкес, су қоймалары бар не су ресурстарын талап ететін өнеркәсіп нысандары жабылады. 

"Егер Кодекс осы күйінде қабылданса, кейбір нормалар қатты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын зауыттар жұмысына тыйым салады, яғни олар жабылады. Мысалы біз өндіретін алюминийдің шикізаты — боксит, ал олардың көбісі су обьектілерінде орналасқан. Боксит болмаса, зауыт тоқырайды. Сол сияқты су арқылы өндірілетін қаншама пайдалы қазбалар бар. Бізге басында бұл тыйымдар жаңа өнеркәсіп нысандарына қатысты болады деген, ал қазір түзету бәріне қатысты болып отыр", — деді Сәкен Мәжітұлы. 

Заңгердің айтуынша, қазіргі негізгі проблема — заңның мақсаты дұрыс қойылмағанында. Жаңа кодекс суды қорғауға бағытталған (4-бап, 2 тармақ), алайда оның алғышарттары неде және онымен кім, қалай күреспек? 2040 жылға қарай ҚР-да қажеттіліктердің 50% көлемінде су ресурстарының тапшылығы болжанып отырғанын және бұл ең алдымен климаттың өзгеруінің салдарымен байланысты екенін ескерсек, климаттық проблемалар Су кодексінің жобасында әлсіз көрініс тапқанын байқауға болады. 

"Біз де Кодекс су нысандарын қорғауға бағытталған, бірақ кейінгі тенденцияны бақылар болсақ, жақында қорғайтын ештеңе қалмайды. Мәселенің түп-төркіні — климаттың өзгеруі, Қазақстанға кіретін су ресурстарының тарылуы, су тапшылығынан көршілердің өз міндеттемелерін орындамауы. Екіншіден, ауыл шаруашылығы судың 60%-ын пайдаланады. Келесі кезекте суды белсенді пайдаланушылар қатарында — халық. Бізде кәріз тазарту құрылыстары санатында үлкен проблемалар бар. Ал қайта сумен қамтамасыз ету технологияларын қолдануға міндеттеу 2020 жылы шыққан. 2025 жылдан бері оның экономика бойынша ставкасы 2 есе, 2028 жылы — 4 есе, 2031 жылы — 8 есе өседі. Сондықтан, менің ойымша, өнеркәсіпте проблема жоқ. Тағы да айтарым, негізгі мәселе суды дұрыс пайдалануда болып отыр. Акцент мүлдем дұрыс қойылмаған", — деді Тимур Одилов. 

Естеріңізде болса, өткен жылы ел Президенті жаңа Су кодексін әзірлеуді тапсырды. Кодекстің жобасы Парламентке 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында жіберілуі керек болған, алайда әлі күнге дейін талқыланып жатыр. 2024 жылға дейін Үкіметке ұсынылады деп жоспарлануда. Қазір тек оның жобасы таныстырылды, әлі де өзгертулер енгізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу