Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақыларын зейнетақы төлемінің жаңа жүйесі бойынша ала бастайды. Енді олар жинақталған зейнетақыларын бұрынғыдай бірден емес, тек айына бір рет қана алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы (БЖЗҚ) Нұрбибі Наурызбаева егер зейнетақы төлемдері алушының таңдауымен бекітілген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын төленетін болса, онда адамдар бір опцияны таңдап, жылдық соманы алып кететін айтты. Көп жағдайда бұл ақша жетпей жатады, үлкен сомада ақша алғаннан кейін көбісі оны жұмсап жібереді де, содан кейін өздерінің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды.
Осыған байланысты бұл жүйені өзгертуге шешім қабылданды деп отыр зейнетақы қорының басшысы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана төленетін болады. Зейнет жасына жетуіне байланысты барлық ақшасын тек жинақтары 12 зейнетақыдан аспайтын салымшылар ғана ала алады.
"Бұл заң 2015 жылы мақұлданған. Бірақ оны енгізу үш жылға шегерілген. Біз сараптау жұмысын жүргізіп, халықаралық тәжірибемен таныстық. Қазір негізгі мақсатымыз – жиынтық зейнетақының тиімділігін арттыру және адамдардың негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету",– деді Нұрбибі Наурызбаева.
Бұл норма зерттелген және халықаралық принциптерге сәйкес келеді деп отыр БЖЗҚ-дағылар. Ол қордың 2021 жылға дейін есептелген жаңартылған стратегиясының бір бөлігі болып саналады. Нұрбибі Наурызбаеваның айтуынша, қор стратегиясының негізінде сапалы қызмет көрсету мен жинақтауды жоспарлау мәдениетін дамытуға басымдық беріледі. БЖЗҚ басшысының түсіндіруінше, стратегияны қабылдауға жалпы ел экономикасындағы және жинақтаушы зейнетақы қорында орын алған бірқатар фактор мен оқиға себеп болған. Ол негізгі себептер ішінен мұнай бағасы мен энергия тасымалдаушылардың өзгеруін, теңгенің еркін айналымға жіберілуін, инфляциялық шектеу режиміне көшуді атады.
Сингапурдегідей болмайды
Нұрбибі Наурызбаева БЖЗҚ әзірге зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді. Бірақта қор басшысы мұндай тәжірибенің мысалы, Сингапурде бар екенін мойындады, алайда Қазақстан бұған дайын емес деп есептейді.
"Сингапурде зейнетақы төлемдерін төлеудің бірнеше көзі бар, олар адамның табысының шамамен 40%-ын құрайды. Егер бізде мұндай жағдай болса, онда әңгіме басқаша, онда зейнетақы жинағының жартысын алуға болар еді", – деді Нұрбибі Наурызбаева.
Қордағылардың есептеуінше, қазір зейнетақы жинағының орташа сомасы бір адамға шаққанда миллион теңгеге жетпейді. Бұл ақша барлығын қамту үшін аз, өйткені ел азаматтарының орташа өмір сүру жасы статистика бойынша ер адамдар үшін – 72, әйелдер үшін 76 жасты құрайды, кей жерлерде адамдар бұдан да ұзақ өмір сүреді. Ал БЖЗҚ басшысы адамға миллион қанша уақытқа жететін түсінбейді.
"Қазір жасы 39-ға толмаған адамдар ынтымақты зейнетақы алмайды. Олар мемлекеттен тек базалық зейнетақы алады, ол шамалы ғана сома, содан кейін БЖЗҚ-дан жинақталған төлемді алатын болады. Жинақталған зейнетақының жетпейтінін ескеретін болсақ, зейнетақы жинағын зейнет жасына жеткенде зейнетақы төлеуден басқа мақсаттарға жұмсау туралы айтуға әлі ертерек", – деді Нұрбибі Наурызбаева.
2017 жылы 6 қарашада еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қазір Қазақстанда базалық зейнетақы алатындардың саны 2 млн 139 мың деген еді. Алайда егер қазір базалық зейнетақыны барлығы еңбек өтіліне қарамастан бірдей алып отырса, ал 2018 жылы 1 шілдеден бастап ол еңбек өтіліне қарап төленетін болады.
"Бұл еңбек өтілі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарнасын аударуға қатысуды есептей отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, сонымен қатар 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін есептелетін болады", – деп атап кетті вице-министр.
Тәуекелді салымдар бар, қауіп жоқ
БЖЗҚ басшысы қордың тәуекелді салымдарына қатысты жағдайлар туралы сөз етті. Ол қордың ақшалары қазіргі уақытта проблемалы болып отырған RBK банкінде сақталып жатқанын айтты. Жақында банктің жағдайын оның негізгі иесі Владимир Ким қиын жағдай деп бағалап, қазір ноль теңге тұратын айтқан болатын. Алайда Нұрбибі Наурызбаева бұған бола қобалжудың қажеті жоқ екенін айтып отыр. Оның сөзінше, аталмыш құралға қызмет көрсету бойынша тәуекел жоқ.
"Бұл банкте зейнетақы қорының 49 млрд теңгесі бар. Бірақ қорқынышты ештеңе жоқ. Қазір Ұлттық банк бұл банкті сауықтыруға қажет шараларды қарастырып жатыр", – деді БЖЗҚ басшысы.
Ал Қазинвестбанк пен "Дельта-банкте" зейнетақы қорының мерзімі өткен активтері болған жоқ, оларды лицензияны қайтарып алғанға дейін жабу мүмкін болды деп түсіндірді БЖЗҚ.
БЖЗҚ басшысы зейнетақы активтері – бұл ұзақмерзімді инвестициялар екенін айтты. Оның айтуынша, қазір Ұлттық банк БЖЗҚ-ы қоржынының жартысын мандат бойынша шетелдік басқарушы компаниялардың басқаруына береді, ал олар табыстың жаңа көзін ұсынуы мүмкін.
"Қазір ұлттық қордың қаражаты да осы кесте бойынша басқарылады, яғни оның қаражатының жартысы шетелдік басқарушы компаниялардың сырттай басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін де солай ету жоспарланып отыр. Келісімшарт жасалған. Ұлттық банк бұл бағыттағы жұмысты арттырады", – деп түсіндірді зейнетақы қорының басшысы.
БЖЗҚ оңтайландыру жүргізді
Сондай-ақ БЖЗҚ басшысы 2018 жылы зейнетақы активтерінің комиссиялық сыйақысы айына 0,0225%-дан 0,015%-ға дейін (33%) төмендетілетінін айтты.
Нұрбибі Наурызбаеваның сөзінше, бұл бизнес-процестерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электронды қызмте көрсетуді енгізу және оның үлесін көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мүмкін болған. Жұмысты іске асыру мен дамытуға кеткен қазіргі шығынды сараптай отырып, шығындардың азайғанын қарап, БЖЗҚ Ұлттық банкке зейнетақы активтерін есептеуден түсетін комиссиялық сыйақыны төмендету бойынша ұсыныс жасағанын атап кетті БЖЗҚ басшысы. Осылайша 2018 жылға арналған "БЖЗҚ" АҚ-тың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыс сомасынан 5,25%, зейнетақы активтері айына 0,015% болады.
БЖЗҚ мәліметі бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағының жалпы сомасы жыл басынан бастап 897 млрд теңге артып, 2017 жылдың 1 қарашасында 7,58 трлн теңге болды, яғни өсім 13,4% болған. Салымшылардың жеке зейнетақы саны 10,1 млн бірлік. Жыл басынан бері салымшылар үшін 345,5 мың шот ашылған, бұл шоттарға 54,8 млн теңге зейнетақы жарнасы түскен. Келісімшарттың барлық түрі бойынша жарналардың жалпы сомасы 616,5 млрд теңге болған, оның ішінде 586,8 млрд теңге міндетті зейнетақы жарналары есебінен түскен. Қорға түскен түсімдердің орташа айлық көлемі 61,65 млрд теңге болған, жарналардың орташа айлық саны 5,5 млн жарна. Бұл– шамамен күніне 274 мың дана.
2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-на аударылған таза инвестициялық табыс 457,7 млрд теңгеден асқан. Инфляция 5,4% болған кездегі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,62% болған.Зейнетақы төлемдерінің сомасы 176,9 млрд теңге болған, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны 20,9 млрд теңге. Салыстыру үшін айтар болсақ, былтырғы жылдың осындай кезеңінде БЖЗҚ-дан 142,6 млрд теңге төленген, оның 16,9 млрд теңгесі сақтандыру ұйымдарына төленген.
Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов