"Жария лауазымды адамдар" деген кімдер?

1724

Сенатта қылмыстық кірістерді азайту және ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған Заң қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

"Жария лауазымды адамдар" деген кімдер?

Бұған дейін Парламент Мәжілісінде де мақұлданған Заң жобасы былай аталады: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". Заң жобасының мақсаты, міндеті және күтілетін нәтижесі туралы сенатор Ольга Перепечина түсіндірді.  

Заң жобасының мақсаты

Заң жобасы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының міндеттері

1. "Жария лауазымды адамдар" ұғымы енгізіледі, ол ұлттық және шетелдік мемлекеттік лауазымды адамдарға бөлінеді. Бұл ретте Агенттік ұлттық жария лауазымды адамдардың тізімін жүргізетін болады, олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

"Жария лауазымды адамдар" тізіміне Үкімет мүшелері, биліктің сот және заң шығарушы өкілдері, мемлекеттік корпорациядардың басшылары енгізіледі. Сенат мүшелері бұл тізбеге орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, облыстар мен республикалық маңызды қалалардың әкімдері мен орынбасарлары енгізіледі деп күтеді.

2. Цифрлық активтер (қамтамасыз етілген) саласында өз қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бақылау-қадағалау функцияларын айқындай отырып, осындай субъектілер үшін туындайтын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны туралы хабардар ету міндеттемелерін енгізе отырып, қаржы мониторингі субъектілерінің қатарына жатқызу ұсынылады.

3. Агенттікке бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтеріне қолжетімділік беру және өз клиенттерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат алу бойынша қаржы мониторингі субъектілері үшін (тек қаржы ұйымдары үшін ғана) үлгілік нысанды белгілеу.

4. Ойын бизнесі бойынша шекті мәнді 3 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен мәмілелер бойынша 200 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады, бұл кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы көлеңкелі ортада жасалатын қылмысты анықтауға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер

Заң жобасын қабылдаудың халықаралық стандарттар негізінде ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру тұрғысынан да, қылмыстық кірістерді экономиканың нақты секторына тартуды азайту тұрғысынан да қолайлы болады.

Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тиімді және орынды іс-қимыл жасауға жәрдемдесетін болады.

Заң жобасы тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге қайшы келмейді.

Заң жобасына Парламент депутаттары С.А. Симонов, А.В. Бочин, А.М. Жамалов, А.И. Лукин, Н.Н. Қылышбаев, О.В. Перепечина, И.В. Смирнова бастамашылық жасаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу