Жатақханадан интернет үстемдігіне дейін: Google 25-ке толды

943

Екі студент ойлап тапқан стартап әлемдегі ең құнды әрі ықпалды интернет-компанияға айналды.

Жатақханадан интернет үстемдігіне дейін: Google 25-ке толды Фото: google.com

Осыдан 25 жылдан астам уақыт бұрын Стэнфорд университетінің екі студенті жатақханада жатып, интернетте іздеу жүйесін жасау қажет деген тоқтамға келді. Бұл идея өміршең болып шықты.

Бастапқыда BackRub деп аталатын стартап әлемдегі ең құнды әрі ықпалды компаниялардың бірі Google-ға айналды.

Google-дің өнімдерін, соның ішінде Gmail мен іздеу қызметтерін қазір жер-жаһанда миллиардтаған адам пайдаланады және оның негізін қалаушылар Ларри Пейдж пен Сергей Брин әлемдегі ең бай адамдардың қатарында.

Бүгінде Alphabet иелігіндегі танымал технологиялық алпауыт тарихындағы бірнеше маңызды кезеңге тоқталсақ, олардың қысқаша сипаты төмендегідей:

ЖЫЛДАР МЕН ОҚИҒАЛАР

1995-1996 жылдар

Пейдж бен Брин Стэнфорд университетінде кездесіп, BackRub атты іздеу жүйесін жасады.

1998 жыл

Қазір Google атымен танымал стартап Sun Microsystems құрылтайшысы Энди Бехтольшаймнан $100 000 қаржылай көмек алады.

1999 жыл

Google өзінің алғашқы пресс-релизінде Sequoia Capital және Kleiner Perkins компаниялары оны қаржыландыруға 25 миллион доллар бөлетінін жариялап, әлемге "Googlers" терминін ресми түрде таратты.

2000 жылдың маусымы

Google сол кездегі ең танымал веб-сайттардың бірі Yahoo үшін іздеу жүйесінің провайдері атанады.

2000 жылдың қазаны

Google кейіннен өз бизнесінің негізіне айналған AdWords онлайн жарнама платформасын іске қосты.

2001 жыл

Эрик Шмидт Google-дың бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2004 жылдың сәуірі

Google 1 ГБ  жады бар Gmail электрондық пошта қызметін сынап жатқанын хабарлады.

2004 жылдың тамызы

19,6 миллион акция алғаш рет биржаға шығарылды. Құнды қағаздардың бір данасының бағасы 85 доллар болып белгілденді.

2005 жылдың ақпаны

Жұмыс үстеліне арналған Google Maps қолданбасы іске қосылды.

2005 жылдың тамызы

Android мобильді стартапын сатып алады.

Google Talk жылдам хабар алмасу қызметін іске қосады.

2006  жыл

1,65 миллиард долларға YouTube онлайн видео қызметін сатып алады.

2007 жылдың сәуірі

DoubleClick веб-жарнама жеткізушісін 3,1 миллиард долларға сатып алғанын хабарлайды.

2007 жылдың мамыры

Пайдаланушыларға суреттер, бейнелер және жаңалықтар сияқты барлық мазмұндағы іздеу нәтижелеріне бірден қол жеткізуге мүмкіндік беретін әмбебап іздеу жүйесін ұсынады.

2008 жылдың қыркүйек айы

Алғашқы Android телефоны, T-Mobile G1 немесе HTC Dream дебют жасайды.

Google Chrome веб-браузері іске қосылды.

2010 жылдың қаңтары

HTC компаниясымен бірлесіп әзірлеген Nexus One смартфоны шығарылады.

2010 жылдың наурызы

Қытайда іздеу нәтижелеріне жарияланған цензураға тосқауыл қойылды. Әрі қарай бұл елде Google-ға тыйым салынды.

2010 жылдың қазаны

Google Калифорниядағы Toyota Prius автокөліктерінің шағын паркінде өздігінен жүретін алғашқы автомашинасын сынауға кірісті.

2011 жылдың маусымы

2018 жылы жабылған Google+ әлеуметтік желі қызметі іске қосылды.

2011 жылдың тамызы

Google Motorola ұялы телефондары мен теледидар приставкалары бизнесін қамтитын Motorola Mobility фирмасын 12,5 миллиард долларға сатып алғанын хабарлайды.

2012 жыл

Google Glass көзілдірігі пайда болды.

2013 жыл

Израильдік Waze картасын 1 миллиард долларға сатып алғанын хабарлайды.

2014 жыл

Қаңтар айында Google  DeepMind AI фирмасын сатып алатынын хабарлайды.

2015 жыл

Google және YouTube кіретін Alphabet компаниясын құру туралы жоспар жарияланады. Сундар Пичай Google компаниясының бас директоры болып тағайындалды.

2016 жылдың қазан айы

Pixel атты алғашқы смартфонын шығарды.

2016 жылдың қарашасы

Google Home смарт динамигі іске қосылды.

2017 жылдың маусымы

Еурокомиссия Google-ға іздеудің бейтараптығын бұзғаны үшін 2,42 миллиард еуро айыппұл салды.

2018 жылдың ақпаны

Google бірінші рет жылдық сату көлемінің 100 миллиард доллардан асқанын хабарлады.

2018 жылдың шілдесі

Еуропалық комиссия Google компаниясына Android операциялық жүйесіне қатысты 4,34 миллиард еуро айыппұл салды.

2019 жылдың наурызы

Еурокомиссия бұл компанияға интернет-жарнама бизнесіндегі бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін 1,49 миллиард еуро айыппұл салды.

2019 жылдың маусымы

Google 2,6 миллиард долларға Looker аналитикалық стартапын сатып алғанын жариялады.

2019 жылдың қарашасы

Google Fitbit-ті 2,1 миллиард долларға сатып алғанын хабарлайды.

2019 жылдың желтоқсаны

Бірлескен құрылтайшылар Пейдж бен Брин сәйкесінше бас директор және президент қызметінен кететінін хабарлайды; Пичай Alphabet компаниясының бас директоры атанды.

2020 жыл

Alphabet-тің нарықтық капитализациясы 1 триллион долларға жетті.

2023 жылдың қаңтары

Компания өз жұмыс күшінің 6 пайызын немесе 12 000 вакансияны қысқартты.

2023 жылдың ақпаны

Google мәтіндік контент жасап, интернеттен ақпарат ала алатын Bard чат-ботты туралы хабарлайды. Дегенмен, оның демо-версиясындағы қателіктер Alphabet акцияларына орасан зиян келтіріп, компанияның нарықтық капитализациясынан 100 миллиард долларды жойып жібереді.

Google компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Сюзан Войчицки YouTube бас директоры қызметінен кетті; Оның орнына Нил Мохан тағайындалды.

2023 жылдың наурызы

Кейбір пайдаланушылар үшін Bard шығарыла бастады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу