Жоюға қабылданған ескі көліктердің саны жүз мыңнан асты

29345

Ескі техниканы жоюға тапсыру арқылы жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасына екі жыл толды. 

Жоюға қабылданған ескі көліктердің саны жүз мыңнан асты

Отандық автопаркті жаңартып, экологияны жақсартуға арналған жобаға "ӨКМ Операторы" қорытынды жасады. Сертификат бағдарламасы іске қосылған күннен бері дәл осы бағдарлама бойынша  28 692 автокөлік жоюға тапсырылған. Оның 26 911-і жеңіл автокөлік болса, мыңнан астам сертификат салмағы 3,5 тоннадан асатын автобустар мен Газель және жүк көліктеріне берілген.  Жеңілдік сертификатын пайдалану арқылы Қазақстанда құрастырылған 13 783  жаңа көлік сатып алынды,  деп хабарлады  ӨКМ Операторының баспасөз қызметі  

Ескі көлікті жоюға тапсырып, ақшалай өтемақы беретін (150 мың немесе 48 мың теңге)  бағдарлама бойынша 72 274 көлік тапсырылды. Тозған көлігін өткізген азаматтарға 10 млрд 833 млн теңге қаражат аударылды. Қос бағдарламаның нәтижесі бойынша 100 966 көлік қабылданған.

Сонымен қатар жүк көліктеріне берілетін сертификат құны биыл 100 мың теңгеге ұлғайтылды. Былтыр оның бағасы 450-650 мың теңге болса, биылдан бастап оның көлемі 550-ден 750 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал жеңіл автокөлік сертификатының құны 315 теңге  қалпында сақталды.

Тозығы жеткен көлік құралдарын жоюға қабылдау бағдарламасы аясында еліміздегі қабылдау бекеттері әр сенбі сайын ашық есік күнін өткізуде. Осы күні көлік тапсырушы азаматтар өз аймағында орналасқан бекетке келіп, кезекке тұрмай-ақ көлігін тапсыра алады. Бұл, әсіресе, электронды кезек жүйесін күтпей, ескі техникасын бірден қабылдау бекетіне алып  келушілер үшін жақсы мүмкіндік болды.  

 Айта кету керек, ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы отандық автопаркті жаңартып, экологиялық көлік құралдарының өндірісін ынталандыру және қайта өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу