"Атамекен" жол картасының жеті басымдылығы

Алексей Банцикин Алексей Банцикин
12799

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы келешектегі өз қызметінің жеті басымдылығын нақтылады және оларды жүзеге асыруға дайын.

"Атамекен" жол картасының жеті басымдылығы

Қазақстан бизнесіне ғаламдық дағдарыстың әсерін азайтудың тиімді шараларын табу- "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдына қойылған міндет. Оның жетістіктері -басымдылықтың айқын жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ең бастысы, келешекте бұл үшін "Атамекен" қандай ресурстар есебінен қамданатын болады?

Палата басшыларының өңірлерге барған жақындағы сапары және өңірлік бизнес-қауымдастықтармен кездесуі нәтижесі бойынша ""Атамекен" жол картасын" құруға шешім қабылдауы - ҰКП-ның бұл міндетті қандай жолмен іске асыратындығы жайында нақты көрінісінің бар екендігін білдіреді.

"Атамекен" ҰКП-ның стратегиялық мақсаты анықталып қойған. Бұл әкімшілік кедергілерді жою, заңнамалық және нормативтік жұмыс, бизнес үшін қаржылық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану, адами капиталды дамыту және басқа да бағыттар.

Алайда, уақыт өзінің өзгертулерін енгізеді, сондықтан күн тәртібі де жанданып отырады. Бизнестің сұранысы негізінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таяу арада атқарылатын жұмыстың бағытына орай жеті басымдылықты қалыптастырды. Дәл осылар келешекте ҰКП басқармасы, өңірлік палата және кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді, дәл осылар жол картасының негізі болады.

Сатып алулар: барлығы да ашық болуы керек

Бірінші кезектегі міндет ретінде, отандық өндірушілерді мемлекеттік  және мемлекет сыңайлы компаниялардың сатып алуларына қатысуын қамтамасыз ету болып табылды. Бұл, бұрынғыша, ұлттық бизнес-мүддесін қорғаудың ең басты мәселесі болып қала береді

Ұлттық палата құрылған кезінен бастап осы бағытта жоспарлы және жүйелі жұмысын жүргізіп келеді. Нақты атқарылған жұмыстар да бар. ҚР қаржы министрлігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қорымен және оның еншілес компанияларымен, Астана және Алматы қалалары әкімдігімен келісімге қол қойылған. Осындай келісімдерге қол қою басқа да өңірлерде жүзеге асырылады.

Осы бағыттағы "Атамекен" ҰКП жұмысының негізгі мақсаты- мемлекеттік сатып алулар процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Негізгі міндет- импортты алмастыруды ынталандыру. Мұның құралы- ұзақ мерзімді шарттар жасау.

Ұлттық палата басқарамасы орынбасарларының бірі өзінің негізгі жұмысынан басқа мемлекеттік сатып алулар мәселесіне де жетекшілік ететін болады.

Бүгінгі күні кәсіпкерліктің өсуін ынталандырудың басқа қоры жоқ деуге болады. Ел экономикасы әлі күнге дейін мұнай мен газды сату есебінен келетін түсімдерге тәуелді. Осы экспортты өнімдердің бағасы жоғары болмаса да, түсімдер тұрақты.

Сондықтан қазіргі уақытта үкімет үшін отандық бизнеске мемлекеттік және мемлекет сыңайлы сектордың сатып алуларына қатысуға кең мүмкіндік беруді қамтамасыз ету өте маңызды. Ал Ұлттық палата тарапынан осы процестің мүмкіндігінше ашық өтуіне, яғни отандық бизнес мүдделері лайықты ұсынылатындай,  ал кәсіпкерлер ұзақмерзімді шарттар алуын  қамтамасыз ететіндей жағдай жасау қажет

Сонымен қоса, "Атамекен" бизнеске сатып алу процесіне енуді шама келгенше жеңілдетуі тиіс және осы мақсатта сервистік қолдау мен жобаларды қолдау көрсетіледі.

Бүгінде "Атамекен" қазақстандық мазмұнды индустриалды сертификатпен қамтамасыз етудің жаңа түріне жұмыс істеуде. Бизнеске сатып алуларда басымдылық құқығын беретін бұл құжат  бизнес үмітін ақтамаған CT-KZ үлгісінің орнына келеді.   

Бірақ та индустралды сертификатты кеңінен енгізу- республикалық, мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілердің ұлттық тізілімі негізінде біліктілік алдындағы тәуелсіз салалық сарапшылар институтын енгізу болуы керек. Бұл жұмыстың қорытындысы ұзақ мерзімді шарттар мен субконтрактілер негізінде импортты алмастыру бағдарламасының шығуымен көрінеді.

 Шағын бизнес үшін бастапқы капитал

Жұмыссыздықпен күрес мемлекет атқарымдарының бірі болып табылатындығы жалпыға белгілі. Бірақ бизнес те әлеуметтік мәселелерден тысқары қала алмайды. Сондықтан да "Атамекен" ҰКП қызметінің маңызды басымдылығы болып, жұмыспен қамтуға көмектесу бойынша нақты шаралардың бірқатары белгіленген. Бұл міндетті шешуде бизнесті дамыту, оның ішінде, әсіресе, шағын бизнес еңбек нарығын кеңейтуде үлкен әлеуетке ие.

ҰКП бұл мәселені шешудің негізгі құралдарының бірі ретінде шағын кәсіпкерлік  субъектілерін  демеушілер есебінен және жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруынан микронесиелеу жүйесін құру дейді. Келешекте Қазақстанның жеті облысын 7 млрд. теңге  қорымен микронесиелеу жоспарлануда. Бұл бағыттың, алғашқылары,  "Атамекен" ҰКП-мен және облыстар әкімдігімен  тиісті меморандумдар жасаған "АЛМЭКС" компаниясының тобы болды.

Микронесиелеулер ең төменгі пайызда, үш жылға , жылдық 6-7 пайызбен берілетін болады. Ең бірінші, ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық кооперациялары жобаларына беріледі.

Аталған бағдарламаның ерекшелігі несиені ала отырып, кәсіпкерге кепіл қою міндетті емес. Бағдарлама бастамашылары бизнесмендерді кепілсіз қаржыландыруға дайын ( алайда бөлінген қаражатты қайтару керек)

Мәселені шешудің негізгі элементі -жұмыс берушілердің "Жұмыспен қамту жол картасы -2020" барысында кадрларды дайындауға сұранысын нақтылау. Бұған "Атамекен" ҰКП жанында аккредиттеуден өткен салалық қауымдастықтар қолдау көрсетуде. Олардың қызығушылығы түсінікті. Дуалды кәсіби білім беруді дамыту жағдайында ірі және орта кәсіпорындар кәсіби техникалық колледждерді басқаруға қатысуда, сол себепті кадрларды дайындау мәселесі бірінші орынға шығатыны белгілі.

Дегенмен, сала әрдайым үлкен айналымы бар ірі кәсіпорындарға ұсынылмайтыны белгілі. Осыған байланысты "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қолдауына сенеді.

"Көмектесеміз және қолдаймыз!"

Бизнес – өте серпінді және үнемі дамушы сала. Үнемі жаңа құбылыстар, қарым-қатынастар, нарық тауашасы туындап отырады. Жиырма жыл бұрынғы білетініңмен қазіргі күнгі ағымға ілісе алмайсың.

ҰКП алдына қойылған бизнесті дамыту міндеттерін есепке ала отырып және қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында ( әсіресе, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда)  кәсіпкерлік негіздерін үйрену ерекше маңызға ие болуда. 2015 жылдан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтің қаулысымен және тапсырыс беруші ҚР ұлттық экономика министрлігімен жасалған шартқа сәйкес  "Бизнестің жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы барысында бизнесті қаржылық емес қолдау бойынша шараларды іске асыруда.

Былтырғы жылы палата өз атқарылымдарын бағдарламаның үш компаненті : бизнесті сервистік қолдау, ақпараттық кеңес беру және бизнес-оқыту бойынша жүзеге асырды. "Атамекен" ҰКП мақсаты- кәсіпкерге ақпараттар әлемінде адасуға жол бермеу және оған өзінің бұдан арғы қызметінде дұрыс бағытты таңдауға көмектесу.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары еліміздің барлық өңірлерінің 180 ауданында құрылған. Байқау өткізу негізінде кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсететін кәсіпорындар іріктеп алынды, бұл Қазақстанның 16 өңірінде жұмыс істейтін 800 адам.  Кәсіпкерлік бастаманы қолға алған кез келген азамат немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпкер тіркеу процедурасын жасау, бизнес- жоспарды дайындау, оған қажетті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысуға және басқа да заттарға көмек ала алатындығын айтуға болады.

2015 жылы орталықтың кеңесшілері қызметін  40 мың қызмет көрсетілген 30 мыңнан астам кәсіпкер қолданған. Бұл цифрлар атқарылған жұмыстар актілерімен, қаржылық есеп құжаттарымен нақтыланады.

Бөліп төлеу арқылы жекешелендіру

Кәсіпкерлермен кездесу барысында мемлекетпен тиімді қолданылмай жатқан нысандарды жекешелендіру мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын.

"Біздің ойымызша, осы саладағы айтып жатқан табыстарымыз үнемі шындыққа жанаса бермейді. Оған екі себеп бар. Біріншісі, жекешелендіруге қойылғандардың басым көпшілігі коммуналдық кәсіпорын, білім беру және мәдениет мекемелері, тіпті ғылыми-зерттеу мекемелері сияқты тартымдылығы аз активтер.  Жергілікті атқарушы органдар көбінесе сұранысқа ие емес нысандардан құтылғанды жөн көреді. Ал жаңа иегерлерге мекеме жұмыс істеп кетуі үшін көптеген қаражат салу керек,ал бұл  несиелік ресурстарды тартуды талап етеді. Екіншісі, кәсіпкерлерге елімізде жекешелендіру үшін ұзақмерзімді қаржылар қолжетімсіз. Шындығын айту керек, қазіргі уақытта бизнесті жекешелендіру мәселесі емес, күн көріс мәселесі толғандырады. Сондықтан да біз жекешелендіру компанияларына о бастан тиімді құралдарды: нысандарды бөліп төлеу арқылы беру, сенімгерлік басқармаларына одан әрі сатып алу және т.б ұсындық", - деді "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев.    

ҰКП басшысының ойынша, жекешелендіру процесіне Yellow pages  қағидасы негізінде, республикалық, коммуналдық және мемлекет сыңайлы сектордың,  барлық меншік түрлерінің тиімділік аудиті болуы керек. Сонымен бірге мемлекеттік жеке серіктестік және сенімгерлік басқару түрлерін қолдану мүмкіндігін де есепке алған дұрыс.

Егер мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы және әкімдіктердегі жекешелендіру жөніндегі комиссия құрамына Ұлттық палата немесе өңірлік палата өкілдері қосылса, бұл жұмыс жылдамырақ атқарылар еді. Сонымен бірге ,ҰКП-ның сарапшылары ҚР ұлттық экономика министрлігі жанындағы Жобалау офисі құрамына да кіруі керек.

Отандық қаржы нарығына қатысушылар жекешелендірудің ірі нысандары бойынша келісімдер жасауға және бағалау үшін тәуелсіз кеңесшілер тізіміне кіруі керек. Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік жеке серіктестіктің "пилоттық" жобаларын іске асыру, әлеуетті жекелеген серіктестер тізілімін қалыптастыру, олардың оң тәжірбиесін қолдану мен тарату идеясы айтуға тұрарлық. 

"Қазақстандық активтерге  Қытай мен Ресейден басқа шетелдік инвесторлар қызығушылық танытпай отырғанын түсінген дұрыс. Бірақ, тек қазақстандық бизнес осы активтерді басқаруда ұлттық егемендікті қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қоса, мемлекет иелігіндегі бірқатар нысандар сауатты басқарудың болмауынан тиімсіз қолданылуда. Жеке бизнес бұны жақсы қолдана алар еді",- деп есептейді Тимур Құлыбаев.

Осыған байланысты ҰКП жекешелендіруге қойылған активтерден ірі кәсіпорын пулын құрауды ұсынып отыр. Олар өздерін жақсы жағынан көрсете білген қазақстандық компанияларға ерекше талап ( бөліп төлеу, сенімгерлік басқару және т.б) бойынша берілуі мүмкін. Палата осындай кәсіпорындарды ұсынады және олардың кепілгері болады.

Кооперативтер- фермерлер үшін мүмкіндік

Сұрақтардың басым көпшілігі- ауылдағы бизнесті дамыту. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығына үлкен  құйылулар көлеміне қарамастан, парадаксалды жағдай туындап отыр, яғни агарлы сектор еліміздің  ІЖӨ-нің тек бес пайызын ғана құрайды. Ал дәл қазіргі уақытта қазақстан халқының тең жартысы ауылда шоғырланған.

"Бүгінгі күні біздің ауыл шаруашылық азық-түлікпен, тіпті, ішкі нарықты қамтамасыз ете алмайтынын мойындағанымыз жөн. Бұл ұлттық экономикалық қауіпсіздікке үлкен қауіп, егер валюталық ресурстар импорттық азық-түлікке жұмсалатын болса, біз құнсыздануды қалай ұстап тұра аламыз?", -деп көрсетті Тимур Құлыбаев.

ҰКП  сарапшыларының сараптамасы ұсақ және орта  фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықты ірі- тауарлы өндіріске өзгертуге ынтаның болмауы ауыл шаруашылықтың негізгі мәселесі болып табылатындығын көрсетті.

Шаруалармен өсіріліп жатқан ауыл шаруашылық өнімдерінің қазіргі көлемі ірі қайта өңдеуші тұтынушыны қызықтыра алмайтыны белгілі. Осыдан барып шаруа қожалықтарының өнімді өткізуге байланысты қиындықтары туындайды. Сол себепті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылық кооперациясы туралы заңнамаға өзгерту енгізуге бастамашы болды.

Кооперативтерді құру шаруаларға өздігінен шешімді қабылдауда, өзінің мүлігін қолдануға және басқару құқығын алуға, тұтынушылармен келіссөздерге қатысуға немесе тыңайтқыштарды,техниканы, асыл тұқымды малды  сатып алу,  су құбырын салу сияқты ортақ экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

"Бірақ мұның барлығы ауыл жұртшылығымен жүйелі жұмыс арқылы ғана мүмкін болмақ. Біз кооперацияның құндылығы мен басқарудың жаңа әдістерінің тиімділігін дәлелдеп, сендіруіміз қажет. Бір фермердің айтқанын ірі көтерме сатып алушының ескеруі мүмкін емес. Ал өндірушілер тобының айтқаны- басқаша күш береді",- деп "Атамекен" ҰКП басшысы атап көрсетті.

Осы мақсатта палатамен 11 ауыл шаруашылық кооперативтерін құру үшін жағдай жасалуда, онда шаруашылықтандырудың жаңа үлгісі "пилоттық"  тәртіпте енгізіледі. Келешекте кооперативтердің тәжірбиесі елге таратылатын болады.

Кеден: қысқарту және жеңілдету

Біздің қызметіміздің тағы да бір үлкен бағыттарының бірі-  импорттың бұрынғы контрафакт және жемқорлық тәсілдері  арқылы өтуін болдырмау мақсатында экспортты-импорттық операцияларды қысқарту.

Кедендік алым-салық қазақстандық бизнестің бұрыннан келе жатқан шешімін таппай жүрген мәселесі, ҰКП-ға  кәсіпкерлер тарапынан келіп түскен шағымдардың ішінде дәл осы шағымдар бірінші орында тұр.  Заң талаптарында көрсетілген деген желеумен ашық бопсалау жағдайлары да болған. ҰКП осы мәселені толықтай шешуді ұсынады. Бірақ бұл келесі шаралардың жүзеге асуын талап етеді.

Бірінші- "Атамекен" Грузияның тәжірбиесін алып көруді ұсынады. Нақтырақ айтсақ,негізгі рұқсат ету бекеттерін мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде кедендік рәсімдеу зоналарын басқару және құрылыс бойынша жобаларды іске асыру.  

"Кеденде "жекеменшіктің" болуынан қорықпаған жөн. Оның басқару үлгісі мемлекеттікінен де тиімдірек болуы мүмкін. Алайда, бұл үшін барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында КРЗ  бойынша бірыңғай талаптарды дайындау талап етіледі. Грузияда кедендік процедуралардың барлығы "бір терезе" қағидасы бойынша іске асады", - дейді Тимур Құлыбаев.

Бұл үшін не қажет?  "Бір терезе" және электрондық мағлұмдау барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялау. ҰКП-ның сарапшылары кедендік рәсімдеуде кедендік бекет бақылауы акцентін   кедендік тазалау кезеңінен тауарларды шығару кезеңіне жылжыту қажет деп есептейді.  Бұл ішкі экономикаға  адал қатысушыларды ынталандыруға мүмкіндік береді. 

Кедендік тазалауда ұсынылатын құжаттар санын қысқартуға қолжеткізу керек. Жаңа қағидаларды енгізу  Ақтау немесе "Қорғас" кедендік бекетінде "Веритас" бюросымен "Е-фрахт" жобасын іске асыруға көмектесер еді.

 Бірақ бұл міндеттерді іске асыру үшін үкіметтің қалауы керек.

Істі сотқа дейін жеткізбеу

Соңғы кезде бизнестің дамуы бизнесмендердің талқылауын сот залынан төрелікке ауыстыру байқалуда. Бұл немен байланысты?

Қазақстан соттарында арыздарды қарау процесінің өте көп екендігі жасырын емес. Шаруашылық істер бойынша келіп түсетін арыздар санына қарай отырып, бұл үрдіс тек күрделене түспек деп ойлаймыз. "Атамекен" бизнеске басқа шешімді ұсынады. Сол себепті бизнес субъектілерінің арасында және сол сияқты мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу механизмі палата қызметінің басты бағыттарының бірі болды. Бұл тек төрелік қана емес, сонымен қатар медиация, шағым беру. Біршама істелген жұмыстар бар, төрелік өндіріс туралы норма о баста "Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заңда жазылған.

Осы мақсатта ҰКП-да екі жыл бұрын төрелік және аралық талқылау орталығы құрылған болатын. Бұл бизнесменге өз қаражатын үнемдеуге, жүйкесін тоздырмай, нақты ашық шешімге үміттенуге мүмкіндік беретін,мемлекеттік сотқа балама.

Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың сот төрелігінің араласуынсыз өздігінен төрешілерді таңдап және олардың көмегімен туындаған мәселелерді шешеді. Тараптар дауды шешу процедурасын өздері белгілейді. Яғни, тараптардың келісімі бойынша олар дауды шешу орнын , шешу тілін, процедураны, мерзімін, қарастыру қалай өтетіндігін анықтай алады. Мысалға, ол онлайн-тәртіпте болуы да мүмкін, онда тараптар тіпті кездеспей- ақ, конференц байланыс жүргізеді. Немесе тараптар белгіленген төрешіге талап арызды беру, пікір және т.б. сенетіндігі туралы құжаттарды тапсыруына болады. Бұл жердегі артықшылық даулардың жылдам қаралуы.

 Адамдарға, ал бизнесмендер үшін, бірінші кезекте, уақыт ең басты ресурс екендігін есепке алатын болсақ, олар негізгі қызметтерімен айналысуы керек, яғни, тауар өндіруі керек немесе қызметтер көрсету қажет, бұл өте маңызды. Егер олардың уақыты дауларды шешуге, жиналыстарға баруға кететін болса, онда ол үлкен кедергілер жасайды.

Алайда, "Атамекен" ҰКП сарапшылар пікірі бойынша, сотқа дейінгі талқылаудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше жағдайларды шешіп алған жөн дейді. Негізінен, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен салықтық және кедендік дауларды сотқа дейін реттеудің механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде палата ҚР қаржы министрлігінің қолдауына сүйенеді. 

Бірақ мұндай сызбаны іске асыру үшін Салық және Кедендік кодекстер жобасына тиісті нормаларды қосуды талап етеді. Қазір Ұлттық палата осындай жаңартулар пакетін дайындауда.

Сарапашылар тұжырымдамалық заңнамалық өзгерістері есебінен  Ұлттық Кәсіпкерлер палатасындағы Төрелік орталық және аралық талқылау жұмысы жанданады деп күтуде. Бұған өздігінен реттеу негізінде орталық төрелік және аралық талқылауға судьяларды іріктеудің ашықытығы механизмі ықпал етеді.

Өңірлік карта: бизнес айдынындағы жол көрсетуші

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы- Ұлттық палата қызметінің жетінші басымдылық бағыты.

Бүгінде индустралды-инновациялық бағдарламаны дамыту барысында өңірлердегі кәсіпкерлерге қаржыға қолжеткізуге мүмкіндік бар, оларға индустралды зоналарды жаппай дамытуға мүмкіндік берілді, ал жергілікті үкіметке  инвесторларды тарту мақсатында өздігінен артықшылықтарды ұсынуға кейбір салықтар бөлігіне белгіленген дербестік берілді. 

Бірақ бұл әр өңірдің нарық жағдаятына қарамай, ерекше нәрсе жасауға ұмтылуына әкелді. Ішкі салалық және өңір аралық кооперация, жергілікті ресурс, еңбек нарығы және шикізатымен байланыс жоқ. Өңірлерге бару сапары және ЖИИД МБ бірінші кезеңін іске асыру, өкінішке орай, өңірлердің басқа облыстарда қандай жобалар жүзеге асып жатқандығы туралы ақпараты жоқтығын көрсетті. Бір елде тұрамыз, ал салааралық баланс немесе өндірістік қуаты балансын орналастыру жоқ. Кейде мұндай жағдай қателікке әкеледі.  

Мысалға алатын болсақ, цемент зауыты салынуда, инвесторлар тартылады, ал  дәл осы уақытта көрші облыста осындай екі кәсіпорын жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік субъектісінің тізілімін құру қажет, ол осы немесе басқа да өңірлердегі осы немесе басқа да жобаларды дамыту бойынша көріністі толықтай көруге мүмкіндік береді. Алайда, өкінішке орай, мұндай статистика бұрын болған емес, оның болмауы осы мәселе бағдарын нақты белгілеуде кедергі болды.

"Атамекендегі" жағдайды сараптай отырып, өңірлердің даму картасын жасау- бұл әрбір өңірдегі кәсіпкерліктің даму потенциалының, олардың ресурстық,экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдылығының көрінісін көрсету.

Бүгінде онлайн-тәртіпте жұмыс істейтін картада әрбір аудан факторлық сараптамасымен, табиғи ресурстарымен, пайдалы қазбаларымен, энергоқуатымен, еңбек нарығы ресурстарымен көрініп тұр.

Былтырғы жылы желтоқсан айында "Алтын сапа" республикалық байқауын өткізу барысында өңірлік даму картасы ел басшысына арнайы таныстырылған болатын. Картамен жұмыс істеу барысында Ұлттық палата сарапшылары инвестицияларды мақсатты түрде қайда салу керек  және осы және басқа да өңірлерде қандай бағытты дамыту керек,  оның потенциалын ашатын өңірлер бойынша негізгі көрсеткіштер негізін, құрылымын, адами капитал, қаржыландыру, өткізу нарығы және т.б. кәсіпкерлердің білуі маңызды деген шешімге келді

Жол картасының мемлекеттік органдарға пайдасы бар. Ол кәсіпкерлікті дамыту процесін жандандыру үшін Қазақстанда кәсіпкерліктің қарқынды дамуын не ұстап тұрғанын, қысқамерзімді және орта мерзімді келешекте қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсінуге көмектеседі,

Ол әкімдіктерге шетелдік инвесторларды тарту үшін де пайдалы. Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы базасында өңірлер арасындағы бағыттардың оңтайлы тізімі алынды, оларды іске асыру, бір жағынан, жекелеген өңірлер үшін экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл жобаның табыстылығының басты талаптарының бірі- Карта үнемі жанданып тұруы керек. Дәл осы міндет Ұлттық палата басшыларымен өңірлік палатаның алдына қойылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жобаларын дайындалып жатқан импортты алмастыру бағдарламасымен сәйкестендіру қажет.

Жол картасы тек өткізу нарығын, негізгі сұраныс нарығындағы серіктестіктерді іздеуде және инвестицияларды тарту үшін ғана мол мүмкіндік беріп қана қоймайды,  сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінің туристік потенциалының дамуына да мүмкіндік беретіні анық. Сонымен бірге халықаралық мамандандырылған Экспо-2017 көрмесін өткізуге дайындық есебі де бар.

"Атамекен" жол картасының жеті басымдылығы бағытын іске асыру- Қазақстанда кәсіпкерліктің потенциалын қысқа мерзімде арттыруға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтылғандар санын, еңбек өндірістігі мен көлемін арттырады және мемлекет басшысының еліміздің ІЖӨ-де шағын және орта бизнес үлесін 40 пайыз деңгейіне жеткізу тапсырмасын орындауға біртабан  жақындату.

Алексей Банцикин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу