"Барыс" қытайлықтарды да басып озғалы тұр

2112

Ол үшін "Барысқа" жоқ дегенде тағы бір екі ойын қатарынан жеңу керек.

"Барыс" қытайлықтарды да басып озғалы тұр Фото: youtube.com

Ал ондай іс астаналық клубтың қолынан келетініне ешкім де күмән келтіре қоймас. Өткен жолғы сырт айдында барлық ойындарын мықты өткізген Барыс тек осы қытайлық клуб Куньлунь командасынан ғана ұтылып қалған болатын. Алайда Барыс әлі есесін қайтаратынына сенімдіміз.

Оңың үстіне бізідікілер енді 4 ойынды қатарынан өз айдынында өткізеді. Ал "Барыс" өз жанкүйерлері алдында мықты ойын көрсетері сөзсіз. Плей-офф үшін талас күннен-күнге қиындап келеді. 8-орыннан төмен түспеу үшін "Барыстың" басты қарсыластарының да ойындарын еске алып отырған дұрыс шығар. Алдағы күндері біздің алдымызда тұрған "Куньлунь" мен бізді өкшелеп келе жатқан "Адмирал" өзара сынға түседі. Плей-офф жолында негізгі бәсекелесіміз – осы екі команда және 9, 10, 11-орындарда келе жатқан "Сибирь", "Автомобилист", "Нефтехимик" командаларының да әлі үміті үзілген жоқ.

Өткен жолы өз алаңымызда Челябінің "Тракторынан" ұтылып қалғанымыз аздап ұят боп қалды демесек, негізінде Барыстың аяқ алысы жаман емес. Олай дейтініміз астаналық клубтың өз мұз айдынында ойнамағанына да біраз уақыт болыпты. Дегенмен осы жеңілістен соң біздің жігіттер естерін бір жиып алып, Магнитогорскіден келген "Металлургтің" тас талқанын шығарды. "Металлург" біздің шығыс конференцияның көшбасшысы екенін естеріңізге сала кетейік. Ол 90 ұпаймен 1-орында келеді. Астанаға тек үш ұпай олжалау үшін келгені түсінікті, бірақ оп-оңай беріле салатын "Барыс" емес екенін олар да жақсы біледі. Бұл ойынға Брэндон Боченский қатысқан жоқ, оның орнына капитан ретінде Найджел Доус шыққан болатын. Найджел кейінгі кездері өзіндік рекордтарымен көзге түсіп жүрген хоккейші. Бұл жолы да ол хет-трик жасағаны былай тұрсын, үш голды да бір кезеңде салып, рекорд жасап отыр. Оның соққан голдарынан кейін магнитогорлықтар қақпашысын алмастырғанымен Доус екі голкиперден де айласын асырып кетті. Осы жағынан келгенде Найджел Доус ҚХЛ-да 1-орында келеді. Бұл оның 8-ші хет-тригі.

Бір голды Никита Иванов салды. Алайда екінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері айдында үш ойыншымен ғана қалды. Осы сәтті Гагарин кубогының иегері "Металлург" екі рет ұтымды пайдаланып кетті.

Ал үшінші кезеңде есеп тіпті 4-3 болды. Осы кезде "Барыс-Аренаға" жиналған 5 мың 340 адамның қолдауымен астаналық клуб есепті еселеу үшін бар күш-жігерін жұмсады десек қателеспеспіз. Оның үстіне бірінші кезекте осы есепті ұстап тұру үшін қорғанысқа да көбірек көңіл бөлу керек болды. Әсіресе Константин Пушкарёвтің еңбегі зор. Ол магнитканың бірнеше мықты соққысына тосқауыл болып, екі голдан аман алып қалды. "Металлург" қанша тырысқанымен гол соға алмады. Ал біздің тағы бір мергеніміз Дастин Бойд соңғы секундтарда бір шайба дарытты. Алайда матч аяқталды деген ысқырық шалынып, ойын соңында бейнеқайталау арқылы шайбаның ысқырықтан бұрын кіргені анықталды. Осылайша Барыс КХЛ-дағы ең үздік команданы 5-3 есебімен жеңіп, жерге қаратты. Енді біздің команда турнир кестесінде 7-орынға нық орналасты. Енді тек алға шығуға ұмтыла беру керек, өйткені артымызда жол жоқ, тек 8-орын.

Келесі 4 ойын қатарынан Барыс өз айдынында ойнайды. Оның бірін, яғни 2016-жылдың соңғы матчын Омбының "Авангардымен" 28 желтоқсанда өткізеді.

Турнир кестесі:

1. Металлург Мг – 90 ұпай

2. Авангард – 87

3. Ак Барс – 85

4. Трактор – 75

5. Салават Юлаев – 72

6. Куньлунь РС – 64

7. Барыс – 62

8. Адмирал – 61

9. Сибирь – 57

10. Автомобилист – 56

11. Нефтехимик – 55

12. Лада – 49

13. Амур – 47

14. Югра – 46

15. Металлург Нк – 30

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу