"Бір терезенің" бағасы – 3,5 млн доллар

2392

Экспорт пен импорт бойынша "бір терезе" 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қызмет көрсете бастайды.

"Бір терезенің"  бағасы – 3,5 млн доллар

Осы күндері экспорттаушылар мен импорттаушылардың кедендік рәсімдерін барынша жеңілдету үшін "бір терезе" меxанизмін, яғни барлық рұқсат құжатын бір жерден алу мүмкіндігін жасау жұмысы атқарылып жатыр. Ол үшін ондаған министрлік пен мемлекеттік мекеме беретін құжаттар электронды жүйеге ауыстырылады.

Ал тауар экспортымен және импортымен айналысатын кәсіпкерлер ғаламтордағы жеке кабинеті арқылы кез-келген рұқсат қағазын ала алады.

"Бүгінгі таңда елімізде экспорт пен импорт бойынша 12 мемлекеттік органда рұқсат пен лицензия құжаттары беріледі. Аталған құжаттардың жалпы саны – 22. Осының барлығы автоматтандырылып, "бір терезе" қағидаты негізінде беріледі.

Басқаша айтқанда, кәсіпкер үйден шықпай-ақ, ғаламтор арқылы жеке кабинетіне кіріп, кез-келген рұқсат қағазын ала алады. Сөйтіп, уақытты барынша үнемдейді", – дейді Мемлекеттік кіріс комитетінің кедендік рәсімдеу бойынша сарапшысы Олжас Тұрлыбеков.

Ал осы іспен айналысатын ақпараттық теxнологиялар басқармасы басшысының орынбасары Евгений Брусенконың айтуынша, экспорттаушылар мен импорттаушыларға арналған "бір терезе" жобасының жалпы құны  3,5 млн долларды құрап отыр. "Бұл – біздің әріптесіміз Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясының есебі. Ол ақшаның барлығы бюджетке енгізілген", – дейді Е. Брусенко.

Мамандардың сөзіне қарағанда, экпорт пен импорт бойынша "бір терезе" қызметін келесі жылы шілденің 1-нен бастап іске қосу жоспарланып отыр. Артынан аталған ақпараттық жүйені бірте-бірте жетілдіру көзделген көрінеді.

Арман Асқаров

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу