"Дакар" жарысында қазақ жеңіл экипажы төртінші орында келеді

4438

Astana Motorsports жеңіл экипажы "Дакар" жарысының екінші кезеңінде 20 қарсыласын артта қалдырып, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.

"Дакар" жарысында қазақ жеңіл экипажы төртінші орында келеді

Астана уақытымен сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні "Дакар" жарысының екінші кезеңі аяқталды. Ол биыл Оңтүстік Америкада өткен еді. "Астана" президенттік клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, президенттік клубтың құрамына кірген еліміздің екі командасы да ралли-марафонның екінші кезеңін аяқтады. Жарыс қорытындысында, Артур Ардавичустың MAN TGS жүк машинасы тағы да жарыс көшбасшыларының ондығына кірді. Ал Денис Березовскийдің Toyota Land Cruiser – 200 жеңіл көлігі қарсыластарын артта қалдырып, өз класының жалпы есебінде бұрынғыша төртінші орынға ие болды.

Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын "Дакар" жарысының екінші кезеңінде жүк және жеңіл көліктер әртүрлі жолмен жүріп өтті. Қазақ экипажына мәреге жету оңай болған жоқ. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, екінші күнгі шаң мен батпақ біраз күшті қажет етті. "Біз жүк көліктерімен жарыстық. Алайда шамалыдан кейін навигациялық жолдар бітіп, көліктерге батпақпен жүруге тура келді. Соның салдарынан суымыз тез таусылып, терезелеріміз бірден кір бола бастады. Шамалы уақытқа тоқтап, су толтырып алуға тура келді", – дейді қазақ жеңіл экипажының штурманы Алексей Никижевтің баспасөз қызметі.

Жарысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай жағдайда көліктің радиаторы тез шаңға толып кетеді. Осының салдарынан қажетті салқындату жетпей қозғалтқыш тез қызып кетеді. Мұндай кезде алғашқы эшелонның жолы болады, өйткені олар біршама жақсы жағдайдағы жолдан өтіп кетеді. Ал қалғандары шұңқырға батады. Ал шұңқыр бірте-бірте тереңдей түседі. Көлік ағынының ортасында болған қазақ экипажы жеңіл көлік класындағы жалпы есепте өз позициясын жоғалтпады.

"Көліктердің көбісі моторын суыту үшін тоқтап жатты. Алайда біздің жолымыз болды. Мотор қыза бастағанда қасымызда тұрған бір үйді көрдік. Соның қасына тоқтап, бірнеше шелек су алып радиаторды шайдық. Соның арқасында қатардан қалмадық. Жарысты 60-ыншы болып бастадық та, мәреге 41-ші болып жеттік. Өз класымызда төртінші орынға ие болдық", – дейді Денис Березовскийдің қазақ экипажы президенттік клубының баспасөз қызметі.

Кейіннен жүк көліктерінің есебі шықты. Жүк көліктері раллийдің арнайы учаскесін жылдам жүріп өтті.

"Дакар" жарысына бірнеше рет қатысқан, тәжірибелі жүргізуші Артур Ардавичустың айтуынша, аргентиналық жарыстың алғашқы кезеңінде болған ыстық бұрын-соңды болмаған. "Күн қапырық. Көрермендер де, машиналар да қызған. Арнайы учаске 300 шақырымдай болды, бірақ та жылдам өту керек болғандықтан, жаныңдағы терезеге де қарай алмайсың. Жарыс басталған кезде басқышқа басқан аяғымды екінші бақылау бекетінен өткен кезде ғана сәл босаттым. Шұңқырлардан ұшып өттік. Алғашқы бақылау бекетіне біз екінші болып келдік. Осыдан кейін жылдамдыққа көп шектеу қойылды. Мен айыпұл санкциясына түскім келмеді, сондықтан жылдамдықты азайттым. 24 жерде жылдамдыққа шектеу қойылған. Егер бір рет ұсталсаң, 20 минутқа айыппұл салынады. Алтын уақытты жоғалқым келмеді", – дейді Артур Ардавичус.

Нәтижесінде "Астана" командасының капитаны дұрыс жолды таңдағаны белгілі болды. Олар жалпы турнирлік есепте 10-орынды, ал кезең бойынша 9-орынды иеленді. Егер кезеңнің статистикасына қарайтын болсақ, онда алғашқы он жүк машинасы араларына үш минуттан салып мәреге жеткен. Астана уақытымен сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні "Дакар" жарысына қатысушылар жарыстың үшінші кезеңінен өтеді. Бұл кезең жарыс керуенінің шаңын 4 мың метр биіктікке көтереді. Бұл жерде таулы жердің ауасына шыдау керек болады. Үшінші кезең Аргентина жеріндегі Сан-Мигель-де-Тукуман-Сан-Сальвадор-де-Жужуй бағытында өтеді. Көліктер 780 шақырым қашықтықты жүріп өтеді, оның 364 шақырымы арнайы учаскеден тұрады. Ал жүк көліктері 757 шақырымға жарысады, оның 199 шақырымы жылдамдыққа жүретін арнайы учаске.

Игорь Воротной, Астана

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу