"ҚазТрансОйл" табысы қысқарды

20313

2016 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 44,5 млрд теңге болды.

"ҚазТрансОйл" табысы қысқарды

"2016 жылы компанияның шоғырландырылған түсімі 207 млрд 107 млн теңге болып, 2015 жылдың көрсеткішінен 2,8%-ға төмен болды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 44 млрд 527,9 млн теңгені құрап, 2015 жылдың көрсеткішінен 0,4%-ға төмен", – деп мәлім етті компания өкілдері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылы "ҚазТрансОйл" компаниясының мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 56,575 млн тонна болып, 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,3%-ға төмен болған. 2016 жылы мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 43,130 млрд тонна (5,1%-ға аз) болған.

"ҚазТрансОйл" компаниясының жеке магистралды мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау мен ауыстырып тиеу көлемі 43,797 млн тонна. Компанияның жеке магистралды мұнай құбыры жүйесі бойынша жүк айналымы 35,635 млрд тонна болған.

2016 жылы "ҚазТрансОйл" компаниясының Қзақстанның мұнай өңдейтін зауыттарына тасымалдаған мұнайының көлемі 2015 жылғы 14,95 млн тоннаға қарағанда 14,8 млн тоннаға шамалы төмендеген. Негізінен 2016 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытына 4,666 млн тонна (2,1%-ға аз), Шымкент МӨЗ-ға 4,497 млн тонна (1,1% -ға көп), ПМХЗ-ға (Павлодар) 4,599 млн тонна (4,3%-ға аз), Ақтау битум зауытына 624 мың тонна (1,7 есе көп) мұнай жеткізілген.

2016 жылы Өзен – Атырау – Самара магистралды мұнай құбырының Атырау – Самара учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4,3%-ға, 15,024 млн тоннаға дейін азайған. Атасу – Алашаңқай мұнай құбырына мұнай ауыстырып тиеу көлемі 10 млн тонна (14,6%-ға аз) болған.

Былтыр "ҚазТрансОйл" компаниясының қуатын пайдаланып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 2,2 млн болған. "КТК-Қ" компаниясының магистралды мұнай құбыры жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 2016 жылы 3,023 млн-ға(8,8%-ға көп) жеткен. Қазақстан аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбырының учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7,6 млн болып, 2015 жылғы көрсеткіштен 9,8%-ға жоғары болды.

Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан – Маңғышлақ су тартқышы бойынша Волга суын беру көлемі есептік кезеңде 25,133 млн болған (0,5%-ға көп).

Сонымен бірге "ҚазТрансОйл" компаниясы 2016 жылы "Қазақстан-Қытай құбыр желісі" ЖШС-ның мұнай құбыр жүйесі бойынша 14,089 млн тонна мұнай жеткізген. Жүк айналымы 13,110 млрд тоннаны (16,3%-ға аз) құраған. "Мұнай Тас "СБҚК" АҚ мұнай құбырымен 4,6 млн мұнай тасымалданған. Ал жүк айналымы 1,843 млрд тоннаны құраған.

Batumi Terminals Limited бойынша мұнай және мұнай өнімін ауыстырып тиеу 3,377 млн болды.

"ҚазТрансОйл" компаниясы – мұнай тасымалдау құбыр желісімен қызмет көрсету нарығында табиғи монополия субъектісі. "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ құрамына кіреді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу