2017 жылы KEGOC АҚ-ға жаңартылатын энергия көздерінен келген шығын 435,1 млн теңгені құраған. Бұл туралы abctv.kz тілшісі қатысқан ұлттық электр желілерінің жүйелік операторының өткен жылды қорытындылаған есептік кездесуі барысында айтылды.
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен қолдау туралы заң талаптарына сәйкес 2017 жылы 605,6 миллиона киловатт-сағат көлемде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия шығарушы ұйымдар үшін электр энергиясын жеткізу жөнінде ақысыз қызмет көрсетілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес, ақысыз қызмет көрсетілген жағдайда компания қосалқы құн салығына салық төлеуге және табыстың салық салынатын корпоративтік табыс салығын (КТС) есептегенде есептеулерді азайтуға міндетті. Ал компанияның салық бойынша шығындары 435 млн теңгені құрайтынын айта кеткен жөн. Атап айтқанда 272 млн теңгесін – КТС және 163 млн теңгесін ҚҚС құрайды", – деп түсіндірді KEGOC АҚ басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев баяндама барысында.
Кейін abctv.kz-пен болған әңгімеде KEGOC компаниясының қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков есептік кезеңде ұлттық компанияның есеп айырысу орталығы (ЕАО) арқылы ЖЭК нысандарына олардың өндірген электр энергиясы үшін шамамен 15 млрд теңге төленгенін айтты. 2016 жылы "жасыл" электр энергетикасы нысандарының түрленуін қолдау үшін ЕАО-дан төленген қаражат 10 млрд теңгеден асқан. Орталықтың жұмысы электр энергиясын дәстүрлі өндірушілердің елімізде тұрғызылған ЖЭК-ті дамытуды субсидиялауға кететін қаражатын депозиттеу арқылы қолдау көріп отыр.
Сонымен қатар 2017 жылы жеті компания KEGOC желісі арқылы электр энергиясын жеткізуде үш айдан тоғыз айға дейінгі ұзақтықта уақытша 0,84-0,99 шамасындағы төмендетуші коэффицентті пайдаланған. Олардың қатарында Тараз металлургия зауыты, Теміртау электрметаллургиялық комбинаты, Tau-Ken Temir, ССТӨҰ, "Қазхром" сияқты тау-кен саласының ірі компаниялары бар.
Жүйелік оператор электр энергиясын тасымалдау бойынша өз қызметтеріне 328 млн теңгеге жеңілдік ұсынған. Әсіресе ССТӨҰ – 86 млн теңгеге, "Қазмырыш" 183 млн теңге көлемде дисконт алды деп көрсетілген есептік кездесуге қатысушыларға арналған ақпаратта.
Айта кетейік, жеңілдетілген коэффиценттерге қол жеткізуге өтінімдерді, әдетте, KEGOC, энергетика министрлігі және инвестиция және даму министрлігі бірлесе қарастырады. Содан кейін ол бойынша қорытынды табиғи монополияларды реттеу комитетіне бекітілуге беріледі.
Екібастұз 1-ГРЭС-і 11% (жалпы көлемдегі үлес. – Ред.), "Теміржолэнерго" – 7,5%, "Алматыэнергосбыт" – 5,4%, "Қазхром" - 4,9%, "ФСК ЕЭС" – 4,6%, "Қазмырыш" – 4,6%, "Қазфосфат" – 4%, "Шығысэнерготрейд" – 3,8%, Алматы электр станциясы – 3,4%, "Оңтүстік Жарық" – 2,8%-ға электр энергиясын тұтынып, 2017 жылы KEGOC-тың ең ірі тұтынушылары болды.
"Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметті пайдаланатын ең ірі 10 компанияның үлесі қызметтің жалпы көлемінен 52 пайызға жоғары", – деп нақтылады KEGOC басқармасының төрағасы өз баяндамасында.
Жоғалтулар қалыпқа сай
Айта кету керек, 2017 жылы KEGOC-тың жылдық көрсеткішінде технологиялық талаптарды бұзу саны күрт өскен.
"52 технологиялық талапты бұзу болғаны есепке алынған, екінші дәрежелі істен шығу, авариялар және бірінші дәрежелі істен шығу болған жоқ. 2016 жылы 41 технологиялық талаптардың бұзылуы болғандығы тіркелді, бұлар – екінші дәрежелі істен шығу, ал авариялар және бірінші дәрежелі істен шығу тағы да болған жоқ. 2016 жылмен салыстырғанда технологиялық талапты бұзудың жалпы саны 26,8 пайызға өскен. 2017 жылы электр энергиясының жалпы жетіспеушілігі 335 пайызға өсіп, 2016 жылғы 56,7 мың кВт-сағат көрсеткішке қарағанда 246,7 мың кВт-сағат болды. Бұл технологиялық талапты бұзудың жалпы санымен, сондай-ақ табиғи апаттар салдарынан технологиялық талаптардың бұзылу санының өсуімен байланысты", – деп көрсетті Бақытжан Қажиев баяндама.
Бұнымен қоса, электр энергиясын тұтыну көлемінің артуынан жүйелік оператордың желілердегі шығындары көбейген.
"Желілердегі жоғалтулардың артуына тұтыну көлемінің өсуі себеп болып отыр. Жоғалтулар негізінен жүктемелік шығындарға байланысты болады – бұл негізінен 70 пайыз, ал қалғаны 20-25 пайыз тәжге (электр энергиясын беру кезінде тәждік разрядтың туындауынан электр энергиясын жоғалту) кеткен жоғалтулар. Бұл көптеген факторларға – атап айтқанда табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болады. Егер бізде жүктеме өссе, онда жүктемеден пайда болатын шығындар артып, салыстырмалы түрде жоғалтулардың үлесі де көбейеді. Сонымен бірге "Солтүстік-Оңтүстік" үшінші транзитті салғаннан кейін желідегі шығындар артады деп болжап отырмыз. Біз солтүстіктегі энергия көздерінен өте алыс жерлерге электр энергиясын жеткіземіз, еліміздегі көптеген станция солтүстікте орналасқан. Ал біз электр энергиясын Қазақстанның оңтүстігіне береміз, осыдан барып желілерде үлкен жоғалтулар пайда болады. Бұған қоса, әрине, "Солтүстік-Оңтүстік" транзитінің бірінші учаскесін қолданысқа енгізу де әсер етті. Оны қолданысқа енгіздік, ол жұмыс істеп тұр. Сондықтан осыған сәйкес, жоғалтулар да көбейеді", – деп түсіндірді Бақытжан Қажиев есептік кездесу барысында abctv.kz-тың сұрағына берген жауабында.
2017 жылы технологиялық шығыс деңгейі 6,2%-ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6,1%-ға жоғары. Бұл оңтайлы нормативтерге сай деп түсіндірді желілік компания.
KEGOC-ты бизнес-трансформациялауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу қанша қаражат жұмсалды деген abctv.kz-тың сұрағына түсініктеме берген KEGOC компаниясының қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков бағдарламалық қамтамасыз ету SAP компаниясымен стратегиялық келісімге сәйкес "Самұрық-Қазына" қорымен сатып алынғанын айтты.
"Тап қазіргі уақытта компания барлық дайындық рәсімін, бизнес-процестерді жүргізіп қойды. Барлық жобалық шешімдер дайындалып, қазір тікелей автоматтандыруға кірісіп жатырмыз. Жылдың соңына дейін бірінші кезеңді аяқтап, ал екінші кезеңді келесі жылы қолға аламыз деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде барлық бизнес-процестер автоматтандырылатын болады. Бұл жерде жобаның құны сөз болып отыр. Бес жыл ішінде жалпы шығын шамамен 5,7 млрд теңге болады деп отырмыз, бірақ мұның ішіне техникалық қолдау, лицензия – барлығы кіреді. Бұл жобаны сервистік модель бойынша атқарамыз, яғни бұл жоба үшін жабдық сатып алмаймыз, қандай да бір капиталдық шығын шықпайды, барлығы жалға алынады", – деп түсіндірді Айбек Ботабеков.
"Бұл жерде көрсетілген соманың өзі үлкен сияқты болып көрінеді. Бірақ та автоматтандырудың арқасында адамдардың көбісі компанияның жұмысына сараптама жасау мен жақсарту, оның ішінде тұтынушылармен өзара іс-әрекетті сараптау, жабдықтардың апат қаупін төмендету үшін сараптамалық операцияны орындаудан босатылады", – деп атап кетті ол.
Қазір компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 3,9 мыңға жеткен. Айбек Ботабековтың айтуынша, автоматтандырылған процестерді енгізгеннен кейін KEGOC-та оңтайландыру жүргізіледі де, қызметкерлер жаңа бизнес-процестерде жұмыс істеуге үйретіледі.
Елді біріктіру
Қостанай және Павлодар облыстарындағы "РЖД" нысандарын энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін "Энергияпромсбыт" компаниясы өкілінің елдің батысы мен орталығын магистралды электр желілерімен байланыстыру жоспарланып жатыр ма деген сауалына жауап берген Бақытжан Қажиев Батыс Қазақстанды нығайту және оны Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесімен біріктіру жөнінде ұсыныс енгізуге мемлекет басшысынан хаттамалық тапсырма болғанын атап кетті.
"Осыған байланысты алдын-ала ТЭН әзірледік, былайша айтқанда, зерттемелерді қарастырдық. Биыл Батыс Қазақстанды нығайту бойынша ТЭН әзірлейміз және аталған өңірді нығайтуға кірісеміз. Бірақ та Батыс Қазақтанды бірыңғай энергожүйемен біріктірудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Біріншіден, бүгінгі күні бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Неге? Өйткені бұл желі бойынша ағын болмайды, бұл өте алысқа тартылған желілер, сондықтан олар өзін ақтамайды. Батыс Қазақстан ішінде олар өзінің орнын толтырып жатады. Ол жақта тек Ресеймен арада электр энергиясының кешкі уақыттағы аздаған ауытқуларға байланысты қиындық бар", – деді KEGOC басқармасының төрағасы.
Ол алдын ала есептеулер аяқталғаннан кейін, одан әрі жұмыс істеу жоспарын белгілеуге болады деп отыр.
"Бірнеше нұсқа қарастырылды. Яғни Ақтөбе торабын біріктіріп, Улькаға дейін 500 кВт желі арқылы жеттік, оны Атырауға қарай біріктірдік. Бірақ бұл ештеңе бермейді, өйткені батыста түрлену артылмайды. Сондай-ақ Ақтөбе торабында да басы артық түрлену жоқ. Ақтөбедегі қазір туындап отырған шамалы тапшылық Қостанай облысынан солтүстік энергия көздері "Батыс транзит" өңіраралық транзит есебінен жабылады. Екінші жолы – бұл Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан арасына желі салу. Сонымен қатар әртүрлі жолдар – жаңа технологиялар, үнемі ток беретін желі қарастырылып жатыр. Келешекте бұл бізге газды түрлендіруді дамытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ол жақта ілеспе газ өте көп болады, сондықтан электр энергиясының маневрлық көздерін көптеп дамытуға болады деп ойлаймыз. Осы электр энергиясының маневрлық көздерін Қазақстандағы қарбаласты жабуға пайдалана аламыз деп ойлаймын", – деп түсіндірді Бақытжан Қажиев.
Нарық шығындары
"Сұрақ-жауап" сессиясы барысында энергиямен жабдықтайтын ұйым және "Көкшетау Энерго" АЭК-тың өкілі Динар Мұхамбетов соңғы кезде компанияда түнгі толтыра алмауда диспетчерлерді ауысымнан алу жиіліп кеткенін айтты.
"Түнгі толтыру алмау үшін алып тастайды, ал кешкі артылғанға тиіспейді. Бұған не себеп және егер мысалы ҮЭК-тен тікелей кесте бойынша жұмыс істейтін болсақ, мұны қалай реттеуге болады. Теңгерім үшін ұйым төлейді. Түнге келген диспетчерді алып тастайды да, келіспесе, емтиханды қайта тапсыруға жібереміз деп қорқытады. Сөйтіп екі-үш рет ауысымнан алып тастайды да, содан емтиханды қайта тапсыруға жібереді", – деді ол.
KEGOC бұл жағдайды теңгерімді ұйымдастыруға арналған шарт белгілі бір тәуліктік кестеде рұқсат етілген шамадан ауытқуды білдіреді деп түсіндірді. Алайда,шын мәнісінде, ауытқулар екі есе көп болады. Егер бұл магистральдық желілердегі апатты жағдайға әкелмесе, онда жүйелік оператордағылар аса мән бермеуге тырысады. Бірақ егер бұл шамадан тыс асып кетуге немесе ауытқуға әсер ететін болса, онда компания шара қолданады.
Жалпы Қазақстанда электр энергиясының артылуы пайда болып жатса, онда аздаған толымсыздық үшін "Қазақстан-Орал" транзиті артық жүктеледі. Ал бұл Ресей Федерациясының орталық бөлігі, Солтүстік Қазақстан бойынша, Орталық Азия мен Сібірді қоса алғанда тұрақтылықтың бұзылуына және бөлінуіне әкеледі де, соның салдарынан үлкен апатқа алып келеді. Алайда электр энергиясының белгілі параметрін алуды қамтамасыз етуге тиіс ЭҮК-тер мен энергиямен жабдықтайтын ұйымдар (ЭЖҰ) кейде оның сақталуына еш шара қолданбайды.
Мұндайда тек қызметкерлерге шара қолдану ғана қалады, ал олар белгілі шараны іске асыруға басшылықтың рұқсат етпейтін тапсырмасы бар екенін айтып ақталады.
Дей тұрғанмен, ЭҮК пен ЭЖҰ-лардың көп келісімшарттарына қарасақ, өздеріне электр энергиясын жеткізуші энергия өндіруші бірде-бір компания көп жағдайда қажет болып табылатын кесте бойынша жұмыс істеуге келіспейді, деп санайды жүйелік оператордағылар
"Тұтынушылар тарапынан туындаған сұранысты қанағаттандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бірақ сіздер де, жүйелік оператордың ең бірінші энергия жүйесінің тұрақтылығын қаматамасыз етуші екенін түсінуге тиіссіздер", – деді ол.
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, егер әрбір тұтынушы 20-30 немесе бірнеше рет тәуліктік тарифтен ауытқитын болса, онда энергия жүйесін тоқыратамыз. Қандай да бір шара қолдануға мәжбүрміз. Сондықтан электр энергиясынан ажыратып тастауға дейін барамыз. Егер қажет болса, жүйенің тұрақтылығын тиісті дәрежеде қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қолданатын боламыз. Сондықтан сіздерде бұл нарықтағы ойын ережесінің бәріне дұрыс қарауға тиіссіздер. Станция тарапынан сіздердің тұтынғыларыңыз келетін шаманы қабылдамай, тек тұтас тұтыну сияқты мәселенің бар екенін білеміз. Бірақ берілетін шаманың шегі, одан артық қолдануға болмайды", –деді KEGOC басшысы.
Бұл арада KEGOC-тың тұтынушылармен жасаған келісімшартының саны 2016 жылғы 544-тен 2017 жылы 592-ге өскенін атап кеткен жөн.
Жобаларды қаржыландыру
2018 жылы KEGOC "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" жобасын іске асыруды аяқтамақ. Компания 500 кВт Екібастұз-Шүлбі-Өскемен әуе жолын салудың алғашқы кезеңін 2016 жылдың соңында аяқтады. Сол кезде "Шүлбі-Ақтоғай-Талдықорған-Алма 500 кВт әуе жолын салу" шығыс транзитінің екінші кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
"Бұл жобаны 31 желтоқсанға дейін, күзгі-қысқы кезеңге дейін бітіруге тиіспіз. Себебі Қазақстанның оңтүстігінде өткізу қабілетіне қатысты проблема бар", – деді Айбек Ботабеков abctv.kz-пен болған әңгімеде.
2017 жылдың соңында KEGOC-тың кейінге қалдырылған салық міндеттемесін есептемегендегі несиелік борышы 185,2 млрд теңге болды. Осылайша, қарыз жүктемесі өткен жылдың басымен салыстырғанда 8%-ға немесе 15,6 млрд теңгеге азайған. Бұл орналастырылған облигациялардың 36,3 млрд теңге мөлшері бойынша қарызды мойындауға және қарыздың жартысын жабуға байланысты болды деп түсіндірді Бақытжан Қажиев.
Айбек Ботабековтың айтуынша, KEGOC-тың ЕБРР мен Бүкіләлемдік банктен алған қарызы теңгемен конвенсияланбайды, бірақ компания халықаралық қаржы институттардың алдындағы қарызын мерзімінен бұрын жабу арқылы құтылуға тырысып жатыр. KEGOC әзірге тегелік облигацияларды шығаруды жоспарлап отырған жоқ, олар нақты жобаларға ақша тартуды дұрыс деп есептейді. Қазір компанияның стратегиясы қайта қаралып жатыр. Оның нәтижесі бойынша 2030 жылға дейінгі жобалардың пулы белгіленеді деп түсіндірді ол.
"Әзірге облигациялар арқылы жұмыс істейміз, өйткені біздің рейтингіміз салыстырмалы, Қазақстан даму банкі тек делдал болды. Ақшаны тікелей нарықтан ала аламыз, егер ол болса. Қазір әдетте нарықта ақшаның табыла қалуы сирек. Ұзақмерзімге берілетін ақша жоқ, оны тірнектеп жинайсың. Ал бес жыл қысқамерзімге берілетін ақша бар. Қазір бізге келіп ұсыныс жасап жатқан банктер жетеді. Бірақ та бізге бұл тиімсіз. Өйткені құрылыстың өзін бес жыл салуымыз мүмкін. Құрылысты бітіре салып несие төлей алмаймыз. Ол ақылға сыйымсыз. Сондықтан бізге тек ұзақмерзімге берілетін ақша қажет", – деді ол abctv.kz-тың KEGOC жақына арда өз жобалары үшін облигациялар шығарады ма әлде ҚДБ-дан ақша тартады ма деген сұрағына берген жауабында.
Қанат Махамбет