Халықаралық ұйымдардың беделі мен ықпалы туралы әңгіме соңғы жылдары жиірек айтыла бастады. Бұрын жаһандық тұрақтылықтың тірегі ретінде қарастырылған институттар бүгінде күмән мен сынның нысанына айналып отыр. Соңғы оқиғалар бұл үрдістің кездейсоқ емес, жүйелі сипат алып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айналасындағы жағдай соның айқын дәлелі. 1 жыл бұрын қатардан шығуға ниет білдірген Аргентина ақыры бұл ұйымнан ресми түрде шықты. Ал бұған дейін осындай қадамды АҚШ та қарастырған болатын. Бұл тек денсаулық сақтау саласындағы мәселе емес, бұл – мемлекеттердің халықаралық институттарға деген сенімінің әлсіреуінің көрінісі.