Трамптың дипломатиясы, Тегеранның демонстрациясы

Оқ-дәрінің иісі аңқыған аймақтан дипломатияның даусы естіле бастады. «Иран бізге қажет нәрсенің барлығына дерлік келісті». Трамптың осы бір ғана сөйлемі әлемдік мұнай нарығын қозғап, биржаларды селт еткізді. Ал сарапшыларды жаңа геосаяси дәуірдің басталуы туралы айтуға мәжбүрледі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары болса, Вашингтон мен Тегеран арасындағы бітім мен келіссөздерді қайтадан қарқынды түрде жаза бастады. Трамп осылайша тағы да дипломатияның жеңісін сипаттап, АҚШ-тың үстемдігін айқындағысы келгендей. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу