Бұл вирус әрбір ұлттың, әрбір мемлекеттің түптеп келгенде өзінен басқа сенер ешкімі жоқ екенін көрсетті. Қарасаңыз қазір барлығы шекарасын жауып, ішкі тәртіпті қадағалап, індетпен тоқтаусыз күрес үстінде. Тап осындайда әр қоғамның, әр елдің алдында үлкен сынақ туады. Мемлекеттік өміршеңдігі, биліктің біліктілігі, халықтың төзімділігі мен парасаттылығы айқын көрінеді, шыңдалады. Әзірге қазақстандықтар бұл сынақтан абыройлы өтіп келе жатыр. Иә, қателіктер жоқ емес. Дегенмен, одақтас елдер арасында вируспен күрестегі біздің әрекеттеріміз ең жақсы нәтиже беруде екен. Оны арнайы зерттеген сарапшылар аңғарып, өзге елдерге үлгі етіп отыр.