Қазақстан ОПЕК+ ұйымында қала береді. Сондықтан ұйым аясындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырады, - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі. Қазақстанның OPEC+ ұйымынан шықпайтыны туралы мәлімдеме жай ғана дипломатиялық позиция емес, бұл елдің қазіргі геоэкономикалық жағдайда қандай стратегия ұстанып отырғанының айқын көрінісі. Энергетика министрлігі альянстағы статус қайта қаралмайтынын ашық айтты. Демек, Қазақстан қысқа мерзімді пайдадан гөрі, ұзақ мерзімді тұрақтылықты таңдағанын көрсетіп отыр.