Путин КСРО мен патшалық Ресейдің сыртта қалған мүліктерін қайтармақ

Ресей президенті 18-ші қаңтарда тосыннан бір жаңа Жарлыққа қол қойды. Жарлық нормативтік актілердің ресми порталында жарияланды. Өзінің қол қойған құжатында Владимир Путин Ресейдің және Ресей империясы мен КСРО-ның шет елдердегі мүліктерін іздестіруді субсидиялауға тапсырма берген. Тапсырманы орындау үшін қаржы «Госзагрансобственность» деген ведомствоға бөлінеді. Мұнда мүліктерді табу, тіркеу және қорғауға негіз болатын заңнаманы жасау да көзделген. Бұл жерде әңгіме шеттегі қаражат жайлы емес, Орталық банктің шет елдердің шоттарындағы бұғатталған 300 миллиард долларын қайтара алмауы мүмкін. Одан күдер үзсе де болады. Жаңа жарлықта айтылып отырған мүлік дегенге Ресейдің, Ресей империясының және КСРО-ның сыртта қалған жерлері мен жылжымайтын мүліктері жатқызылған. Шындығына келгенде бұл өте қауіпті Жарлық. Алыс шет елдерден бұрын бұл Ресейдің біз сияқты көршілері үшін қауіпті

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу