Табиғат мінезі қазақ, қытай, қырғыз, өзбектің үрейін ұшырды

Табиғаттың мінезі Қазақстан халқын бір шошытты. Қазақстан ғана емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан халықтары да жандарын шүберекке түйіп қалды. 
Елдің бәрі шаңырақтарында отырып, ұйқыға жатар сәттегі апақ-сапақтың кезінде болған жер сілкінісі Алматы қаласының тұрғындарын бықпырт тигендей етіп көшеге айдап шықты. Түнде көше толы адам, жол толы көлік қаптады. Қала ішінде сеңдей соғылысқан адам мен көлікте есеп жоқ. Жан алқымға келгенде екінші, үшінші қабаттан секіріп кеткендер де болды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу