Ағза трансплантациясы – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін медицинаның маңызды бағыты. Алайда донор тапшылығы бұл саладағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Арнайы репортажда ағза доноры болудың маңызы, трансплантацияға мұқтаж науқастардың тағдыры және донорлыққа қатысты қоғамдағы көзқарас сөз болады.
Репортаж барысында дәрігерлер мен трансплантологтар ағза алу және трансплантациялау үдерісін түсіндіріп, донорлыққа қойылатын талаптар туралы айтып береді. Сонымен қатар ағза донорлығының адам өмірін сақтаудағы рөлі мен осы бағыттағы негізгі мәселелер сараланады.