Сериал түсіріліп жатқан кезде камера сыртында қандай қызықтар болды? Кейіпкерлерді сомдаған актерлер рөлге қалай дайындалды? Костюмдер қалай таңдалды? Режиссер мен шығармашылық топ қандай идеяны жеткізгісі келді?
Бұл жолы «ӨРНЕК» сериалының экран сыртындағы өміріне үңілеміз.
Арнайы репортажда сериалдың түсірілім барысы, шығармашылық топтың жұмысы және басты рөлдерді сомдаған Ерлан Малаев, Алтынай Нөгербек, Жанар Дұғалова, Томирис Темірхан сынды актерлердің пікірі ұсынылады.
«ӨРНЕК» — экрандағы оқиғадан бөлек, оның артында тұрған адамдардың еңбегі мен шығармашылық ізденісі туралы.